Мазмұнға өту
aiman_syrlybai

aiman_syrlybai

Сайтта 2017 ж. 2 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

12

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылу

1

«Дала сазы» Мәскеу сахнасын бағындырды

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дала сазы» қазақ халық аспаптары оркестрінің домбырашылар ансамблі 24-28 - наурыз аралығында Мәскеу қаласында өткен «Жаңа ғасыр таланттары-2017» байқауында бас жүлдеге ие болды. Домбырашылар ансамблі "Аспапта орындау" номинациясы бойынша өнер көрсетті. «Жаңа ғасыр таланттары» дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бүкілресейлік жас таланттар фестиваль-сайысы болып табылады. Биылғы фестиваль өткен жылғылардан ерекше өткендігінің бір белгісі - бес номинация ішінен тек «Аспапта орындау» номинациясында ғана бас жүлде тағайындалған. Бұл мәртебе Астана қаласының намысын қорғаған «Дала сазы» қазақ халық аспаптары оркестріне бұйырды. Сайыс барысында домбырашылар ансамблі «Жұмыр қылыш» және «Мелодии мира» туындыларын бүкіл Мәскеулік көрермендерге паш…

0
0
1085

Бүгін Астана «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясына қатысты

Бүгін "Мега Silk Way" сауда ойын-сауық орталығында "Жер сағаты" xалықаралық экологиялық акциясы өтті."Жер сағаты" - бұл "Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қоры" ұйымдастыратын xалықаралық экологиялық акция. Жер планетасының болашағын жақсарту мақсатында бүкіл әлем бір сағатқа жарық пен тұрмыстық электрқұрылғыларынан бас тартады. Осы уақытта әлемге әйгілі Эйфель мұнарасы, Сидней опера театры, Елизавета мұнарасы және Бурж Халифа секілді үлкен ғимараттар бір сағатқа қараңғылыққа батады. Биыл бұл акцияға әлемнің 150 елі қатысты. "Планетаны емес, өзіңді өзгерт" ұранымен өткен бүгінгі акциядан Астана да қалыс қалмады. "Мега Silk Way" сауда ойын-сауық орталығында осы акцияның құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылды. Көрермендермен экологияға қатысты викториналық ойындар ойнатылып, қазақ эс…

1
0
861

Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай сырғанау күні өтті

Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында көктемгі марафон  аясында жаппай сырғанау күні ұйымдастырылды. 18-наурыздан бері өткізіліп жатқан көктемгі марафон сырғанақ тебуді ұнататын Астаналықтар үшін таптырмас мүмкіндік болды. Өйткені, бұл күндері сырғанақ үшін 5 сеанс ашылады. Сонымен қатар, көктемгі марафон күндері мұз айдынына кіру бағасы арзандатылып, түрлі акциялар ұйымдастырылады.

Осындай акцияның бірі бүгін өткізілген «2+1» акциясы. Яғни, мұз айдыны сарайының қонақтары екі толық билет сатып алып, 3-ші билетті жеңілдікпен алу мүмкіндігіне ие болды. Бүгін мұз айдыны сарайы әдеттегі күндермен салыстырғанда кісі қарасына толды.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі марафон 26-наурызға дейін жалғасады. «Алау» мұз айдыны сарайының есігі  таңертеңгі 9:00-ден түнгі 23:00-ге дейін  ашық.

0
0
1053

Бүгін «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Бүгін Қазақстандағы ең үлкен сауда ойын-сауық орталығы "MEGA Silk Way" салтанатты түрде ашылды. Бұл рәсімге мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. Ашылу рәсімі үлкен мерекелік бағдарламаға ұласты. Қонақтар назарына қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен сауда керуені ұсынылды. Сағат 18:00-ден бастап әуе гимнасттары мен акробаттар өнер көрсетті. Қонақтар арасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, түрлі шеберлік сыныптары өтті. Ғимараттың ішкі дизайны жиналған xалықты таң қалдырды. "Silk way", яғни "Жібек жолы" атауын алған бұл ғимарат өз атына лайықталып салынғаны байқалды. Батыр бейнесіндегі аниматорлар, керуен күймелері, қабырғаға салынған көш бейнесі нағыз керуен жолын еске түсірді. Естеріңізге сала кетейік, "MEGA Silk Way" сауда ойын-сауы…

0
0
1831

Бүгін «MEGA Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бүгін Қазақстандағы ең үлкен сауда-ойын-сауық орталығы "MEGA Silk Way" салтанатты түрде ашылды. Бұл рәсімге мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қатысты. Ашылу рәсімі үлкен мерекелік бағдарламаға ұласты. Қонақтар назарына қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен сауда керуені ұсынылды. Сағат 18:00-ден бастап әуе гимнасттары мен акробаттар өнер көрсетті. Қонақтар арасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, түрлі шеберлік сыныптары өтті. Ғимараттың ішкі дизайны жиналған xалықты таң қалдырды. "Silk way", яғни "Жібек жолы" атауын алған бұл ғимарат өз атына лайықталып салынғаны байқалды. Батыр бейнесіндегі аниматорлар, керуен күймелері, қабырғаға салынған көш бейнесі нағыз керуен жолын еске түсірді. Естеріңізге сала кетейік, "MEGA Silk Way" сауда-ойын-сауы…

