Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қош келдің, әз Наурыз!

Елордада таң атқалы тынымсыз тіршілік. Қаланың түкпір-түкпірінде мерекені тойлаушылардың санында шек жоқ. Астана концерт залының жанындағы алаңда, "Ханшатыр" ойын сауықтық орталығының жанындағы этноауылда дүбірлі той болып өтті. Ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық киім киген қыз-жігіттер киіз үйдің ішінде көпшілікке наурыз көже ұсынды. Концерттік бағдарлама болып, xалық алаңның ортасына жиналып ұлттық би билеп жарысып бір марқайып қалды. Ханшатыр ғимаратының ішінде де, сыртқы алаңда да жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ұлттық оюмен өрнектелген бұйымдар сатылды. Қылқалам шеберлерінің көздің жауын алар суреттері көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, ұлттық мейрамымызды өзге ұлт өкілдерінің де тойлауы, туристердің дәстүрімізбен қызыға танысуы қуантты.
Иә, бүгін Қазақстандықтар үшін елеулі күн. Күн мен түннің теңелетін күні. Самарқанның көк тасының жібитін күні. Ендеше, барша отандастарымызды ұлық мерекемен құттықтаймын. Жаңа жыл жақсылықтардың, жағымды жаңалықтардың бастауы болғай!

0
0
243

Осы тақырып бойынша

Қош келдің, әз Наурыз! - Yvision.kz