Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай сырғанау күні өтті

Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында көктемгі марафон  аясында жаппай сырғанау күні ұйымдастырылды. 18-наурыздан бері өткізіліп жатқан көктемгі марафон сырғанақ тебуді ұнататын Астаналықтар үшін таптырмас мүмкіндік болды. Өйткені, бұл күндері сырғанақ үшін 5 сеанс ашылады. Сонымен қатар, көктемгі марафон күндері мұз айдынына кіру бағасы арзандатылып, түрлі акциялар ұйымдастырылады.

Осындай акцияның бірі бүгін өткізілген «2+1» акциясы. Яғни, мұз айдыны сарайының қонақтары екі толық билет сатып алып, 3-ші билетті жеңілдікпен алу мүмкіндігіне ие болды. Бүгін мұз айдыны сарайы әдеттегі күндермен салыстырғанда кісі қарасына толды.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі марафон 26-наурызға дейін жалғасады. «Алау» мұз айдыны сарайының есігі  таңертеңгі 9:00-ден түнгі 23:00-ге дейін  ашық.

0
0
1110

Ұлыстың Ұлы күнінде Сыр сақшылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күн мен түн теңеліп, жер-көкке жан бітіп, адамдардың аузы аққа тиіп, Жер-Ана бусанып, жақсылыққа жол бастайтын «22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі қарсаңында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының алаңында полиция қызметкерлері арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – полиция қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып спорттық даярлығын көтеру болып табылады. Аталмыш спорттық шараға Қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінен құралған 9 команда қатысып, арқан тартудан, гір көтеруден, қол күрестен бақтарын сынады. Сайысқа басқарманың басшылық құрамынан құралған төрешілер алқа…

0
0
650

«Ғаламның генетикалық коды» сурет көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде суретші Люба Стерликованың "Ғаламның генетикалық коды" атты көрмесі ашылды. Бұл - ғылым мен өнерді ұштастыра білген ерекше жоба.

Іс-шара "Астана Экспо-2017" халықаралық көрмесіне арнайы ұйымдастырылған. Көрмеге кескіндемелер, нысандар, видеоинсталляциялар қойылды. Суретшінің туындыларында ғарыш энергия ретінде көрінеді. Оның композицияларынан ғарыштық дүниенің бар ғажайыбын байқауға болады.

Люба Стерликова - америкалық суретші. Оның туындылары АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Италия, Ресей секілді елдердегі 80-нен астам көрмелерде ұсынылған. Көрме 2017 жылдың 16 сәуіріне дейін созылады.

2
0
1962

2017 жылғы наурыздың 10-ынан бастап 16-сын қоса алғандағы кезең ішінде

1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде 217 нормативтік құқықтық акті тіркелді;

2. Құқықтық ақпараттық қызмет азаматтардың 2694 сұрақтары бойынша консультация көрсетті;

3. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде 210 нормативтік құқықтық акті ресми жарияланды.

0
0
329

«Жылдам ақша» + «FAST Collect» = махинации?

В жизни каждого человека возникают такие ситуации, когда в срочном порядке необходима небольшая сумма денег на ремонт, учебу, лечение или приобретение недорогой техники. А под рукой этих денег нет. И занять не у кого. И какой же выход, спросите вы. Да все очень просто – микрозаймы. Сейчас на рынке этих услуг просто пруд пруди. Главное, не ошибиться с выбором. Но это уже как повезет. Как не повезло и Полине, предпринимателю из г.Талдыкорган, которая обратилась к нам за помощью, чтобы разобраться в возникшей ситуации между ней и микрокредитной организацией «Жылдам ақша» и коллекторским агентством «FAST Collect» (газета «Диалог», №4 от 9 марта 2017 г.) Это дело заинтересовало нас, если не сказать, заинтриговало своей запутанностью, что было принято решение о журналистском расследовании, перв…

1
0
3441

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істеуде. «Дегенмен де, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген с…

0
0
673

Роза шақырады

Қазақ эстрадасынан ойып тұрып орын алған, қазақтың сүйікті әнші қызы Роза Рымбаева ел арасында көктемнің жаршысына айналып үлгерді. Атына заты сай өнер иесі 40 жылдан астам уақыт бойы өнерімен, гүлдей құлпырған бейнесімен сахнаның көркін кіргізіп келеді. «Кешкі кездесу» бағдарламасының келесі шығарылымы Роза Рымбаеваның 60 жастық мерейтойына арналады. Бағдарламаға әншінің отбасынан бөлек, өнер жолындағы әріптестері қатысады. Ақжол Мейірбеков Роза Қуанышқызының жас күніндегі естеліктерінен сыр шертеді. Ал актриса Салтанат Бақаева мен әнші Жанболат өз ұстаздарының университет қабырғасындағы қызықтарымен бөліседі. Бағдарламаға сонымен қатар әншінің сахнадағы әріптесі Мақпал Жүнісова қатысады. Жүрегі өнер деп соққан жанның ғибратқа толы өмірі жайлы бағдарламаны Еуразия бірінші арнасынан сенбі…

0
0
424

«Ақбілек» романын тағы да қайталап оқып шықсам деген ниет бар

Достар, сәлем! Yvision.kz сайтына жаңадан қосылған қолданушымын, әзірге. Өзімді "блогер" деп таныстырғаным ұяттау секілді. Дегенмен де, бала кезден қазақ халық ертегілерін оқып өсен жанмын. Шыны керек, халық ертегілерін мектеп табалдырығын аттағаннан бастап - ақ, мектеппен қоштасқанға дейін кітапханадан шықпай, кітаптарды үйге алып келіп оқитынмын. Оқушы кезде қазақ әдебиетінен үздік оқыдым. Ақын, жазушылардың шығармаларын, романдарын сүйіп оқыдым. Содан болса керек, колледж қабырғасында жүріп, газет - журналдарға мақала жаза бастадым. Кітап оқыған өте қатты ұнайды. "Қазіргі жастар кітап оқымайды" - деген пікірмен мүлде келіспеймін. Бәріне топырақ шашу керек емес. Өз ойым. Оқимын, оқимыз да, оқып та келеміз. Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романын тағы да қайталап оқып шықсам деген ниет б…

2
0
2059

Бүгін «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Бүгін Қазақстандағы ең үлкен сауда ойын-сауық орталығы "MEGA Silk Way" салтанатты түрде ашылды. Бұл рәсімге мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. Ашылу рәсімі үлкен мерекелік бағдарламаға ұласты. Қонақтар назарына қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен сауда керуені ұсынылды. Сағат 18:00-ден бастап әуе гимнасттары мен акробаттар өнер көрсетті. Қонақтар арасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, түрлі шеберлік сыныптары өтті. Ғимараттың ішкі дизайны жиналған xалықты таң қалдырды. "Silk way", яғни "Жібек жолы" атауын алған бұл ғимарат өз атына лайықталып салынғаны байқалды. Батыр бейнесіндегі аниматорлар, керуен күймелері, қабырғаға салынған көш бейнесі нағыз керуен жолын еске түсірді. Естеріңізге сала кетейік, "MEGA Silk Way" сауда ойын-сауы…

0
0
1890

Бүгін «MEGA Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бүгін Қазақстандағы ең үлкен сауда-ойын-сауық орталығы "MEGA Silk Way" салтанатты түрде ашылды. Бұл рәсімге мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қатысты. Ашылу рәсімі үлкен мерекелік бағдарламаға ұласты. Қонақтар назарына қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен сауда керуені ұсынылды. Сағат 18:00-ден бастап әуе гимнасттары мен акробаттар өнер көрсетті. Қонақтар арасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, түрлі шеберлік сыныптары өтті. Ғимараттың ішкі дизайны жиналған xалықты таң қалдырды. "Silk way", яғни "Жібек жолы" атауын алған бұл ғимарат өз атына лайықталып салынғаны байқалды. Батыр бейнесіндегі аниматорлар, керуен күймелері, қабырғаға салынған көш бейнесі нағыз керуен жолын еске түсірді. Естеріңізге сала кетейік, "MEGA Silk Way" сауда-ойын-сауы…

0
0
612