Мазмұнға өту
lg_with_aman

Амангелді Мұхамеджан

@lg_with_aman

Сайтта 2016 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Тәуелсіз елдің ұланы

рейтинг

99

жазбалар

30

пікірлер

14

тіркелуші

38

жазылымдар

5

NINETY ONE тобы әлемдік шоу-бизге қадам басты

Пайда болғанына көп бола қоймаған Қазақстандық Q-pop бағыты әлемдік аренаны бағындыруда. Аталмыш бағыттың негізін қалаушылар – еліміздің әйгілі Ninety One тобы алғашқы қадамын Оңтүстік Кореяны бағындыру арқылы жасады. Желтоқсан айының 24- жұлдызында Алматылық «Alamaty Arena» спорттық кешенінде өткен жеке концерттерінде тұсауы кесілген «Ah! Yah! Mah!» атты тың туынды, YouTube желісіне жүктелгеннен кейін 4 күннің ішінде 1 миллионнан астам қаралым жинап, Қазақстанның «Ең танымал» бейнелерінің қатарына енді. Өткен жылды осындай табыспен аяқтаған «Тәуелсіз өнердің тасушылары» K-pop субмәдениетінің орталығы – Оңтүстік Кореяға аттанды. Жігіттер Сеулдің көбіне жастар шоғырланған, танымал аудандарының бірі – Хоңдеде өнер көрсетті. Кореялық тыңдармандар Қазақстандық бойзбендтің өнеріне тәнті болып,…

3
2
2564

Ендігі мәселе: қабылданатын әліпби қандай болмақ?

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшетіндігін, ал 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек екендігін нақты айтты. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Сондықтан халық арасында әлі де жүрген «Латынға көшу қажет пе?» деген мәселе күн тәртібінен алынып тасталу қажет. Ендігі мәселе: қабылданатын әліпби қандай болмақ? Негізі қазақ тілінде бар-жоғы 28 дыбыс бар, алайда әліпбиіміз 42 әріптен құралған. Оның себебі XX ғасырдың 30 жылдары тілімізге орыс тілінен в, ё, и, ф, х, ц, ч, ъ, ь,…

3
5
3028

Ninety One кезекті бомбасын жарды!

Сәлем, Сәлем, Сәлееем! Қалдарыңыз қалай? Менде керемет! Себебін айтайын ба? Себебі Ninety One тобы жаңа бейнебаян түсірді!!! Қарыл, естимісің, жаңа бейнебаян, 3 айда - 3 бейнебаян!!! Кезекті бейнебаян «Баяу» атты әнге таспаланыпты. Ал енді клипті талдауға кірісейін. Алдын ала бұл тек менің субъективті, яғни өзім түсінген, мүмкін ақиқатпен сәйкес келмейтін пікірім. Дулат айтқандай 2-альбомдағы әндерді әр адам әр түрлі қабылдайды, сондықтан бұл тек менің әнді қабылдауым. Бүгін таң атпастан демей-ақ қояйын, сағат 8:00 тұрып алдым да қос көзім төрт болып теледидардың алдында отырдым. НТК арнасының Instagram'дағы ресми парақшасында келтірілген мәлімет бойынша клипті сағат 8:20 мен 9:00 аралығында көрсетуі қажет еді, клип тура 8:20 басталды. Сөйтті де Амангелді 4 минуттық трансқа кетті... Ырғақ…

1
0
1917

Релиз видеоклипа NINETY ONE — «Қалай қарайсың?»

Вышел долгожданный клип самой популярной группы Казахстана Ninety One к песне «Қалай қарайсың?», которая была выбрана саундтреком к фильму «Glaмұр для дур» Аскара Узабаева. Фанаты группы Ninety One, то есть EagleZ ждали клип любимой группы, обещанный на 1 декабря, аж 12 дней. За первые два часа клип уже набрал около 60 000 просмотров и 1500 комментариев. Некоторым клип понравился, а некоторые заявили, что ожидали большего. Но несмотря на это в чарте "TOP 10" канала Gakku TV данный клип всего за 5 часов поднялся с 50-го места на первое. Данный факт доказывает популярность группы не только среди её фанатов, но и всех слушателей музыкального канала, высоко оценивших творчество группы Ninety One. Напомним, что премьера фильма «Glamұr для дур» прошла 1 декабря этого года во всех кинотеатрах Ка…

Түркістан шаһары түркі әлемінің мәдени астанасы атанды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласы 2017 жылғы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деген атқа ие болды деп хабарлайды "АПА" жаңалықтар порталы. Бұл жайлы Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің XXXIV отырысында жарияланды. Алқалы жиынға Түркі кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы мен Халықаралық Түркі Академиясының өкілдері қатысты. Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің экс-депутаты – Кемал Челик: Түркістанды білмейтін түрік кем де кем. Өйткені біз Қазақстанды атажұртымыз, ал Түркістан қаласын барлық түркі халықтарының мәдени және рухани орталығы ретінде ерекше қастерлейміз. Тарихи шаһарды ТҮРКСОЙ түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялады. Бұл жаңалыққа шын жүрегіммен қуанғанымды жасырмаймын. Себебі мұ…

1
0
3080

Qazaqstan ба, әлде Kazakhstan ба?

