Қазақстандағы банктерді кімдер басқарады?
Қазақстанда жұмыс істеп жатқан банктер кімге тиесілі және рейтингтегі орны қандай? Егер сізді банк тақырыбы қызықтыратын болса, осы және өзгеше ақпаратты төменнен біле аласыз. Бірінші орында – «Казкоммерцбанк» Кезінде бұл банкті Нұржан Субханбердин басқарған болатын. Бүгінде бұл банктің иесі – Қазақстандағы ең бай елу адамның алғашқы 7-лігінің тізімінде тұрған Кеңес Рақышев. «Казкомның» 71,28 пайыз акциясы Кеңес Рақышевқа, яғни Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласына тиісті. Бірқатар сарапшылар банк саласында ұлттық буржуазияның осылай ықпалының артқаны – жағымды тенденция деп отыр. Екінші орында – «Қазақстан халық банкі» Бұл банк қаржылық активтері бойынша екінші орында тұрғанымен, ел тұтынушыларын қамту көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Өткен жылдың аяғында қаржылай активтері 1,4 трил…