Мазмұнға өту

Жаңа

Спорт жолындағы Шымкент

Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде Дені сау ұлт пен спорттағы жетістіктер күніне арналған бұқаралық спорттық шаралар өткізіліп отыр. Мұз сарайында қысқы спорттық ойындар түрлері бойынша турнир және коньки тебуден әуесқойлар арасында сайыс өтті. Орталық стадионда 200 астам мектеп оқушылары шахматтан қала біріншілігіне қатысты.  Барлық оқу орындары мен спорт мекемелерінде «Салауатты өмір салтын қолдау» денсаулық фестивалі ұйымдастырылды.  Спорттық марафон волейбол және футболдан сайыстармен аяқталды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар Шымкент қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.

 
0
0
266

Төрт массив берiлген А(15), В(15),C(15) және D(15). Массивтердiң тақ орындарында тұрған минимал элементердiң қосындысын табу керек. Бiр массивте минимал элемементтi анықтауды функция тұрiнде ұйымдастыру.

import java.util.Random;
/*
* To change this license header, choose License Headers in Project Properties.
* To change this template file, choose Tools | Templates
* and open the template in the editor.
*/
/**
*
* @author DMyrzaka
*/
public class Massive {
static int minim(int x[]){
int min=x[0];
for (int i=1;i<x.length;i++)
{
if (i % 2 ==1){
if (x[i]<min) min=x[i];
}
}
return min;
}
public static void main(String args[]){
int a[] = new int[15];
int b[] = new int[15];
int c[] = new int[15];
int d[] = new int[15];
for (int i=0;i<a.length;i++) a[i]= new Random().nextInt(100);
for (int i=0;i<b.length;i++) b[i]= new Random().nextInt(100);
for (int i=0;i<c.length;i++) c[i]= new Random().nextInt(100);
for (int i=0;i<d.length;i++) d[i]= new Random().nextInt(100);
System.out.println("Random massive ");
System.out.println("Massive A");
for (int i=0;i<a.length;i++) System.out.print(a[i]+" ");
System.out.println();
System.out.println("Massive B");
for (int i=0;i<b.length;i++) System.out.print(b[i]+" ");
System.out.println();
System.out.println("Massive C");
for (int i=0;i<c.length;i++) System.out.print(c[i]+" ");
System.out.println();
System.out.println("Massive D");
for (int i=0;i<d.length;i++) System.out.print(d[i]+" ");
System.out.println();
System.out.println("Minimum A "+minim(a));
System.out.println("Minimum B "+minim(b));
System.out.println("Minimum C "+minim(c));
System.out.println("Minimum D "+minim(d));
System.out.println("A+B+C+D minimum "+(minim(a)+minim(b)+minim(c)+minim(d)));
}
}
 
0
0
452

Шымкентте қала әкімі кубогына арналған турнир басталды.

Шымкентте «Ұлы Дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған және өткізілген қала әкімінің кубогы үшін футболдан турнир өткізілді. Үш күн бойы 50 жуық команда бас жүлде үшін сайысқа түсті, сайыс екі санатта – жастар және ардагерлер санаттары бойынша өткізілді. Жастар командаларында негізінен спорт секциялары мен клубтар қатысушылары, ал ардагерлер құрамаларында депутаттық корпус, мемлекеттік органдар өкілдері, партия мүшелері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Ардагерлер арасында бірінші орынды "Айсат" командасы иеленсе, жастар арасында «Бірлік» тобы жеңіске жетті.

«Ең бастысы, жеңіске талпыныс, жеңіске тек адал ойынмен, шеберлікпен және кәсібилікпен қол жетті»  - деп айтып кетті турнир қатысушысы Шымкент қ. мәслихатынының депутаты Бахадыр Салимов.

Шымкент қаласы әкімінің  кубогына арналған турнир екінші жыл қатарынан өтіп отыр. Іс-шара  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды.

