ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Keruen City» ойын-сауық орталығы жаңа атауының тұсауын кесті

Бүгін "Keruen City" ойын-сауық орталығының жаңа атауының құрметіне мерекелік концерт өтті. Қазақтың жаңа жылы - әз Наурызбен орайластырыла жасалған мерекелік бағдарлама таңертеңнен бастау алды.
Ойын-сауық орталығында киіз үй тігіліп, домбырамен әуезді ән орындалды.

Ұйымдастырушылар келген қонақтарға "Keruen Сity" ойын-сауық орталығының атынан сыйлықтар таратып, қызықты сайыстар мен ұтыс ойындарын өткізді.
Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі спорттық ойындарға қатысуға мүмкіндік алды.
Наурыз тойына арналған мерекелік бағдарлама кешке дейін жалғасын таппақ.
Сағат 18:00-де Украинадан арнайы шақырылған қонақ MONATIK-тің
қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, "Мега" ойын-сауық орталығының атауы "Keruen Сity" болып өзгертілген болатын.
Енді Қазақстанның өзге қалаларындағы "Mега" ойын-сауық орталықтары "Keruen Сity" болып аталмақ.