Мазмұнға өту
birzhanmurat

birzhanmurat

Сайтта 2016 ж. 29 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

27

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Зорлық-зомбылықсыз әлем

2016 жылдың желтоқсан айының 2-сі мен 20-сы аралығында Алматы қаласының мектептерінде "Зорлық-зомбылықсыз әлем" тақырыбында семинарлар кешені болып өтті. Аталмыш шараға Алматы қаласы əкімінің жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, қоғамдық көшбасшылар, Еуразиялық келісім қорының, Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасының, Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының, Y-PEER халықаралық еріктілер желісінің, «БҰҰ-әйелдер» халықаралық ұйымының, БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қорының белсенділері қатысты. Əрбір жасөспірім қыз – болашақ ана, білікті маман, сонымен қатар, олар Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуіне үлесін қосатын көшбасшылар мен үздік саясаткерлер. Сондықтан зорлық-зомбылық əрекетін болдырмау үшін əрбір қыз баланы қорғау шар…

0
0
1578

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өз аймағында тек қана жаңа жетістіктер мен белестерді бағындыру арқылы алдыңғы қатарлы тұрақты дамушы мемлекет ретінде өзін көрсете білді. Экономикамызға шет елден инвестициялар тартудан да көш бастап келеміз. 2016 жылдың алғашқы 7 айында сырттан тартқан инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға жоғары, яғни 1,3 трлн тг. қаражатты құрады. Тек қана 2016 жылдың маусым айында Қазақстан экономикасына келіп түскен сома 181,1 млрд тг (2015 жылдың маусымындағы қаражаттан 5,3% артық).Бүгінгі таңда еліміз әлемдік тартылыс орталығы болып, көптеген халықаралық конференциялар, саммиттер өткізуде, өте жақын арада Алматыдағы Қысқы Универсиада ойындары мен елордамыз Астанада ЭКСПО 2017 шарасын өткізу қолға алынуда. Халықаралық қауымдастық тарапынан бізге деген…

0
0
587

Донор бол! Өмір сүруге мүмкіндік сыйла

"Донор бол! Өмір сүруге мүмкіндік сыйла!" - атты ұранды айқайлап халыққа жеткізген студент жастар 15 желтоқсан күні концерттік бағдарламаларын қойды. Концерт барысында Жайдарман жұлдыздары ойын ойнатып, университеттің өнерлі студенттері ән шырқап, би биледі. Жастардың өнерін тамашалауға дәрігерлер, ОҚО Жастар орталығының өкілі, үкіметтік емес ұйым мүшелері қонақ боп келді. Қазақстан медицинасында органды транспланттау ісі басталғанына 30-дан аса жыл өтті. Республикалық трансплантациялық үйлестіру орталығы 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Қазақстанда мұндай операцияларды алты клиника жасайды. Трансплантация көбінесе қан, жұлын, бауыр, жүрек, бүйрек ауруына шалдыққан жандарға қажет. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы көрсеткендей, қайтыс болған бір адамның органдары кезек…

-1
0
698

Дәрігерлер донорлық жайында дәріс оқыды

Шымкент қаласының медициналық жедел-жəрдем ауруханасында «Донор бол! Өмір сүруге мүмкіндік сыйла» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің тұсауын аталмыш емхананың бөлім жетекшісі Байтеміров Сәбит Тұрғынұлы ашып берді. Келесі кезекте осы емхананың дәрігерлері, реципиенттер және Исамиддин баба мешітінің наиб имамы адам ағзасы донорлығының маңызы туралы айтып өтті. Кездесуге келіп отырған жастар да өз пікірлерімен бөлісіп, өз туыстарының бастарынан өткен оқиғалар туралы айтып берді. Отырыс соңында арнайы бейне баян көрсетіліп, анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушы 50 адамның 46-сы донорлықты қолдайтындығын білдірді. Қазақстан медицинасында органды транспланттау ісі басталғанына 30-дан аса жыл өтті. Республикалық трансплантациялық үйлестіру орталығы 2012 жылдан б…

0
0
675

Ислам және биоэтика мәселелері талқыланды

2016 жылдың 15 желтоқсаны күні Шымкент қаласының студент жастары Еуразиялық келісім қорының ұйымдастыруымен өткен "Донор күні" шаралар кешені аясында Хаттани мешітінің имамдарымен кездесті. Дастархан басында еркін сүқбат ретінде өткен аталмыш шараға Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері де қатысты. Жан жақты талқыланған бұл тақырыпты имамдарымыз дін тұрғысынан барынша ашықтап мәліметтер берді.

