Мазмұнға өту
ushtagan

Шынар Жұмасат

@ushtagan

Сайтта 2017 ж. 18 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

«Ел арна» телеарнасы қайта оралды

Бүгін Елордадағы «Қазмедиа» орталығында «Ел арна» телеарнасының ашылу салтанаты болды. «Ел арна» бұрындары «Біз сізбен біргеміз!» деген ұранмен хабар таратып, көрермен көзайымына айналған, алғашқы қазақ тілді телеарналардың бірі еді. Дегенмен арнаның контенті жартылай сатып алынған, аударылған хабарлардан құралып, бөлінген ақшаны ақтай алмағандықтан, 2014 жылы өз жұмысын тоқтатқан болатын. Ал бүгінгі қайта жаңғырған арнаның бұрынғысынан ерекшелігі тек қана қазақ тілді хабар таратып, отандық телебағдарламалар мен қазақ режиссерлері түсірген киноларды ғана көрсетеді. Бұл жөнінде арнаның ашылуына арнайы келген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бұл бастаманың кино саласындағы жас мамандарға да үлкен көмек екендігін айтып, жаңа арнаның халықтың арнасы болуына тілектестігін…

0
0
1435

Елордада пікірсайысшылар бас қосты

Наурыз мейрамы жер-жерде түрлі форматта атап өтілді. Соның бірі мейрамға орай Еуразия Ұлттық университетінде республиканың түкпір-түкпірінен келген пікірсайысшылардың бас қосуы. Екі күнге созылған жиын алғашында наурыз көже, бауырсақ сынды ұлттық тағамдар қойылған дастарxаннан дәм татудан басталса, танысып-біліскеннен кейін, 10-ға жуық аймақтан "Сен тұр, мен атайын" деп келген жастардың түрлі тақырыптар төңірегінде ой қозғап, пікірталастыруына жалғасты. Мәселен, турнирдегі қарарлар ұлттық құндылықтар туралы ғана емес, бүгінгі таңдағы нағыз өзекті мәселелер жөнінде болды. Нәтижесінде, барлық кезеңдерде де Петропавл қаласынан келген 8-сыныпта оқитын ең жас спикерден өзге, Астаналық пікірсайысшылар оза шауып жеңімпаз атанды. Демек, бұл сайыс та қалыптасып қалған "Астаналық турнирде Астаналық…

0
0
294

Қош келдің, әз Наурыз!

Елордада таң атқалы тынымсыз тіршілік. Қаланың түкпір-түкпірінде мерекені тойлаушылардың санында шек жоқ. Астана концерт залының жанындағы алаңда, "Ханшатыр" ойын сауықтық орталығының жанындағы этноауылда дүбірлі той болып өтті. Ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық киім киген қыз-жігіттер киіз үйдің ішінде көпшілікке наурыз көже ұсынды. Концерттік бағдарлама болып, xалық алаңның ортасына жиналып ұлттық би билеп жарысып бір марқайып қалды. Ханшатыр ғимаратының ішінде де, сыртқы алаңда да жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ұлттық оюмен өрнектелген бұйымдар сатылды. Қылқалам шеберлерінің көздің жауын алар суреттері көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, ұлттық мейрамымызды өзге ұлт өкілдерінің де тойлауы, туристердің дәстүрімізбен қызыға танысуы қуантты. Иә, бүгін Қазақстандықтар үшін елеулі күн.…

0
0
242

Ұлттық мейрам ұлықталуда...

Наурыз мерекесі - қазақылығымызды жандандыратын, жаһан жұртын дәстүрімізге таңдандыратын ұлық мереке. Аталмыш мейрамды дүбірлетіп тойлауды Астана жұрты бастап та кетті. Бүгін "Қазақ елі" монументінің жанындағы алаңда алтыбақан құрылып, киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақышта киінген жастар сан ғасырлар бойы сары майдай сақтаған дәстүрімізді қалың көпшілікке дәріптеді. Жігіттер қауымы қол күрестіріп, арқан тартысса, қыздар қауымы алтыбақан тебісіп, ән шырқады. Концерттік қойылым қойылып, жас бүлдіршіндерді сахнаға шығарып, қаражорға билетті. Әттегенайы, халық наурыз көже мен бауырсақтан дәм тата алмады, керісінше қуырылған жүгері мен тәтті мақтаның саудасы жүрген сияқты... Айта кетейік, күн мен түннің теңелер уақыты, ертеңгі 22-наурызда ұлттық мейрамды тойлау осы алаңда жалғасын таппақшы. Келіп…

0
0
596