Баянауылдық жастар дес бермеді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Баянауыл ауданы Жастар орталығының ұйымдастыруымен аудандық жастар арасында «Жас Отан» жастар қанаты кубогінің «Жайдарман» ойыны өтті.

Ауылдардан жиналған жастар саны аз емес, сайысқа 12 команда қатысты. Мұнда әзілкештер достық, махаббат және де өмірдегі түрлі қызықты оқиғалар жайлы өз қойылымдарын ортаға салды. «Жайдарман» ойнына арнайы қонағы, тәжірибе алмасу мақсатында республикалық жоғарғы лигада өнер көрсетіп жүрген Екібастұз қаласының «Халық» командасы қатысты.

Ойын қорытындысы Баянауылдық жастар дес бермеді. Құндыкөл, Қызылтау, Сәтбаев, Торайғыр командалары алғыс хаттармен марапатталды. «Ең үздік жас ойыншы» аталымы бойынша Лекер ауылынан келген «Әзілкеш арулар» командасы атанса, «Көрермен көзайымы» аталымын «Мекен жайымыз 25/25» тобы қанжығасына байлады.

Әділ қазы алқасының шешімі бойынша ІІІ орынды Жаңажол ауылының «Көз тимесін» командасы жеңіп алса, ІІ орынды Сұлужол ауданының «Ойпырмай» командасына бұйырды. Ал, І орынды Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатының оқушылары әділдікпен жеңіске жетті. Бас жүлде ауыспалы кубокты Жаңатілек ауылының «Жаңатілек құрамасының» қанжығасында.
