Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ағылшын тілін қалай өз бетінше үйренуге болады? Менің жеке тәжірибем мен тіл мамандарының кеңесі

Ағылшын тілін қалай өз бетінше үйренуге болады?

Интернетте ағылшын тілін үйренуге арналған пайдасы мол, тамаша блогтар, видеоблогтар және статьялар өте көп, тіпті жетіп артылады. Бірақ оларды іздеген адамдар барлығын бірдей жеңіл тауып алып, оқи бермейді деп ойлаймын. Сондықтан соларды іздеген кезде табуды жеңілдету үшін және өзімнің ағылшын тілің үйренудегі тәжірибелерімді сіздермен бөлісу үшін, осы блогты жазбақшы болдым. Әрине мен шет тілін үйрету бойынша маман(expert) емеспің, менде сіздер сияқты үйренушілердің қатарындамын, сонда да білетін деркөздерім (источник, source) мен үйрену тәсілдерін үйренушілермен бөліскім келді.

Негізінен ағылшын тілін (English), жалпы шет тілің өз бетінше үйрену (Self study) оңай жұмыс емес. Ол көп уақыт, күш пен ынта-жігерді қажет етеді екен. Тіл мамандарының айтуынша, шет тілің үйренудің тиімді әдісі - тек кітап, аудио, видеоматериалдарды қолданып үйреніп ғана қоймай, тұрақты түрде оқытушылармен сұрақ-жауап алмасып, сол тілді ана тілі ретінде сөйлейтің адаммен (native speaker) сөйлесіп, яғни үздіксіз жаттығып жүру мен сол тілді жиі қолданып отыру дейді. Дей тұрғанмен егер үйренушінің интернетке қосылған компьютері мен жазуға арналған дәптері және қызығушылығы мен талабы бар болса, онда кез келген шет тілің үйренуге болады екен. Олай өз бетінше үйренген адамдар да аз емес. Солардың бір мысалы ретінде түзету мекемесінде отырып, ағылшын тілін жетік үйреніп шыққан Николай Александрович Морозовты айтуға болады.

Менің ойымша:

Ең бірінші, үйренуші сол ағылшын тілінің өзіне қажеттігін түсіну керек сияқты. Ол үшін ағылшын тілі бізге не үшін керек? Үйренсем қандай пайдасы болады? Үйренгеннің несі жақсы? деген сияқты сұрақтарға өзімізге өзіміз жауап берсек, ағылшын тілінін қажеттігін түсінетін болап едік.

Екінші, бізде оған деген  қызығушылық болуы қажет. Мысалы, "егер ағылшын тілің жақсы үйреніп алсам, ағылшын тілді адамдар мен еркін сөйлесе аламын, халықаралық компанияларда жұмыс істей аламын, шет елдерге саяхат жасағанда тіл жағынан қиындық болмайды, Голливудтың (Hollywood) киноларын өз тілінде көріп, қанша батыс Европа, Америка сияқты елдердің жазушыларының кітаптарын өз тілінде оқи аламын" деген сияқты қатты қызығушулық болып, ағылшын тілің үйренуді қалау керек.

Сонымен қатар үйренудің алғашқы кезеңінде, алдымен сөйлеп үйренген жөн. Яғни бізге таныс емес сөздерді айтып, ауызымыздың бұлшық еттерің сол дыбыстара үйретуіміз керек. Сонда ғана ол сөздерге біз жат сияқты көрінбей, еш қиындықсыз айта беретін боламыз. Ия, басында ағылшынша сөздердің оқылуы кішкене қиын көрінуі мүмкін. Өйткені көбінесе олардың жазылуы мен оқылуы басқаша болып келеді. Және көп адамдар ағылшынша оқып, түсіне алғанымен, сөйлеуге келгенде қиналады. "Дұрыс емес айтып қоямын ба" деп кішкене ұялуы да мүмкін. Сондықтан осы қиындықтарды женіп, алдымен сөйлеуді үйреніп алсаңыз, одан кейін ағылшынша мәтіндерді оқып, әңгімелерді тыңдап түсінуді оңай-ақ  меңгеріп аласыз.

Интернетте ағылшын тілін үйренуге арналған материалдар өте көп және олардығ көбісі тегін. Солардың бірнешеуін тізіп шығайын.

1) Ағылшынша кітаптарды alleng.ru сайтынан тегін жүктеп (скачать, download) алуларыңызға болады. Мысалы мен New Headway деген кітапті жүктеп алып, принтерден басып шығардым да сол кітаппен үйрендім. Кітапқа қосымша аудио, видеоларды да жүктеп, коипьютеріме көшіріп алып, соларды оқу кезіңде бірге пайдаландым. Толығырақ айтсам, кітаптың CD-дискісіндегі аудиоматериалды тыңдап, қайталап айттып жаттықтым. Қайталап айтқанда сол аудионы оқыған кісінің даусына ұқсатуға тырыстым. Тіпті сол айтқандарымды аудиоға жазып, қанлалықты ұқсатып айтып жатырмын деп тыңдап та көрдім. Осылайша ағылшынша сөйлеуді үйрене бастадым. Ағылшынша сөздер бізге жат сөздер болғандықтан, бізге аларды қайталап айтып, ауызымыздың бұлшық еттерің жаттықтыруымыз керек. Қарапайым тілмен айтқанда, тілімізді сындыруымыз керек. Жоғарыда айтқан тәсіл осы жаттықтыру үшін өте пайдалы екен. Ал видеоны кітаптың әр бөлімін (Unit) бітірген соң, көріп отырып, ағылшындардың өмірімен кішкене болса да танысып, үйреніп жатқандарымыз күнделікті өмірде қалай қолданатынын көріп отырдым.