 
0
0
334

Шымкенттегі мәдениет және руханият күні

Шымкентте «Ұлы Дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде Мәдениет және руханият күні атап өтілді. Бүгін қаладағы барлық мектептер мен оқу орындарында Тәуелсіздіктің рухани құрамдауышы мен халықтың тарихи мұрасы негізі ретінде Қазақстанның мәдени мұрасы құндылықтарына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай №41 мектеп-лицейінің оқушылары ашық сабақтар өткізіп, мұнда өз Отанының жетістіктерімен және тарихымен танысты. Бастауыш сынып оқушылары интерактивті тақталар көмегімен еліміздің жетістіктері туралы деректі фильмдер қарап, талқылады. Лицейдің акт залында жоғары сынып оқушылары тәуелсіздікке арнап өлеңдер оқыды. Артынан мектеп оқушылары дайындаған театрландырылған мерекелік қойылым қойылды.

 
0
0
429

Жұлдызды РАЙДЕР – талап па, әлде еркелік пе?

Қазіргі таңда шоу-бизнес пен той-бизнестің көшін бастап тұрған әншілеріміздің райдері қандай? Олар гастрольдік сапар кезінде нендей талаптар қояды? Бұл сұрақтардың жауабын Toibiznes.kz сайты ұсынған қызықты және танымдық мақаладан біле аласыздар.

Жеке райдер – бұл өнер көрсететін әртістің іс-шара ұйымдастырушыларына қоятын талаптар тізімі. Әдетте райдер келісім-шартпен қоса беріледі және ол екі бөлімнен тұрады – техникалық және тұрмыстық. Бірінші бөлімінде аппаратура, микрофон секілді жабдықтардың техникалық жағы көрсетілсе, екінші бөлімі неғұрлым қызығырақ, себебі бұл бөлімде әртістің жеке талаптары, яғни тұрмыстық қажеттіліктері, тамақтану, демалу және қозғалыс түрі көрсетіледі. Бұл бөлімді қонақжайлылық райдері деп те атайды. Ал енді, тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушыларға келетін болсақ, олардың басты міндеті – қандай жағдай болмасын, келісілген райдерде көрсетілген барлық талаптарды орындау.

Күн сайын әр қаланың тойын қыздыратын, қызу сұраныста тұрған райдерлі әншілеріміздің ондығын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Алл Давай тобы


All Давай қазақстандық ерлер поп-тобы. Ұжым 2000-шы жылдардың Қазақстандағы ең табысты жобаларының бірі.

Ұжымға тән ерекшелік, жігіттердің 15 жыл бойы танымал бойзбенд болуында, бұл қазақстандық шоу-бизнесте  рекордты көрсеткіш болып саналады.

All Давай тобы Қазақстан бойынша да, шетелде де кез келген мерекелік іс-шараларға қатысып сәтті гастрольдейді. Және бір қызығы жігіттердің райдері өте қарапайым – бұл эконом- немесе бизнес-класспен ұшу (басқа қалаларға), трансфер, жоғары класты автокөлікте күтіп алу («…әрине жигулиде емес…», - жігіттер қалжыңдауда), қонақ үйде тұру – 2 бір орындық нөмірлер. Тамақ талғамайды, ерекше қалаулары жоқ. Мерекелік іс-шарада 10-ға жуық  ән орындайды. All Давай тобымен өткізетін мерекеңіз өте жалынды болады.

 

Мадина Сәдуақасова

Қазақстанның барлық аймағы бойынша гастрольдеп түрлі мерекелік іс-шараларда өнерін көрсететін Қазақстандық поп-әнші.

Мадинаның жеке райдері мерекенің ауқымына байланысты, егер бұл концерт немесе жеке іс-шара болса, екі адамның бизнес-класспен ұшуын қамтамасыз ету, беделді автокөлікпен күтіп алу және 1 стандартты нөмір, 1 люкс нөмірлі қонақ үйге орналастыру керек. Егер бұл үйлену тойы немесе мерейтой болып жатса және тапсырыс берушілер қаржылық жағынан қиналса, қосымша екі адамның ұшуы эконом-класспен де болады.

