БҰҰ-дағы ширек ғасыр
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғандығының 25-жылдығын атап өтті. 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан әлем елдерінің ең ірі осы отбасына бірауыздан қабылданды. Біздің елдегі БҰҰ-ның Тұрақты Үйлестірушісі Норимас Шимомураның атынан мерейтойлық күнге байланысты құттықтау оқылды. Құттықтау сөзінде өкіл республиканың барлық маңызды халықаралық бастамалардың белсенді қатысушысы және мемлекеттің ұстанған бағыты тұрақты дамудың мақсаттарына сәйкес екендігін атап өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев студенттердің, оқытушылардың, құрметті қонақтардың назарын ең беделді әмбебап халықаралық құрылым саналатын БҰҰ рөліне аударды. Университет БҰҰ «Академиялық ықпал» Жаһандық Хабын және Орталы…