Мазмұнға өту
symbatym

symbatym

Сайтта 2017 ж. 19 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

9

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

«Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі «Астана» концерт залында өтуде

«Астана» концерт залында жаңа теміржол вокзалдық кешенінің ашылуына байланысты "Бос жұмыс орындар" жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеге келушілер саны өте көп.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 60-қа жуық жұмыс беруші қатысуда. Оның ішінде көлік және логистика, деңсаулық сақтау және білім беру, құрылыс және қызмет көрсету, сауда және қаржы және т.б бар. Барлығы шамамен 1 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылуда.

Сондай-ақ, шара барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ және Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы арасында ресми түрде ниет келісіміне қол қойылды. Онда жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларға тараптардың белсенді қатысуы қарастырылған.

1
0
574

Бүгін шетелдегі жазғы тілдер курсына тіркеу басталды

Бүгін Астанадағы "Lacadem education" тілдер мектебі шетелдегі жазғы шет тілдер курсына тіркеуді бастады. Тілдер мектебі арқылы Прага, Париж, Вена қалаларына 1 ай көлемінде екі тіл үйренуге тіркелушілер саны бірінші күннен-ақ көп.

"Прага" программасында 44 сағат ағылшын, 12 сағат чех тілін меңгеру сабақтары қарастырылған. Францияға экскурсия, Еуропаның әсем қалаларының бірі - Венаға саяхат та осының қатарында. Оған қоса, Еуропадағы ең ірі зоопарк пен аквапарк, музейлер мен парктерге және тағы да басқа жерлерге экскурсия программаға кіреді.

Жазғы шетелдегі тілдер курсы бойынша тегін консультация да басталды. Ал, тіркеу 15 сәуірге дейін жалғасын табады.

0
0
495

Бүгін «Шексіз дүйсенбі» акциясы қайта іске қосылды

Бүгін барлық "Kinopark Multiplex Cinemas" кинотеатрларында Наурыз мейрамынан кейін  "Шексіз дүйсенбі" акциясы қайта жұмыс істей бастады. Kinopark кинотеатрлар желісі барлық көрермендерді құттықтап, бұл акцияны қонақтарға нағыз киномарафон екенін атап өтті.

Акция әр дүйсенбі сайын жүзеге асады. Кез келген кассадан 1500 теңгеге арнайы билет сатып алып, шексіз фильмдерді күні бойы көруге болатындығымен ерекшеленеді. Билетті сатып алғаннан кейін қолға арнайы білезік тағылады да, ол арқылы сол күн жалғасына қалағанша киноға кіруге болады.

Мерекелік күндері іске аспайтын "Шексіз дүйсенбі" акциясы қайтадан көрермендерге жол тапты. Айта кетейік, Kinopark кинотеатрлары Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында жұмыс жасайды.

0
0
453

«Жан күйзелісі» атты мүсін көрмесі өтуде

ҚР Ұлттық музейінде мүсінші Алексей Четвериковтың "Жан күйзелісі" атты көрмесі өтуде. Көрмеге мүсіншінің асқан шеберлігін көрсететін 250-ге жуық туындылар қойылды. Экспозицияларға мүсінші ағаш, металл, мәрмәр, сүйек сынды әр түрлі материалдарды пайдаланған.

Қола, ағаш, мәрмәрдан жасаған жұмыстарына қарап оның жан-жақтылығын көрсек, таяқ немесе тарақ сынды бұйымдардан істелген бірегей өнер туындыларынан талантын мойындаймыз.

Тіпті, кейбір экспонаттар ұсақ пластикадан толыққанды дара мүсінге дейін өзгерген. Мүсіндер арқылы ол қоршаған орта әдемілігін, үйлесімін көрсетуге тырысты.

Алексей Четвериков өнертанушылардың жоғарғы көркемдік бағасын алған үлкен мұра қалдырды. "Жан күйзелісі" көрмесі талантты мүсіншінің тұлға ретінде көп қырлы екендігін ашады.

