Семейде «Әйел-қыздар» секторы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды
Қос мұнаралы орталық мешітінің ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің өтуіне орталық мешіттің және қалалық мешіттерінің сауат ашу курстарының шәкірттері ат салысты. Сауат ашу курстарында тәлім алып жүрген ақ жаулықты аналар мен иман жүзді қыз-келіншектер өз қолдарымен пісірген тағам түрлерін жәрмеңкеге алып келді. Жұма намазына жиналған жамағат құлшыныспен сауда жасады. Бұл жәрмеңкеден жиналған қаржы түгелдей қайырымдылық шарасына жұмсалатын болады деп хабарлайды Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Бүгін "Керуен" ойын-сауық орталығында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған "Хочу арбат" өнер алаңының екінші күні өтуде. Екі бөлімнен тұратын өнер алаңы қала тұрғындарының назарына "Климаттың өзгеруі" атты фотокөрме мен қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесін ұсынып отыр. Ұлттық киім мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі әсіресе жастардың қызығушылығын тудыруда. Ұлттық ою бейнеленген жейде мен қазақы нақыштағы сөмкелер ең көп сатылған тауарлар қатарында.