Мазмұнға өту

Жаңа

22 ноября 2016 года в Алматы состоялась отчетно-выборная конференции алматинского городского филиала партии «Нұр Отан»

В работе очередной ХIX конференции приняли участие член Бюро Политсовета партии «Нұр Отан», Председатель городского филиала партии, Аким города Алматы Бауыржан Байбек, Cекретарь партии «Нұр Отан» Фархад Куанганов, члены Бюро и Политсовета АГФ партии «Нұр Отан», члены депутатской фракции партии «Нұр Отан» в городском Маслихате, руководители государственных органов, представители неправительственных организаций и СМИ. На конференции также присутствовали известные партийцы – Аягуль Миразова, Карл Байпаков, Николай Кремениш, Ислам Байрамуков и другие. В ходе конференции был заслушан отчет Бауыржана Байбек о деятельности АГФ партии по реализации программ, поставленных Лидером партии «Нұр Отан», Главой государства Н.А.Назарбаевым за 2015-2016 годы. В настоящее время в городском филиале действую…

0
0
926

Г.Әбдіқалықова: ҚХА Мемлекет басшысының жоспарларын іске асыруда маңызды рөл атқарды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының жоспарларын іске асыруда, қазақстандық жолдың жетістіктерінде маңызды рөл атқарды, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылында өз үлесін қосты, деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында. «Біз ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы және ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында кездесіп отырмыз, мұның өзінде терең байланыс бар. Жақында қабылданған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Декларациясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси еркіндігі мен стратегиялық көрегендігінің арқасында дамудың қазақстандық моделі сәтті болғаны атап өтілді», - деп хабарлады ол. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының жоспарларын іске асыруда, қазақстандық жолдың жетіс…

0
0
598

Ж.Қасымбек: Қазақстан және Франция 200 млн долларға 6 жоба бойынша келіссөздер жүргізуде

Қазақстан және Франция құрылыс, энергетика салаларын, автомобиль жасау мәселелерін қоса алғанда, 200 млн долларға жуық сомаға 6 жоба бойынша белсенді түрде келіссөздер жүргізуде, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Франция - Қазақстан сауда-өнеркәсіптік палатасының ай сайынғы отырысы шеңберінде. «Қазақстан экономикасына француздық инвестициялар көлемі соңғы 10 жыл ішінде 13 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанда француздық капиталдың қатысуымен 130-дан астам әр түрлі кәсіпорындар сәтті жұмыс істейді. Екі ел арасында 1 млрд АҚШ доллары сомасына 25 жоба іске асырылған, бұл негізінен мұнай-газ, машина жасау, тау-кен металлургиясы салаларындағы жобалар, агроөнеркәсіп кешеніндегі жобалар да бар. Болашақта бұл тізбе кеңейіп, ұлғаяды деп күтеміз», - деп ақпараттандырд…

0
0
394

Дәстүрлі ІІІ республикалық пікір-сайыс турнирі

«БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қолдауларымен 2016 жылдың 26-27 қараша күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында дәстүрлі ІІІ республикалық пікір-сайыс турнирі өтті. Пікір-сайыс турнирі парламенттік формат бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Іс-шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, төрелік етті. Төрешілер шешіміне сәйкес турнирдің қазақ және орыс лигасы бойынша жеңімпазы атанған топтарға арн…

0
0
429

Есептік-сайлау конференциясы өтті

2016 жылдың қараша айының 14 жұлдызында «Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалының ХХ есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға Жарқайың ауданының әкімі , аудандық дилиалдың төрағасы Үйсімбаев Асқарбек Съезбекұлы төрағалық етті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының инспекторы Сарсембеков Н.Т. және Ақмола облыстық филиалының төраға орынбасары Біржанов А.Д. қатысты. Күн тәртібіне 4 сұрақ қойылған еді: 1. 2015-2016 жылдардағы есептік кезендегі Саяси кеңестің жұмысы туралы. 2. Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалының Саяси кеңсін сайлау. 3. Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалының төрағасын сайлау. 4. «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының ХХVI есептік-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау туралы. Бірінші сұрақ бойынша Саяси…

