ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Селтеткізер» дәстүрін Павлодарда ұмыт қалдырған емес

Наурыз - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың - наурыз Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Күн мен түннің теңелген шағы, көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды.

Дәл осы 22 наурыз Күн мен Түннің теңелген уақытында Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен «Серпін» студенттері Ертіс жағасына келіп, қазақша жыл санау бойынша жылдың соңғы кешін шығарып салды.

Көктем келді дегенше, махаббатқа бөленетін шақ келді дегейсің. Шаттық пен қуанышқа бөлейтін Ұлыстың Ұлы күні - 22 наурызбен бірге ғашықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін білдіретін, жүректердің лүпілін сездіретін ерекше мүмкіндік келеді. Жас жігіт сүйіктісіне "селтеткізер" жасайтын, қыздар да көңілі қалаған жігітіне «ұйқыашар» тарту ететін сәт туады.

22 наурыз күні, күн мен түн теңескен уақытта, жұрт ұйықтап қалмауы үшін жас келіншектер, қыздар "ұйқыашар" деп аталатын дәм тағайындап, өздері ұнатқан жігіттерге апарып береді. Ұйқыашардың қарымтасына жiгiттер селт еткендіктен "селтеткiзер" рәсiмiн жасайды. Сыйлықтар да сол кезеңге сай, айна, тарақ сияқты бұйымдар болған. Осы күні дәстүрімізді жалғастырып, 22 наурызда сүйген қызыңыз «ұйқыашармен» қуантса, селт еткен жүрегіңізді тарту етіп, "селтеткiзер" сыйлаңыз. Кереку жастары да қазақтың осы бір әдемі дәстүрін ұмыт қалдырмай шара барысныда бір-бірлеріне «ұйқы ашар» мен «селтеткізер» сыйлаудан тайсалған жоқ.