Мазмұнға өту

Жаңа

Құтты болсын Наурыз, көптен күткен

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Домбыра композициясы «Белгісіз»

1 Бейнематериал авторы – Бахыт Найзабеков

2 Бейнематериал авторы – Студия «Аврора»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте -

       

Құтты болсын Наурыз, көптен күткен,

Жиылған жұрт жатыр ғой, тілек тілеп.

Күн мен түнді, тең қылып, бір өзгерткен,

Қарлар еріп, бәйшешектер тұр ғой шығып.

 

Ұлыс күні еліме, құтты болсын,

ДАстарханы халқымның, толы болсын.

Ақ үзілмей, қорада малы болсын,

Той думаны үзілмей, бақыт қонсын.

 

Ақ түйенің қарыны, жарылды деп,

Бірін-бірі халайық, кешірген күн.

Болса екен деп жақсылық, бата тілеп,

Әне жастар отыр ғой, киелі күн.

 

Бесік тойы үзілмей, сәби келсін,

Елім өсіп, көгеріп, күліп жүрсін.

Қарияларда аман боп, өмір сүрсін,

Бақ береке үзілмей, елім өссін.

1
1
505

Барша Қазақстандықтарға, Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамымен құттықтаймын.

Аспанымыз ашық болып, ел іргесі тыныштықта, еліміз аман болсын. Баршаңыздың жанұяларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін. Аға буын- үлкендеріміз ақылшы болып, келешек ұрпақ отансүйгіш- жасампаз болсын!

Наурыз әр үйге береке- бірлік әкелсін!

3
2
646

Наурыз мейрамының қарсаңында — Бейбіт өмір және адамгершілік тілеймін

Отан оттан да ыстық демекші, 6 жылдан астам уақыт шетелде тұрып, үйді аңсайды екенсің. Келе жатқан, болып та жатқан Наурыз мерекеміз құтты болсын! Наурыз - адамдардың бірін-бірі кешіретін, көріспегендер көрісетін мейрамы. Дей тұрғанмен, менің байқағаным біздің халқымыз аса кішіпейіл елге жатпайды. Әуежайдан бастап, подъездегі тәтеге дейін ә десең, мә деп тұра шабуға дайын тұрады. Бұған аса мән бермейтін едім, алайда Қазақстаннан ұзап кеткен сайын халықтың мүлде басқа бола білетінін көрдім. Психологтар айтады, адам мінезін өзгерте алмайды, бірақ іс-әрекетін өзгерте алады. Ақжарқын болуды үйренейік! Әуежайда паспорт тексерушілердің күле қарсалғанын көрмейсің, такси-такси деп айқайлайтын ағалардың асыққанын көресің келген бетте. Бұл әсерлер, Қазақстан азаматтары үшін қалыпты, етіміз үйреніп…

1
0
2535

Бүгін «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы алаңында Наурыз тойы өтті.

Бүгін Астана қаласы бойынша Наурыз мейрамын тойлау басталды. "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының алаңында өткен бүгінгі той барша Астана тұрғындарын жинады. Алаңға бірнеше киіз үй тігіліп, этноауыл құрылды. Таңертең шығармашылық ансамбльдердің қатысуымен концерт өткізілсе, түстен кейін ыстық бауырсақ пен көже таратылды. Халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында салт-дәстүр туралы қойылымдар қойылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Сонымен қатар, ел назарына тазы мен төбет көрмесі және қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұсынылды. Алаңға xалықтың көп жиналуы себепті "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының маңында көлік кептелісі орын алды. Бүгінгідей мерекелік бағдарлама ертең де өз жалғасын табады. Ертең таңертеңнен бастап қаланың бірнеше алаңында Наурыз мейрамы тойланады деп жоспарланып…

0
0
1395

Бүгін Наурыз мейрамына орай концерт өтті

Бүгін "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концерт өтті. "Қарақат мектеп студиясының" қыздары жетіген сүйемелдеуімен орындаған әндер және "Шашу" биімен басталған іс-шара түрлі ойындарға жалғасты.

Оған қоса, бүркітпен қойылым, экстремальды акробатикалық шоу, қазақ биі, арқан тартыс та мерекелік концертте көрсетілді. Киіз үйдегі ұлттық киім киген қыздармен таратылған бауырсақтар Астана тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, ойын-сауық орталығында "Hand Made" қолөнер жәрмеңкесі өтуде. Онда ұлттық нақыштағы әшекейлер, жүннен жасалған суреттер, киім-кешек, қолөнер бұйымдары қойылған.

Айта кетейік, мерекелік іс-шара ертең сағат 16:00-де жалғасын табады.

1
0
1597

Ата, сені сағындым..

