Мазмұнға өту

Жаңа

Наурыз және Қыдыр Ата

Желтоқсан мен Наурыздың қарама қайшылықтары көп қой жалпы, солардың бірі Жаңа жыл. Біздің ел Жаңа жылды екі рет тойлайды. Бірі орыстың отарлауынан сіңген Христиан дінін ұстанушыларға тән Жаңа жыл болса, екіншісі бабамыздан еншіге қалған Түркі жұрты, Ислам әлемінің Наурыз жаңа жыл мейрамы. Екеуіде қолайсыз уақытта бірі қар борап, қытымыр қыстың, екіншісі қар еріп, жаңбыр маусымының басталар уақыты. Ал ең қызығы осы екі жаңа жылдыңда өз кейіпкері бар. Кім дейсіз бе? Бірі Аяз Ата енді бірі Қыдыр Ата. Біріншісі балаларға базарлық таратса, кейінгісі жалпы халыққа Бата беруші. Балалар Аяз атаға арнап хат жазсада, Қыдыр атадан Бата аламын деп ешкімде күтпейді. (Көбіне Қадір түнімен шатастырады) Бізге енді Қыдыр Атаны насихаттау қажет секілді. Солай етсек қана 31-ші Желтоқсанда күтетін жаңа жылды…

0
0
1248

Призыв к убийству или Қатты тисе де, ащы шындық

Хотела поделиться своим негодованием. Почему когда ищешь для себя контент на казахском языке, в итоге натыкаешься на невежество, предрассудки, стереотипное мышление и предвзятость? Например, обратим внимание на эту группу в ВКонтакте. Казалось бы, паблик выглядит несущим в себе высокие моральные ценности и нравственность. Но под этой маской скрывается нацизм, расизм, сексизм, необразованность и привычка винить во всем всех кроме себя. Но этот пост меня просто ошеломил. Какой интересный коктейль получился: призыв к убийству(хоть и не к прямому) людей, которые просто живут так как хотят, никому этим не мешают, не навязывают; приравнивание слова определяющего национальность(корейцы) к оскорблению. Когда я сделала замечание на то что призыв к убийству из за таких мелочей не есть хорошо, найнт…

2
4
1187

Елордада пікірсайысшылар бас қосты

Наурыз мейрамы жер-жерде түрлі форматта атап өтілді. Соның бірі мейрамға орай Еуразия Ұлттық университетінде республиканың түкпір-түкпірінен келген пікірсайысшылардың бас қосуы. Екі күнге созылған жиын алғашында наурыз көже, бауырсақ сынды ұлттық тағамдар қойылған дастарxаннан дәм татудан басталса, танысып-біліскеннен кейін, 10-ға жуық аймақтан "Сен тұр, мен атайын" деп келген жастардың түрлі тақырыптар төңірегінде ой қозғап, пікірталастыруына жалғасты. Мәселен, турнирдегі қарарлар ұлттық құндылықтар туралы ғана емес, бүгінгі таңдағы нағыз өзекті мәселелер жөнінде болды. Нәтижесінде, барлық кезеңдерде де Петропавл қаласынан келген 8-сыныпта оқитын ең жас спикерден өзге, Астаналық пікірсайысшылар оза шауып жеңімпаз атанды. Демек, бұл сайыс та қалыптасып қалған "Астаналық турнирде Астаналық…

0
0
341

Семейде Наурыз қалай тойланды? Фоторепортаж

Мерекелік шараларға семейліктер ерте жиналды. Орталық алаңда құрылған киіз үйлердің ретімен сән түзеп, құрылған алтыбақандар алыстан көз тарта алаң ажарын ашып, қалалықтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Салтанатты шара қала әкімі Ермак Сәлімовтың қала жұртшылығын Наурыз мерекесімен құттықтауымен ашылылып, қаланың шығармашылық ұжымдары, колледж және мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен әзірленген түрлі қойылымдармен жылғасты. Биылғы Наурыз мерекесінің жылдағыдан ерекше екендігі қалалықтарға бірден аңғарылып тұрды. Әр мекеме бұл мейрамға өзіндік тарту әзірлеп, қолда бар базарлықтарымен келді. Биылғы жылы Семей қаласы бойынша 40-қа жуық киіз үй тігілген болатын, киізүйді мерекелік салтанатқа сай жабдықтау бойынша арнайы комиссия құрылып үздіктер анықталды. Орталық алаңда тігілген 19 киіз үйді…

3
0
1089

Бұл бізге қатысты

Қазіргі уақытта елімізде Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде, оның біріншісі «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» болып табылады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңының маңызды аспектісі оның базалық нормаларының құқық қорғау органдарына да таралуымен байланысты. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған Заңның, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде олардың жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, уәкілетті органда тесттен өтетіні туралы баяндалатын нормасы қолданысқа енгізіл…