1
0
959

«Ғаламның генетикалық коды» сурет көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде суретші Люба Стерликованың "Ғаламның генетикалық коды" атты көрмесі ашылды. Бұл - ғылым мен өнерді ұштастыра білген ерекше жоба.

Іс-шара "Астана Экспо-2017" халықаралық көрмесіне арнайы ұйымдастырылған. Көрмеге кескіндемелер, нысандар, видеоинсталляциялар қойылды. Суретшінің туындыларында ғарыш энергия ретінде көрінеді. Оның композицияларынан ғарыштық дүниенің бар ғажайыбын байқауға болады.

Люба Стерликова - америкалық суретші. Оның туындылары АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Италия, Ресей секілді елдердегі 80-нен астам көрмелерде ұсынылған. Көрме 2017 жылдың 16 сәуіріне дейін созылады.

2
0
1812

Наурыз мейрамы «Қазақ елі» монументі жанында тойлануда

Елордадағы Наурыз мейрамының  кіндігі  «Қазақ елі» монументі алдындағы алаң болып табылады. Бүгін таңғы 10.00-ден қала тұрғындары мен қонақтарына  театрландырылған көріністер мен Қазақстанның аймақтарынан келген  шығармашылық ұжымдардың мерекелік концерті ұсынылуда.


Мерекелік іс-шарада «Қазақша күрес», «Арқан тартыс», «Кір көтеру», «Қол күрес» және өзге де ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтуде.


«Қазақ елі» алаңындағы этноауылда бірнеше киіз үйлер тігілген. Киіз үйлерде қонақтар бауырсақ пен наурыз-көжеден дәм тата алады. Оған қоса, қазақ халқының ұлттық ойыны "Алтыбақан" орнатылған.

Бүгін барша қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауда. Наурыз — ежелгі заманнан келе жатқан қазақтың жыл бастау мейрамы.

1
0
1982

Бүгін Наурыз мейрамына орай концерт өтті

Бүгін "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концерт өтті. "Қарақат мектеп студиясының" қыздары жетіген сүйемелдеуімен орындаған әндер және "Шашу" биімен басталған іс-шара түрлі ойындарға жалғасты.

Оған қоса, бүркітпен қойылым, экстремальды акробатикалық шоу, қазақ биі, арқан тартыс та мерекелік концертте көрсетілді. Киіз үйдегі ұлттық киім киген қыздармен таратылған бауырсақтар Астана тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, ойын-сауық орталығында "Hand Made" қолөнер жәрмеңкесі өтуде. Онда ұлттық нақыштағы әшекейлер, жүннен жасалған суреттер, киім-кешек, қолөнер бұйымдары қойылған.

Айта кетейік, мерекелік іс-шара ертең сағат 16:00-де жалғасын табады.

1
0
1537

«Сергей Маслов. Жұлдызды көшпенді» атты сурет көрмесі өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақстандық суретші Сергей Масловтың көрмесі өтуде. №2 Заманауи өнер залында суретшінің әр түрлі жанр мен техникадағы сурет, графика, мәтін, инсталляцилар, сонымен қатар көркем іс-шараның видеолары қойылған. Көрмеге келушілер саны бүгін әдеттегіден көбірек. Осы көрме арқылы музей өз елінде емес, шетелдерде танылған қазақстандық суретшілердің шығармашылығын насихаттау жобасын әрі қарай жүзеге асыруда. "Сергей Маслов. Жұлдызды көшпенді" көрмесі суретшінің жеке ізденісі мен Қазақстанның заманауи өнерге қосқан үлесін көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Көрме наурыздың 31-не дейін жалғасады. Айта кетейік, суретшінің көрмесі Бішкек, Берлин, Веймар қалаларында көрсетілген. Оның туындалары ҚР Ұлттық музейі, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында және Қазақ…

2
0
1014