0
0
563

«Елбасы өмірбаяны – ел тарихы»

Қазіргі таңда «Президент» сөзінің тұжырымдамасы туралы білмейтін жанды табу қиын. Тұңғыш президент туралы іс-шара жүргізе отырып, біздер кітапханашылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. А. Назарбаевтың Тәуелсіз Мемлекетті құру мен дамытуда тарихи рөлін көрсетуге тырыстық. Іс шараға 1 мектептің 3б сыныбы қатысты.

https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6356842235374851905?authkey=CMKYppW7r7JI

0
0
901

Жанат Мынбаев тіл саясаты туралы

Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді. Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің әр…

0
0
724

Жеті бөлшек мобилдік ойынына шолу

Бүгін Сіздерді балаларды дамытуға арналған "Қадам" атты ойындар жинағының алғашқысы “Жеті бөлшек” мобилдік ойынымен таңыстырғым келеді. Отандық өнім ұлттық нақыштағы дизайнымен және құлақтың құрышын қандыратын әуенмен ерекшеленеді. Бұл ойын балалары, сіңлілері, қарындастары мен інілерінің логикасын дамытқысы келетін, олардың тәрбиесіне аландайтын, жалпы отандық өнімді қолдайтын азаматтарға қызық болады. https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.insaai.kadam.tangram жүктеу. Ойын балаларға ыңғайлы, әрі түсінікті етіп жасалған. Тіпті әріп танымайтын бала да, түк қиналмастан бір рет көрсеткеннен кейін өзі алып кете алады. Балалардың жағымды эмоция тудыру мақсатында, ашық жылы реңкті түстер ғана қолданылған. Әр түстің қолданудың өз мағынасы бар. “Құлақтан кіріп, бойды алар, тәтті ән мен…

1
0
1436

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында балалар арасында сальмонеллезбен сырқаттанушылық деңгейі 7 еседен аса төмендеді

Соңғы 25 жылда Қазақстанда балалар арасында сальмонеллезбен сырқаттанушылық деңгейі 7,5 есеге төмендеді. Сонымен, 1991 жылы ересектер арасында 8827 жағдай, соның ішінде балалар арасында - 3668 жағдай, ал 2015 жылы 1361 жағдай (балалар арасында 488 жағдай) тіркелген. Сальмонеллез – Salmonella бактериясымен шақырылатын, температураның көтерілуімен, іш бөлігіндегі қатты ауру сезімнің болуымен, құсумен және іш өтумен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Алғашқы белгілері жұқтырғаннан кейін 6-72 сағаттан соң (әдетте 12-36 сағаттан кейін) пайда болады және сырқат 3-тен 8 тәулікке дейін созылады. Көп жағдайда сальмонеллезбен сырқаттанушылық жеңіл түрде өтеді, пациенттер арнайы емсіз айығып кетеді. Алайда аурудың салдарынан болған сусыздану жас балалар мен қарттардың өміріне үлкен қауіп тудыруы мүмкі…

0
0
314

Қ.Тоқаев: Халықаралық қауымдастық терроризмге қарсы іс-қимылды құқықтық тұрғыдан жетілдіруі қажет

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты 2016 жылғы 31 мамырда Астанада болған «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы материалдарынан жинақ әзірледі. Форум Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің аясында өтті және қырықтан астам елден келген парламентшілер, діни қайраткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары мен сарапшылар бір үстелдің басына жиналды. Басылымда Қазақстан Республикасы Президентінің конференцияға қатысушыларға үндеуі, мәртебелі меймандар мен шараға қатысушылардың сөздері, сондай-ақ Қорытынды мәлімдеменің мәтіні бар. Басылымның кіріспе сөзінде Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың терроризмге қарсы әлемді елең еткізген бірқатар ұсыныстары жария етілген маңызды сөзінен кей…

0
0
715