Мерекелік іс-шараның өзінде жақсы аппаратура және микрофон болуы тиіс. Әншінің өнер көрсетуі шамамен 20 минуттай болады.


Қайрат Түнтеков


2005 жылғы SuperStar KZ жобасының жеңімпазы – танымал әнші, бүкіл Қазақстан бойынша гастрольдейді. 20-25 минут шамасында өнерін көрсетеді.

Оның райдеріне екі адамның ұшуы, қонақ үйде бір орындық 2 нөмір және жақсы микрофон кіреді. Жиі басқа қалаларда оны достары қарсы алады. Міне, жас әншінің қарапайым талаптары және егер Сіз Қайратты мерекелік іс-шара алдында шайға шақырсаңыз, онда біліңіз, ол бас тартпайды.

 

«Домбра» триосы


Домбыраның үнін жақсы көретін әуесқойлардың назарына виртуозды-музыканттар - "ДОМБРА" триосын ұсынамыз.

Жұмабаев Асет – бас-домбыра, Ибраимов Омар – тенор-домбыра, Сқақов Ермек – прима-домбыра.

Ұжымның райдері де қарапайым. Жігіттер тапсырыс берушілердің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, көп талап қоймайды. Ұжымды лайықты автокөлікпен күтіп алу, қонақ үйде бір орындық 3 немесе 4 нөмірде (менеджерлері бірге баратын болса) орналастыру және usb шығатын аппаратураны ұсыну жеткілікті. Музыканттардың өнер көрсету ұзақтығы 30-35 минут.

 

Айқын Төлепберген


Танымал қазақстандық әнші барлық қалалар бойынша гастрольдейді. Райдеріне екі адамның бизнес класспен ұшуы кіреді, себебі директоры бірге гастрольде жүреді. Айқынды ұшақтын сатысынан лимузинмен күтпесе де, аэропорттың алдынан презентабельді маркалы автокөлікпен күтіп алған жеткілікті. Сонымен қатар, 5 жұлдызды қонақ үйде орналасуды және тамақтануды ұсыну қажет.

Әдетте, жұлдыздың киім ауыстыратын бөлмесінде тәттілер, тәтті тоқаштар, шай және су болуы тиіс. Ас мәзірі бойынша тамақ талғамайды, бірақ дастарханды сәйкесінше жаю керек. Сахнада монитор және жақсы микрофон болуы тиіс. Кеш барысында әнші 6-7 ән орындайды.

 

Тамара Асар


Талантты және табысты әнші, Қазақстандағы барлық мерекелік іс-шараларда өнерін көрсетеді.

Әншінің райдері таң қаларлықтай қарапайым: екі адамның бизнес- немесе эконом-класспен ұшуы, қонақ үйден бір орындық 2 нөмір және тамақтану. Ең бастысы, мерекелік іс-шарада өте майлы ет болмауы керек және ұлттық тағамдардың нағыз бағалаушысы ретінде үстелде шұбат не қымыз болуы шарт.

Тамара Асар кештің басынан, аяғына дейін болады.

 

Али Оқапов


Қазақстандық жас әнші, еліміз бойынша гастрольдерге жиі шығады, түрлі мерекелерде өнерін көрсетеді: үйлену тойы, мерейтой және корпоративті кештер.

Райдеріне ұшақпен ұшу, қонақ үйден бір орынды 4 бөлме жалдау, тамақтану және аэропорттан қонақ үйге, қонақ үйден мерекеге тасымалдау кіреді. Али қасындағы бишілерімен тапсырыс берушілерде қалмайды, тек қонақ үйде орналасуды талап етеді. Мерекелік іс-шара кезінде киім аусытыратын бөлмеде көбірек су және бишілер үшін сүлгілер болуы керек. Жігіттер тамақ талғамайды, бірақ Алидің балық жемейтінін ескеру қажет.