0
0
551

«Keruen City» ойын-сауық орталығы жаңа атауының тұсауын кесті

Бүгін "Keruen City" ойын-сауық орталығының жаңа атауының құрметіне мерекелік концерт өтті. Қазақтың жаңа жылы - әз Наурызбен орайластырыла жасалған мерекелік бағдарлама таңертеңнен бастау алды.Ойын-сауық орталығында киіз үй тігіліп, домбырамен әуезді ән орындалды. Ұйымдастырушылар келген қонақтарға "Keruen Сity" ойын-сауық орталығының атынан сыйлықтар таратып, қызықты сайыстар мен ұтыс ойындарын өткізді.Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі спорттық ойындарға қатысуға мүмкіндік алды.Наурыз тойына арналған мерекелік бағдарлама кешке дейін жалғасын таппақ.Сағат 18:00-де Украинадан арнайы шақырылған қонақ MONATIK-тіңқатысуымен мерекелік концерт өтеді. Естеріңізге сала кетейік, "Мега" ойын-сауық орталығының атауы "Keruen Сity" болып өзгертілген болатын.Енді Қазақстанның өзге қалаларынд…

0
0
1538

Бүгін «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы алаңында Наурыз тойы өтті.

Бүгін Астана қаласы бойынша Наурыз мейрамын тойлау басталды. "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының алаңында өткен бүгінгі той барша Астана тұрғындарын жинады. Алаңға бірнеше киіз үй тігіліп, этноауыл құрылды. Таңертең шығармашылық ансамбльдердің қатысуымен концерт өткізілсе, түстен кейін ыстық бауырсақ пен көже таратылды. Халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында салт-дәстүр туралы қойылымдар қойылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Сонымен қатар, ел назарына тазы мен төбет көрмесі және қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұсынылды. Алаңға xалықтың көп жиналуы себепті "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының маңында көлік кептелісі орын алды. Бүгінгідей мерекелік бағдарлама ертең де өз жалғасын табады. Ертең таңертеңнен бастап қаланың бірнеше алаңында Наурыз мейрамы тойланады деп жоспарланып…

0
0
1322

Бүгін «Хочу арбат» өнер алаңының екінші күні өтуде.

Бүгін "Керуен" ойын-сауық орталығында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған "Хочу арбат" өнер алаңының екінші күні өтуде. Екі бөлімнен тұратын өнер алаңы қала тұрғындарының назарына "Климаттың өзгеруі" атты фотокөрме мен қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесін ұсынып отыр. Ұлттық киім мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі әсіресе жастардың қызығушылығын тудыруда. Ұлттық ою бейнеленген жейде мен қазақы нақыштағы сөмкелер ең көп сатылған тауарлар қатарында.

Сонымен қатар, өнер алаңы аясында киізден киім тігу және қыш құмыра жасау бойынша тегін шеберлік сыныптары ұйымдастырылған.
Көрме қонақтары ұлттық бұйымдарды тамашалай жүріп қазақтың дәстүрлі әндерін тыңдай алады.

"Хочу арбат" өнер алаңы 21-наурызға дейін жалғасады. Таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін көрме қонақтарына үзіліссіз қызмет көрсетеді.

0
0
429

Тамыры терең Тараз қаласына саяхат

Өткен жылдың қараша айында Тараз қаласын тұңғыш рет көру мүмкіндігіне ие болдым. 2 күн қонақ қылған Тараздың тамаша естеліктеріне куә болыңыздар. Таразға кіргенде сізді қарсы алатын бірінші арка. Жалпы Тараз - аркалар қаласы. Осыдан тура 552 жыл бұрын дәл осы жерде Қазақ хандығы құрылған. Айша бибі кесенесімен таныстырған бұл мысық осы жердің гиды іспеттес. Көліктен қарсы алады, аралатады, бірге суретке түседі, есікке дейін шығарып салады. Бұл мысықтың күнделікті қызметі осы. Ашық аспан астындағы мұражай. Осы жер кезінде қайнап тұрған базар болыпты деседі. "Алыста жүрсем де, бар ойым бір сенде". Тараздан туған жеріңді көру бір бақыт екен. Қарахан кесенесі маңынан кездестірген қызық дүниенің бірі. 2100 жылы 101 жаста болады екенмін. Жетемін бе, жетпеймін бе, бір Құдайға аян. Жетпесем амана…

3
0
3200

Студентпен сұхбат

Атырау қаласының тумасы, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің 4-курс студенті Санай Ерсұлтанмен сұхбат. - Қазіргі таңда Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде 500-ге тарта Қазақстандық студенттердің оқып жатқандығы белгілі. Сіздің таңдауыңыздың осы университетке түсуінің себебі неде? - УММТУ-нің жоғары сапалы университеттердің бірі екендігін білдім. Сонда түсуді армандадым. Әкем осы оқу орнын бітіргендіктен мен де осында түсуді қаладым. 11-сынып кезінде біздің мектепке УММТУ-нен қызметтік хат келді. Кейінірек облыс әкімі 30 мектеп бітірушіге осы оқу орнына грант бөлгенін естіп, бағымды сынап көрдім. Бақытыма орай 30 грант иегерінің қатарына қосылдым. - Қазақстанның қай қалаларынан студенттер көп түседі? - Батыстан көбірек түседі. Әсіресе Атырау қаласынан. Мұнайлы аст…

1
0
2630