0
0
422

«Селтеткізер» дәстүрін Павлодарда ұмыт қалдырған емес

Наурыз - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың - наурыз Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Күн мен түннің теңелген шағы, көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Дәл осы 22 наурыз Күн мен Түннің теңелген уақытында Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен «Серпін» студенттері Ертіс жағасына келіп, қазақша жыл санау бойынша жылдың соңғы кешін шығарып салды. Көктем келді дегенше, махаббатқа бөленетін шақ келді дегейсің. Шаттық пен қуанышқа бөлейтін Ұлыстың Ұлы күні - 22 наурызбен бірге ғашықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін білдіретін, жүректердің лүпілін сездіретін…

0
0
1355

Молодежь Павлодара провели закат и подарили друг-другу «селтеткізер».

Весна теснит зиму и полноценно вступает в свои права 22 марта – именно в этот особенный день отмечается светлый праздник Наурыз, знаменующий собой не только весеннее равноденствие, но и обновление природы.

Восход как миг, а закат как красивый перелив красок. Красота, когда солнце садиться за наш Иртыш, тем самым озаменовав равноденствие дня и ночи.


В день праздника Наурыз, 22 марта на центральной Набережной сотрудники Центра вместе со студентами «Серпін» провели «закат». Во время провода заката, согласно старому казахскому обычаю молодые люди провели обряд «селтеткізер».


0
0
487

«Keruen City» ойын-сауық орталығы жаңа атауының тұсауын кесті

Бүгін "Keruen City" ойын-сауық орталығының жаңа атауының құрметіне мерекелік концерт өтті. Қазақтың жаңа жылы - әз Наурызбен орайластырыла жасалған мерекелік бағдарлама таңертеңнен бастау алды.Ойын-сауық орталығында киіз үй тігіліп, домбырамен әуезді ән орындалды. Ұйымдастырушылар келген қонақтарға "Keruen Сity" ойын-сауық орталығының атынан сыйлықтар таратып, қызықты сайыстар мен ұтыс ойындарын өткізді.Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі спорттық ойындарға қатысуға мүмкіндік алды.Наурыз тойына арналған мерекелік бағдарлама кешке дейін жалғасын таппақ.Сағат 18:00-де Украинадан арнайы шақырылған қонақ MONATIK-тіңқатысуымен мерекелік концерт өтеді. Естеріңізге сала кетейік, "Мега" ойын-сауық орталығының атауы "Keruen Сity" болып өзгертілген болатын.Енді Қазақстанның өзге қалаларынд…

0
0
1580

Қош келдің, әз Наурыз!

Елордада таң атқалы тынымсыз тіршілік. Қаланың түкпір-түкпірінде мерекені тойлаушылардың санында шек жоқ. Астана концерт залының жанындағы алаңда, "Ханшатыр" ойын сауықтық орталығының жанындағы этноауылда дүбірлі той болып өтті. Ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық киім киген қыз-жігіттер киіз үйдің ішінде көпшілікке наурыз көже ұсынды. Концерттік бағдарлама болып, xалық алаңның ортасына жиналып ұлттық би билеп жарысып бір марқайып қалды. Ханшатыр ғимаратының ішінде де, сыртқы алаңда да жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ұлттық оюмен өрнектелген бұйымдар сатылды. Қылқалам шеберлерінің көздің жауын алар суреттері көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, ұлттық мейрамымызды өзге ұлт өкілдерінің де тойлауы, туристердің дәстүрімізбен қызыға танысуы қуантты. Иә, бүгін Қазақстандықтар үшін елеулі күн.…

0
0
278

Наурыз мейрамы «Қазақ елі» монументі жанында тойлануда

Елордадағы Наурыз мейрамының  кіндігі  «Қазақ елі» монументі алдындағы алаң болып табылады. Бүгін таңғы 10.00-ден қала тұрғындары мен қонақтарына  театрландырылған көріністер мен Қазақстанның аймақтарынан келген  шығармашылық ұжымдардың мерекелік концерті ұсынылуда.


Мерекелік іс-шарада «Қазақша күрес», «Арқан тартыс», «Кір көтеру», «Қол күрес» және өзге де ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтуде.


«Қазақ елі» алаңындағы этноауылда бірнеше киіз үйлер тігілген. Киіз үйлерде қонақтар бауырсақ пен наурыз-көжеден дәм тата алады. Оған қоса, қазақ халқының ұлттық ойыны "Алтыбақан" орнатылған.

Бүгін барша қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауда. Наурыз — ежелгі заманнан келе жатқан қазақтың жыл бастау мейрамы.

1
0
2046