Техникалық райдері жоқ, бірақ әнші залдың схемасын және саундчекті алып әр залда қанша киловатт бар екенін алдын-ала келісіп анықтайды. Егер мереке кең ауқымды болса, ұжым өз микрофондарын алып, жарты сағатқа дейін әндерін орындайды.

 

Серікбол Сайлаубек


Қазақстандық әнші – Қазнеттің жұлдызы Серікбол Сайлаубек, Қазақстанның барлық аймағы бойынша гастрольдейді. Осы және 2015 жылды қосқанда Серікбол 86 тегін қайырымдылық концертін берді. Спорт алаңдарында және стадиондарда өнерін көрсетті. Және де ол үйлену тойы, мерейтой секілді мерекелік іс-шараларға қатысып қаражат табады.

Әншінің райдеріне екі адамның бизнес-класспен ұшуы, тұруы және тамақтануы кіреді. Міндетті талаптардың ішінде – қара джиптің тасымалдауы нақты жазылған, джип аэропорттан қарсы алып қонақ үйге, ол жақтан мерекелік іс-шара болатын жерге апаруы тиіс, бұл ереже. Қонақ үй қаладағы ең беделді және 5 жұлдызды болуы тиіс. Әнші тәттіге құмар болғандықтан қонақ үйде су, фисташки және мейіз қосылған шоколад ұсыну қажет. Тойдың үстінде тамақ талғамайды. Аппаратураға қояр талабы жоқ, ең бастысы акустиканың дұрыс болуы, себебі әнші жанды дауыспен ән орындайды. Кеш бойы 4-10 ән орындап шығады.

«…той болатын жерге келгеннен кейін біз, дауысты бағыттайтын адаммен кездесіп, қай жерде жоғары, қай жерде төмен дыбыстарды қолдану қажет екені жайлы келісеміз. Себебі біз «ауырды жүрек» немесе «бас ауырды» деген сияқты лирикалық әндер орындамаймыз. Оның әндері позитивті көңіл-күй сыйлайды. Ал кейде үйлену тойларда, қонақтар «Ой жеңге» әнін бірнеше рет сұрайды», - деп Серікболдың арт директоры – Ринат Тәттібай, сұхбатты аяқтады.

 

Асхат Тарғын


Біздің ойымызша аты шулы "Мария Магдалена" әнін орындап танымалдылыққа ие болған әнші Асхат Тарғын кірпияз емес.

Райдер жөнінде алынған сұхбатта әнші былай деп жауап берді:

- Әрине гастрольдерге шығамын, бірақ қазір уақыттың аздығына байланысты гастрольдік сапарым уақытша тоқтап тұр. Бұйырса жаңа жылдан кейін бармаған қалаларды, аудандарды концертпен аралау жоспарда бар.

- Уақытым болса шакырған мерекелерге барынша шығамын. Қазақта айтады «шақырғанда бармасаң, шақырғанға зар боласың», деп...сондықтан қалмай баруға тырысам.

- Менің райдерім қарапайым көп затты талап етпеймін. Мысалға ұшақпен ұшқанда эконом класқа билет алдыртам, күтіп алғанда да аса қымбат көлік талап етпеймін, бастысы таза, жаңа көлік болса болды (кейде күтіп алатын адамдар кешігіп жатса, арнайы такси көлігіне отырып кете берем😄) жəне таза, қызмет сапасы жоғары қонақ үйлерге орын алдыртамын.

- Музыкалық аппаратураның сапалы болғанын қалаймын.

- Бір кеште ән орындауым, ол келісім бойынша, қалай келісеміз сонша əн орындаймын.

- Негізі гастрольде көп адаммен жүрмеймін, өйткені олардың жол ақысы, тұратын жерлері шығын көп келтіреді. Сондықтан екі, үш адамнан аспайды, тіпте кейде өзімде кете беремін. Өйткені домбырамен əн айтамын, гитарамен де сахнада əн сала беремін.

 

Жігіттер тобы


Жеке райдерлер тізімін қазақстандық Жігіттер тобымен аяқтаймыз. Әншілер қарапайым және мейірімді.

