Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлықсыз ел – өркендеген ел

А.ж. 29 қарашада «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Нұр Отан» партиясының Зеренді филиалында «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысында мемлекеттік органның басшылары, прокуратура, құқықтық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Баяндамамен «Нұр Отан» партиясының Зеренді аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ә.Таласбаева, Зеренді ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Ә. Сыздықаев, Зеренді ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ә. Құрманғожин тыңдалды.

Әңгімелесу барысында партиялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, ұсыныстар енгізілді, конструктивті диалог құрылды.

Департамент госслужбы

0
0
739

Осы тақырып бойынша