Отырыс соңы жастар тарапынан сұрақтар қойып, пікірлер мен өмірде кездестірген оқиғаларын баяндаумен аяқталды.

Іс-шараның мақсаты Қазақстандағы донорлықтың пайдасы мен оны дамыту қажеттілігіне қоғамның көзін жеткізу. Донорлық көмек көрсету ісіне халықты жұмылдыру.

-1
0
700

Дүниежүзілік бүйрек күні аталып өтті

2016 жыл 15 желтоқсан күні ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының тапсырысымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен Еуразиялық келісім қоры ерікті түрде адам ағзаларын қондыру (транспланттау) туралы ақпараттық науқан өткізді. Науқанның ашылу салтанаты аль-Фараби алаңында Дүниежүзілік бүйрек күнін атап өтетін қайырымдылық концертпен басталды. Шара барысында Шымкент қаласының өнерлі жастары әр түрлі стильдегі билерді билеп, әншілері әуендетті. Алаңда орналасқан сауда орталығы келушілеріне адам ағзасы донорлығы туралы ақпараттық-танымдық мəліметтер таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бір сағатқа созылған қайырымдылық концерт соңы әуеге жүрек қызыл түсті шарларды бір мезетте жіберу флеш мобымен аяқталды. Іс-шараның мақсаты Қазақстандағы донорлықты, соның ішінде бүйрек…

-1
0
760

Бүгінгі күндегі әлеуметтік брендинг

Әлеуметтік брендинг үрдісінің мәнін, әлеуметтік брендті қалыптастыру мен дамытудың тиімді технологияларын білу компаниялар үшін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершіліктің маңызын түсінетін және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысатын экономикалық сферадағы компаниялар үшін де өзекті болып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан үшін күшті әлеуметтік бренд құру ұлттық деңгейде аймақтардың жағымды имиджін және халықаралық деңгейде мемлекетіміздің жағымды имиджін құру үшін де маңызды болып табылады. Жоғарыда айтылған түсінікті толық, әрі нақты етіп жеткізу мақсатында 2 сағаттық семинар тренинг жүргізген «Кәсіпкерлерге қызмет ету орталығының» бөлім жетекшісі Жұлдызбаев Нұғман еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастарға арналған тренингтер сериясының есігін 11 қа…

0
0
478

Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті

Жастарға сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің биік шыңы-шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызы туралы 12 қарашадағы «Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті» тақырыбындағы семинар-тренингте таныстырылып өтілді. Осы бағытта толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыру жайында сөз қозғалды. Материалдармен жұмыс барысында сөз саптау, сөйлеу мәдениетінің жарасымды үлгілерін танытуға дағдыландыру, пікір еркіндігі мен ойын жүйелі жеткізуге баулу көпшілік алдында сасып қалудың алдын алатындығын тренер Азиз Есжанов баса айта кетті. Халық даналығының қайнар көзі-шешендік сөздердің тағылымын бойға сіңіріу, сөз мәдениеті, тіл мәдениетінің құдіретіне деген құрмет, тіл болашағына деген жауапкершілік сезімінің артуына ықпал ету қазақ халқының әрбір азаматы игерген, бойына сіңген м…

0
0
9721

Жас көшбасшылар тренингтен өтті

Жастар Отанға лагерінің қатысушылары асыға күткен тақырыптағы семинар-тренингі 13 қараша күні болып өтті. Тақырып – студенттік ортадағы көшбасшылық. Семинарды жүргізген Азиз Есжанов жастарға өзі білім алып келген шет елдік студенттер ортасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары тәжірибесімен бөлісті.

Германия еліндегі студенттік және жастар ұйымдарының біздің елдегі ұйымдардан өзгешілігін айта келген тренер, қазіргі таңда көп ерекшеліктің жоқ екендігін тілге тиек етті.

Семинарға қатысушылар 2 сағат бойы жетекшілік ету дағдыларын, өз студенттік ұйымын ұйымдастырудың негіздерін, жоба менеджментінің негіздерін үйренді, өздік жұмыстарын орындап, талқылау алаңында сөз сөйледі.

0
0
387