Жиі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушылар әртістерді дастархан басына шақырып, тіпті гастроль кезінде қонақтап кетулерін сұрайды, бұл жағдайда әртістер қуана келіседі. Олар тек Қазақстанда емес, жақын шет елдерде де түрлі мерекелік іс-шараларда өнерлерін көрсетеді. Ал райдерлеріне келетін болсақ, ол қарапайым: 5 адамның эконом-класспен ұшуы, жақсы қонақ үй (қымбат болуы міндетті емес), лайықты автокөлікпен күтіп алу және 4 жұмыс істейтін микрофон.

Тамақ талғамайды, қара уылдырықтың болуы – маңызды емес. Әртістер екі жаққа да ыңғайлы әрі жағымды болу үшін, тапсырыс берушілермен жақсы қарым-қатынасты сақтауға тырысады. Олар кірпияз ұйымдастырушыларды ұната қоймайды, себебі өздері кірпияз емес. Топ жарты сағатқа жуық уақыт өнерлерін көрсетеді, сондай-ақ кейбір қалаларда өздерінің бишілері бар, қажет болған жағдайда өздері келісіп уағдаласады.

 

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының жеке райдерлер тізімімен танысқан соң, біздің әртістердің ТМД және алыс шет елдік әріптестерімен салыстырғанда талапшыл емес екендіктеріне көз жеткізуге болады. Бұл отандық жұлдыздарды тікұшақпен күтпей-ақ, дастарханға қызыл уылдырық қоймай-ақ мерекелік іс-шараңызға шақыруға болатындығын білдіреді. Тек, әртістің қарапайым тілектерін орындай білсеңіз, Сіздің ТОЙыңыз есте қаларлықтай болып өтеді.

Авторлары: Мусабаева Сабира және Якубова Раилям



0
0
1357

Лучшего молодого ученого выбрали на конкурсе «Жас ғалым-2016»

Молодые ученые из области индустрии, биотехнологии, сельского хозяйства, экологии и образования получили свои награды на церемонии награждения областного конкурса «Жас ғалым-2016», прошедшего 5 декабря в Центре развития молодежных инициатив.

Конкурс проводился по двум направлениям: лучший молодой ученый и инновационный проект. Участниками стали 35 человек, среди которых молодые ученые и предприниматели, студенты, школьники, доктора наук.

По итогам двухмесячного конкурса, в номинации «Жас магистр» победителем стала студентка 3 курса докторантуры PhD ПГУ им. С. Торайгырова  Уалиева Римма, а номинацию «Жас PhD докторы» получил Машрапов Бауыржан.

В областном конкурсе «Жас ғалым-2016» 3 место занял ученик Назарбаевской школы Едилов Азат, представляющий  проект «Создание программного обеспечения "Антропометрический определитель" как средство решения проблем определения пола и возраста по костным останкам».

Студент Павлодарского государственного университета имени С. Торайгырова Айтбаев Асет завоевал 2 место, выступив  на тему «Разработка инновационной технологии утилизации отходов производства сварных труб».

А вот первое место в номинации «Лучший инновационный проект» занял сотрудник Аксуского завода ферросплавов, представитель рабочей молодежи -  Сель Денис с проектом по модернизации горизонтально-расточного станка модели 2Л614 в станок для глубокого сверления.

Все участники получили сертификаты и памятные подарки. В церемонии награждения областного конкурса «Жас ғалым-2016» принял участие заместитель акима области Мейрам Бегентаев.

Ежегодный конкурс молодых ученых прошел в рамках празднования 25-летия Независимости Республики Казахстан, а организаторами выступил МОО «Кенжекөл жастары» при поддержке управления по вопросам молодежной политики Павлодарской области.

-1
0
992

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің республикалық Форумы

Астана қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің республикалық Форумы өтті. Астана қаласына Батыс Қазақстан облысынан бес кәсіпкер барып қатынасса, басқа кәсіпкерлер бейне байланыс арқылы форум жұмысына қатынасты.