2) www.youtube.com сайтындағы English for you видеосабағы да тамаша сабақтардың бірі. Үйренушілердің деңгейіне қарай Beginner, Elementary және Intermediate болып үш деңгейге бөлініп дайындалған екен, мен барлығын да көріп шықтым. Сабақты тыңдау кезінде білмеген жаңа сөздерім мен өзіме ұнаған және қажет болады-ау деген сөйлемдерді жазып, жаттап отырдым.

3) Mind your language қызықты комедиялық теле-шоуы. Оны http://www.dailymotion.com сайтынанан көрулерінізге болады. Ия, көп адамдарға қызықсыз граматиканы оқығанға қарағанда осындай видеолар көріп тамашалап отырып үйренген әлдеқайда тиімдірек және жеңілірек болады. Бұл видеолар қызық және оны көріп отырып, күлу арқылы жүйкенізді де демалдырасыз. Жұмыс, оқу және күнделікті күйбең тіршіліктерден жиналған стресстерді де тарқатып аласыз. Бір оқпен екі қоян ату емес пе? :)

4) Сондай-ақ, мен Аманжолдың youtubeқа салған видеосын көріп, кеңестерін тыңдап, өзіміме керектілерін алғанмын. Ол видеодан кейін ағылшын тілін үйренуге деген көзқарасып кішкене өзгеріп, үйренуге деген құлшынысым да одан әрі арта түскен еді. Сіздерге де уақыттарығызды бөліп, бір рет тындап шығуларыңызға кеңес беремін.

Сол видеодан үйренгендерімді қысқаша айтатын болсам:

(1) Ол: "ағылшын тілін үйренген кезде, жалпы шет тілін үйренген кезде өзіне қызықты материалдармен үйренген дұрыс. Өзіне ұнайтын тақырыпқа байланысты видеоларды көріп немесе блог, статьяларды оқыған пайдалырақ. Зерікпейсіз, керісінше қызығып, екіншісін көргініз келеді..."- дейді.

(2) "Бір тілде еркін сөйлей үшін, оған көп уақыт жұмсау керек. Яғни, күніне кемінде 4-5 сағатынызды ағылшын тілін үйренуге арнауыңыз қажет. Мейлі әр тірлі тақырыптардағы видеолар мен киноларды көру немесе әндерді тыңдау болсын, мейлі кітап, статья, блог сияқты тексттік материалдарды оқу болсын, күн сайын үзбей жаттығып немесе күн сайын уақытығызды бөліп отыруыңыз қажет"- дейді.

Міне осылай өзімнің ағылшын тілің үйренудегі тәжірибемді қысқаша жазсам шықтым. Жалпы әр адамның қабілеті мен тілге бейімділігі әр түрлі болғандықтан, шет тілін үйрену әр адамға әр түрлі жолдармен келеді. Әр адам әр түрлі материалдарды, атап өтсем кітап, аудио, видеоматериалдар, қосымшалар (приложения, Application) пайдаланып, әр түрлі әдістермен үйренуі мүмкін. Мен сіздерге осылай міндетті түрде жасау керек, осы ең жақсы жолы екен деп айтқым келеді емес. Мен де үйренудің бір жолын ұсынып отырмын. Осы жолмен оқып көріңіз, болмаса басқа жолымен қарап көресіздер, өзіңе ыңғайлысың тапқанша әр қайсысың қарап көруініз де мүмкін. Бірақ жиі ауыстыра берген де жақсы емес. Кішкене шыдамдылық таныта біліп, біраз еңбектеніп, бір жолмен кішкене ұзаұтау үйпеніп көріңіз. Өйткені оқу инемен құдық қазғандай. :)

Жақсы, іске сәт достар! Қазіргі сәтте әлемдегі ең қажетті, көп жерлерде қолданылатын халақаралық тілдердің бірі ағылшын тілің меңгеріп, интернет желісі мен әлемнің елдің үлкен кітапхаларда жатқан сан жетпейтін ақпараттапға қол жеткізулеріңізге, шет елге еш қиындықсыз оқу, жұмыс пен саяхатқа аттануларыңызға тілектеспін.

P.S. Бұл блогты жазған соң, бірнеше рет өзгертіп, толықтырып шықтып. Алғаш жазған кезде өте қысқа болатын. Көп созбай, тек керекті нәрселерді ғана жазып шыққан едім. Өйткені мен өз басым ұзын блогтарды оқып шыққанды көп ұната бермеймін. Қысқаша оқып, не айтқысы келгендерін ғана тезірек түсінгім келетін. Осы блогты алғаш жариялағап, бірнеше күн өктен соң бір баладан бұл блогты толығырақ жазуды, әсіресе өзімнің қалай үйренгенім жайлы көбірек жазу туралы хат алдым. Сосын толықтырып, сөйлемдерімді кішкене жұмсартып жазып шығып едім, осылай біршама ұзарып шыққан сияқты. Сонда да аяғына дейін оқып шығып, әр адам өздеріне қажетті бір нәрселерді тауып, оларды үйренулерінде пайдаланар деген үміттемін.

3
1
13874

Осы тақырып бойынша