ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бүгін «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы алаңында Наурыз тойы өтті.

Бүгін Астана қаласы бойынша Наурыз мейрамын тойлау басталды.
"Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының алаңында өткен бүгінгі той барша Астана тұрғындарын жинады. Алаңға бірнеше киіз үй тігіліп, этноауыл құрылды. Таңертең шығармашылық ансамбльдердің қатысуымен концерт өткізілсе, түстен кейін ыстық бауырсақ пен көже таратылды.

Халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында салт-дәстүр туралы қойылымдар қойылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.
Сонымен қатар, ел назарына тазы мен төбет көрмесі және қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұсынылды.

Алаңға xалықтың көп жиналуы себепті "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының маңында көлік кептелісі орын алды.
Бүгінгідей мерекелік бағдарлама ертең де өз жалғасын табады.
Ертең таңертеңнен бастап қаланың бірнеше алаңында Наурыз мейрамы тойланады деп жоспарланып отыр.