Форум жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және тағы мәселелер талқыланды. Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар Жоспарына қол қойылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов бейнебайланыс арқылы Орал қаласында қатысқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Департамент басшысы кәсіпкерлерге мемлекеттік органдар тарапынан қысымшылық, пара сұрау тағы басқа заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда Департаментке  жүгінулерін сұрады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша call center 1424 қоңырау шалуға болатындығы түсіндірілді.

 
0
0
333

БҚО-да азаматтарға көшпелі қабылдау өткізілді

 

Аудандар мен ауылдық округтер тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен тұрақты түрде көшпелі кездесулер өткізіліп тұрады.

Сонымен, 2016 жылдың 2 желтоқсанда Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов «Нұр Отан» партиясының Теректі аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарға көшпелі қабылдау өткізді.

Өтініштердің көп бөлігі аудандық округтің мемлекеттік қызметшілері, жастар ұйымдарының өкілдерінен келіп түсті. Бұл күні олар төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу, мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурстың тәртібі және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары жөнінде сұрақтар қатарын ұсынды.

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды тыңдап, әрі қарап оларға нақты түсініктер берді. Сондай-ақ, ол азаматтардан келіп түскен бірде-бір өтініш қараусыз қалмайтындығын атап өтті.

   
0
0
321

Қызылордалық полицейлер «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы өкілдерімен бірге азаматтардың сауалдарына жауап берді

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылорда қаласына келді.

Аталмыш акцияның басты мақсаты – азаматтарды мазалаған мәселелерге ортақтасу, түрлі бағыттар бойынша құқықтық кеңестер беру болып табылады.

ҚР мәдениет және спорт, ғылым және білім, әділет, ұлттық экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ақпарат және коммуникация, ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері сынды барлығы 270 сала қызметкерлерінің басын құраған іс-шарадан Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті де шет қалмай, халықпен кездесіп, сұрақтарына жауап беруге тырысты.

Шараға департаменттің Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Әбдібек Жаназаров, Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алтынбек Ахметов, ОІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ердәулет Жаукеев, Көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәрсен Умаров  қатысты.

Қабылдау кезегіне тіркелген ең алғашқы азаматтардың бірі – ішкі істер органдарының қызметкері болды. Ол «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы өкілдерінің партия ғимаратында қабылдау өткізетінін телеарна жаңалықтарынан естіген. Қабылдауда өзінің 16 жыл құқық қорғау саласында қызмет жасағандығын жеткізіп, өзін мазалаған мәселе жөнінде ақыл-кеңес сұрады.

Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың 50 пайызының өтініштері оң шешілді. Қалғандарына заң аясында кеңестер берілді.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
1030

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы туралы

Жоғарғы Сотымен халыққа "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы Алматы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімдерінің қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

Өткізілген іс-шара барысында Мемлекеттік корпорациясының өкілдеріне апостиль қою мемлекеттік қызмет жөніндегі өтінішті қабылдау мәселелерін, қажетті құжаттар тізбесін, қызмет көрсету мерзімдерін, мемлекеттік бажды төлеу тәртібін реттейтін Стандарт және Регламенттің ережелері түсіндірілді.

Ағымдағы жылдың он айында Жоғарғы Сотқа сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы 453 арыз келіп түсті, оның ішіндегі 437 арызы қанағаттандырылды. 16 жағдайларда ұсынылған құжаттардың Стандартпен белгіленген талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды.

Семинар барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған барлық жағдайлар, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша бірлескен қызметінің проблемалық аспектілері талқыланды.

Сонымен қатар, тындаушылардың назарына соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініштерді Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында «Апостилирование» функционалдағы «Сот кабинеті» сервисі арқылы беру мүмкіндіктері туралы ақпарат жеткізілді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/memlekettik-kyzmet-korsetudin-mseleleri-boyynsha-kukyktyk-tusindiru-zhumysy-turaly

 
0
0
496