ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ұлттық мейрам ұлықталуда...

Наурыз мерекесі - қазақылығымызды жандандыратын, жаһан жұртын дәстүрімізге таңдандыратын ұлық мереке. Аталмыш мейрамды дүбірлетіп тойлауды Астана жұрты  бастап та кетті. Бүгін "Қазақ елі" монументінің жанындағы  алаңда алтыбақан құрылып, киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақышта киінген жастар сан ғасырлар бойы сары майдай сақтаған дәстүрімізді қалың көпшілікке дәріптеді. Жігіттер қауымы қол күрестіріп, арқан тартысса, қыздар қауымы алтыбақан тебісіп, ән шырқады. Концерттік қойылым қойылып, жас бүлдіршіндерді сахнаға шығарып, қаражорға билетті. Әттегенайы, халық наурыз көже мен бауырсақтан дәм тата алмады, керісінше қуырылған жүгері мен тәтті мақтаның саудасы жүрген сияқты...

Айта кетейік, күн мен түннің теңелер уақыты, ертеңгі 22-наурызда ұлттық мейрамды тойлау осы алаңда жалғасын таппақшы. Келіп, Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған бағдарламаның куәсі болыңыздар!