ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Бұйырмаған, бағынбаған, бақытым «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Юрий Койда «Мелодия души»

Бейнематериал және фотоматериал авторы – Серік Таласов «Жанұя» фильмі

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте –

       

Дұшпан күліп, мың шалғанда аяқтан,

Жалынбадым, тұрсамдағы табынып.

Төпелеп, басып жатты жан-жақтан,

Ауыр сөздер, жылап тұрып, сағындым.

 

Еске алмадың, күнді өткіздің, шалқыдың,

Намысымды, аямастан таптадың.

Білсеңдегі, сүйгенімді, кете бардың,

Тәлкегіне шыдай алмай, өмірдің.

 

Жатсадағы сағыныш, жүректі өртеп,

Бір мазаңды алмадым, хабарласып.

Жазымыштан озбадым, іздеп себеп,

Қала бердім, тағдырмен сырласып.

 

Алыстады, бізден кетті мекені,

Махаббатың, осы ме еді керегі?

Жыламашы, түсінсеңші сен мені,

Мен жыладым, осы бізге жетеді.

 

Сағынушы ем, бір өзіңді, мен жаным,

Бұйырмаған, бағынбаған, бақытым.

Жүрегімді, баурап алған, жан құтым,

Менің ойым, бұйырмаған сыңарым.

 

Қосалмайды-ау, тағдыр бізді ендігі,

Арамызда, жылдар салды өткелді.

Үкі жоқ қой, кім соттайды жүректі?

Сүйіп тұрса, ұмытылмай, сол кезді.