Адам жанының арашасы – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген бұл мереке жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Дегенмен, бұл мерекенің тарихы тереңірек. Нақтырақ айтсақ, Кеңес заманында 1980 жылдың 1 қазандағы Жоғарғы кеңес төралқасының қаулысымен медицина қызметкерлерінің күні ресми бекітілген. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы көптеген елдер бұл мерекеден бас тартты. Дегенмен, Беларусь, Армения, Молдова, Украина, Ресейде бұл күн әлі де аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Соңғы екі жыл бүкіл әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы Жер шары тұрғындары үшін оңай соғып тұрған жоқ. Әсіресе, күні-түні ауруханаға түсіп жатқан науқастастардың жанын аман алып қалу үшін пандемия майданының алдыңғы шебінде жүрген медицина қызметкерлеріне ауыр тиіп от…
