ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
2

Семейде «Әйел-қыздар» секторы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды

Қос мұнаралы орталық мешітінің ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің өтуіне орталық мешіттің және қалалық мешіттерінің сауат ашу курстарының шәкірттері ат салысты. Сауат ашу курстарында тәлім алып жүрген ақ жаулықты аналар мен иман жүзді қыз-келіншектер өз қолдарымен пісірген тағам түрлерін жәрмеңкеге алып келді. Жұма намазына жиналған жамағат құлшыныспен сауда жасады. Бұл жәрмеңкеден жиналған қаржы түгелдей қайырымдылық шарасына жұмсалатын болады деп хабарлайды Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі