Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елордада пікірсайысшылар бас қосты

Наурыз мейрамы жер-жерде түрлі форматта атап өтілді. Соның бірі мейрамға орай Еуразия Ұлттық университетінде республиканың түкпір-түкпірінен келген пікірсайысшылардың бас қосуы. Екі күнге созылған жиын алғашында наурыз көже, бауырсақ сынды ұлттық тағамдар қойылған дастарxаннан дәм татудан басталса, танысып-біліскеннен кейін, 10-ға жуық аймақтан "Сен тұр, мен атайын" деп келген жастардың түрлі тақырыптар төңірегінде ой қозғап, пікірталастыруына жалғасты. Мәселен, турнирдегі қарарлар ұлттық құндылықтар туралы ғана емес, бүгінгі таңдағы нағыз өзекті мәселелер жөнінде болды. Нәтижесінде, барлық кезеңдерде де Петропавл қаласынан келген 8-сыныпта оқитын ең жас спикерден өзге, Астаналық пікірсайысшылар оза шауып жеңімпаз атанды. Демек, бұл сайыс та қалыптасып қалған "Астаналық турнирде Астаналықтар ғана жеңеді" деген стреотипті жоққа шығара алмады.
Айта кетейік, турнирді ұйымдастырушы "Жеті Жарғы" пікірсайысшылар клубы.

0
0
295

Осы тақырып бойынша

Елордада пікірсайысшылар бас қосты - Yvision.kz