Балалық шағымның ең улкен кейіпкері болған атам 1995 жылы қайтыс болды. Оның кеткеніне сонша жыл болса да, сенгім келмейді. Ол біздің қонаққа бара алмайтын алыс елге кеткен деп сендірдім өзімді. Осылайша жылдар жылжып өте берді. Кейде пенде болғандықтан, атам ерте кетпегенде біз қалай болар едік деп ойлаймын. Мүмкін, туысқан аралық қатынастарымыз берік болар ма еді? Ол жағын кім білген ... адамның ғұмыры соншалық қысқа деген ойға қаламын сосын. Бірде біздің атамыз деп папамның інісінің қызына айтып едім, ол түсінбеді, сенің папаңның папасы деп едім, тағы да түсінбеді. Сенің папаң мен менің папамның папасы деп едім, тіптен шатасып, маған күле бастады, не болып кетті дегендей. Ата сенің папаң ғой, деп күлді маған. Әрине, менің папам сіңліме кәрі болып көрінеді. Менің атам тек үлкен немереле…

2
1
13197

Ұлттық мейрам ұлықталуда...

Наурыз мерекесі - қазақылығымызды жандандыратын, жаһан жұртын дәстүрімізге таңдандыратын ұлық мереке. Аталмыш мейрамды дүбірлетіп тойлауды Астана жұрты бастап та кетті. Бүгін "Қазақ елі" монументінің жанындағы алаңда алтыбақан құрылып, киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақышта киінген жастар сан ғасырлар бойы сары майдай сақтаған дәстүрімізді қалың көпшілікке дәріптеді. Жігіттер қауымы қол күрестіріп, арқан тартысса, қыздар қауымы алтыбақан тебісіп, ән шырқады. Концерттік қойылым қойылып, жас бүлдіршіндерді сахнаға шығарып, қаражорға билетті. Әттегенайы, халық наурыз көже мен бауырсақтан дәм тата алмады, керісінше қуырылған жүгері мен тәтті мақтаның саудасы жүрген сияқты... Айта кетейік, күн мен түннің теңелер уақыты, ертеңгі 22-наурызда ұлттық мейрамды тойлау осы алаңда жалғасын таппақшы. Келіп…

0
0
648

Семейде «Әйел-қыздар» секторы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды

Қос мұнаралы орталық мешітінің ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің өтуіне орталық мешіттің және қалалық мешіттерінің сауат ашу курстарының шәкірттері ат салысты. Сауат ашу курстарында тәлім алып жүрген ақ жаулықты аналар мен иман жүзді қыз-келіншектер өз қолдарымен пісірген тағам түрлерін жәрмеңкеге алып келді. Жұма намазына жиналған жамағат құлшыныспен сауда жасады. Бұл жәрмеңкеден жиналған қаржы түгелдей қайырымдылық шарасына жұмсалатын болады деп хабарлайды Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

2
0
946

Қазақстандағы банктерді кімдер басқарады?

Қазақстанда жұмыс істеп жатқан банктер кімге тиесілі және рейтингтегі орны қандай? Егер сізді банк тақырыбы қызықтыратын болса, осы және өзгеше ақпаратты төменнен біле аласыз. Бірінші орында – «Казкоммерцбанк» Кезінде бұл банкті Нұржан Субханбердин басқарған болатын. Бүгінде бұл банктің иесі – Қазақстандағы ең бай елу адамның алғашқы 7-лігінің тізімінде тұрған Кеңес Рақышев. «Казкомның» 71,28 пайыз акциясы Кеңес Рақышевқа, яғни Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласына тиісті. Бірқатар сарапшылар банк саласында ұлттық буржуазияның осылай ықпалының артқаны – жағымды тенденция деп отыр. Екінші орында – «Қазақстан халық банкі» Бұл банк қаржылық активтері бойынша екінші орында тұрғанымен, ел тұтынушыларын қамту көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Өткен жылдың аяғында қаржылай активтері 1,4 трил…

0
0
1570

Бұйырмаған, бағынбаған, бақытым «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Юрий Койда «Мелодия души» Бейнематериал және фотоматериал авторы – Серік Таласов «Жанұя» фильмі Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – Дұшпан күліп, мың шалғанда аяқтан, Жалынбадым, тұрсамдағы табынып. Төпелеп, басып жатты жан-жақтан, Ауыр сөздер, жылап тұрып, сағындым. Еске алмадың, күнді өткіздің, шалқыдың, Намысымды, аямастан таптадың. Білсеңдегі, сүйгенімді, кете бардың, Тәлкегіне шыдай алмай, өмірдің. Жатсадағы сағыныш, жүректі өртеп, Бір мазаңды алмадым, хабарласып. Жазымыштан озбадым, іздеп себеп, Қала бердім, тағдырмен сырласып. Алыстады, бізден кетті мекені, Махаббатың, осы ме еді керегі? Жыламашы, түсінсеңші сен мені, Мен жыладым, осы бізге жетеді. Сағынушы ем, бір өзіңді, мен жаным, Бұйырма…

1
1
1450