Әуелі Q-елі, кейін Q-pop, енді Qazkom. Бұл құлдық санадан айырыла бастағанымыздың белгісі ме, әлде казахым қазақ екендігін есіне түсіргені ме? Не болса да мен бұл бастаманы қос қолдап қолдаймын, себебі латын әліпбиінің «k» әрібінің бірден кириллицаның «к» және «қ» әріптеріне сәйкес келуі – дұрыс емес деп есептеймін. «Себебі не бұл сырдың?» десеңіз, қазақ тілін оқыңыз. Қазақ тілінің грамматикасы бойынша «қ» әрібі – шұғыл, қатаң, көмей дауыссыз, ал «к» – шұғыл, қатаң, тіл алды дауыссыз болып табылады. Бұл екі әріптің әр түрлі екендігін дәлелдейді, сондықтан бұл әріптер жеке-жеке транслитерациялануы қажет. Енді «Ол әріптерді қалай транслитерациялаймыз» деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап іздеу үшін тарихқа үңілсек. 1929 және 1940 жылдар аралығында қазақ тілінің әліпбиі ретінде Қазақ ССР…

5
2
720

Ninety One тобының мүшесі – Батырхан Маликовтың (ALEM) анасымен эксклюзивті сұхбат

Барлықтарыңызға сәлем! Сіздермен бірге Амангелді! Бүгінгі блог бір жыл ішінде мыңдаған жанкүйер тыңдарман жинап үлгерген аты шулы «Ninety One» тобына арналмақ. Нақтырақ айтқанда 91 тобының вокалисті, топтың үлкені – ALEM-нің, яғни Батырхан Маликовтың анасы – Сұлукүл Абрамановамен жүргізген сұхбатыммен бөліскелі отырмын. Сұхбатқа себепші болған топ мүшесі Даниярдың анасы - Әлия Назарғалиқызы Қадір. Естеріңізде болса, мен Әлия апаймен де сұхбат жүргізгенмін. Ең алдымен жалпы өзіңіз бен отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз: Отбасымызда жеті адамбыз: əкесі - Абай Маликов, анасы - Сұлукүл Абраманова, ағасы Бақытжан, қарындасы Гулафия, келінім Балауса мен Əди есімді немерем бар. Əкеміз мал дəрігері, өзім Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында тексеруші болып жұ…

10
2
11300

Қазақстан халқы сәләфизм ағымына заңмен тыйым салынғанын қолдайды

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан халқы сәләфизмнің тарауына заңмен тыйым салмай-ақ, зайырлы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, жол бермеуге әрекет жасайды деген сенімін білдірді. «Бұл таңдауды Қазақстанның әрбір азаматы қолдауы тиіс. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады. Сәләфиттердің барлығы ашық айтпаса да қатаң діни қағидаларға құрылған мемлекетті қоғамдық құрылыстың идеалды жүйесі деп есептейді. Осыған байланысты еліміз үшін салафизмді мүлдем жат, теріс ағым деп санаймыз», – деді министр Нұрлан Ермекбаев. Szh.kz сайтында жүргізілген «Сәләфизм ағымына заңмен тыйым салынғанын қолдайсыз ба?» деген сауалнама нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысқан 40 000-ға жуық ғаламтор қолданушыларының 75% сәләфизмге тыйым…

1
0
866

«Отандасыңды оқы!» жобасының аясындағы рецензиялар байқауы

Алматы Ашық Әдеби Мекебі (ААӘМ) мен «Полифония» әдеби фестивалі Алматы қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Отандасыңды оқы!» жобасының аясында рецензиялар* байқауын жариялайды. Байқау ережелері: 1. Байқауға 300-ден 1000 сөзге дейінгі көлемде, қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған рецензиялар мен пікірлер қабылданады. 2. Рецензиялар мен пікірлер қазақстандық автордың кітабына не туындысына жазылуы тиіс. 3. Байқауда 1991-2016 жж. жазылған кітаптарға, яғни заманауи әдебиеттерге басымдылық беріледі. Бағыт ретінде Bookmate электронды кітапханасындағы «Отандасыңды оқы!» кітаптар сөресіне енген кітаптарды алуға болады. Алайда қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларына жаңа көзқарасыңызды білдіргіңіз келсе, шек қойылмайды. Жариялау шарттары: 1. Рецензияны 2016 жылдың 25 қарашасына д…

1
2
952

«91» тобы жайлы шулап болдық па?

«Ninety One» тобының өнерін қолдайтын мәдениет және қоғам қайраткерлерінің саны күннен күнге артуда. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген халық әртістері – Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, RinGo, Renzo және Ayumi топтарының продюсері – Алуа Қонарова, KeшYou, Алау топтарның продюсері – Баян Мақсатқызы бар. Жақында белгілі режиссер, комедия актері, шоумен және сценарист Нұртас Адамбай да топты қолдайтынғын айтты. Жігіттерді қолдаушылардың қатарында белгілі жүргізуші, журналистер де аз емес. Мысалы, «Хабар» арнасының журналисті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті "Менеджмент жəне маркетинг" кафедрасының оқытушысы – Дəулет Төлеутайұлы өзінің Instagram парақшасында Ninety One тобы жайлы жүргізген журналистік зерттеу барысында бұл топты айыптайтындарды түсінбегендігімен бөл…

5
1
2153