Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанның қасиетті картасына он Ақмола жобасы енгізілді

Ақмола облысында «Рухани «жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде 74 инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени жобалар мен іс-шаралар бекітілді. Олардың ішінде мәдениет объектілерін жаңғырту, қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі жұмыстар, Қазақстанның алпауыт географиясы картасында. Осы жаңалық жөнінде келесі сұхбаттан кеңірек таныса аласыздар.


0
0
342

Темекі=шығын

Өз басым темекінің не үшін керектігін түсінбеймін. Жаман сасыған иіс, тістерінің сарылығы, денсаулықты құртқаннан, қоршаған ортаны ластаудан басқа дым бермейді ғой ол нәрсе. Бірақ та дәл осы темекімен айналысатын бизнесмендер байыды бірінші кезекте, әрине алкоголь де бар. Жарайды, ол деген басқа тақырып, оны қозғамай ақ қоялық! Менің не айтқым келіп отырғаным?) Осыдан 4 жыл бұрын түрік фирмасында жұмыс жасаған едім. Олар деген масқара көп темекіні шегетін адамдар екеніне көзім жетті. Сол кезде құрдас түрік жігіті тәулігіне "Парламент Акваблудың" 3-4 қорабын шегіп тастайтын. Сонда ерінбей есептедім: 250теңге/1қорап темекі.1тәулікте максимум 4 қорап делік, өйткені темекіні "стрелять" ететіндер де бар, олардың да қамын ойлауымыз керек). Сонымен 250тг*4қорап*31күн= айына 31000теңге. Менің көз…

0
0
1099

Аралас жекпе-жек өкілі Арман Әшімов: Күрес әрбір қазақтың қанында бар!

ҚР ММА кубогының жеңімпазы, К-1 бойынша Қазақстан, Еуразия және Еуропа чемпионы, «Алаш Прайд» турнирлерінің қатысушысы, аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Арман Әшімов 10 қараша күні Мәскеуде өтетін М-1 Challenge 85 халықаралық турнирінде еліміздің намысын қорғайтын болады. Бұған дейін Ингушетияда өткен М-1 Challenge 81 халықаралық турнирінде Әшімов жеңіліп көрмеген дағыстандық Гаджимурат Алиевті екінші раундта сұлатып салып, еліміздің мерейін үстем еткен болатын. Алдағы Мәскеуде өтетін тартыста отандасымыз өз саласында осал емес, осыған дейін 18 жекпе-жектің 16-ында жеңіске жеткен, оның 10-ын нокаутпен алған бразилиялық спортшы Родриго Мелониоға қарсы шығады. Қазір жекпе-жекке қарқынды түрде дайындалып жатқан Әшімов «Күрес әрбір қазақтың қанында бар, мен де барымды саламын» дейді.…

0
0
469

«СМП-Қызылорда» құрылыс компаниясы «Нұрлы жер» бағдарламасының Қызылорда облысындағы алғашқы қатысушысы

«СМП-Қызылорда» ЖШС құрылыс компаниясы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының Қызылорда облысы бойынша алғашқы қатысушысы атанды. Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында компанияға қолдау көрсетуге шешім шығарылды. «СМП-Қызылорда» ЖШС 2002 жылы құрылған. Компания негізі қаланғаннан бері облыс көлемінде көптеген құрылыс нысандарын салып, нарықтағы сенімді серіктес ретінде танылған. Серіктестіктің қуатты өндірістік базасы жұмысқа қажет барлық құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде ерітінді-бетон торабф, ұсталық және арматуралық цех, механикалық-пластик цехтері, ұсақ темірбетонды өнімдер шығаратын цех, сондай-ақ 0,36 шақырымдық кірме темір жолы бар. Компанияның жылдық келісімшарт айналымы 1 млрд теңгеден асады. «СМП-Қызылорда» ЖШС Қызылорда қаласының Арай шағын ауданынан жалпы көлемі 15 мы…

0
0
1890

Семейде жас полицейлер слеті өтті

Семей қаласы Ішкі істер басқармасында жас полицейлер мен олардың тәлімгерлерінің слеті болып өтті. Шараның негізгі мақсаты қызметке жаңадан келген тәртіп сақшылары арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оларға патриоттық рухта жігер беру, кәсіби біліктіліктерін одан әрі нақтылау болып табылады. Слетке Семей қ. ІІБ және Курчатов полиция бөлімінің жұмыс өтіліне әлі жыл толмаған отыздан аса жас тәртіп сақшылары мен олардың тәлімгерлері, ІІБ ардагерлер кеңесінің төрайымы отставкадағы милиция подполковнигі Райса Қосубаева, ІІО ардагерлері отставкадағы милиция полковнигі Геннадий Буханченко және отставкадағы милиция полковнигі Валерий Қосубаев қатысты. Салтанатты шараны ашқан ШҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі Рамиль Ахмеров өз сөзінде ішкі істер органдарының жас қызметк…

0
0
1024

Білім беру жүйесінде Ұлт жоспары «100 нақты қадам» қалай іске асырылуда

Елбасының «Индустрияландыру және экономикалық өсу» атты үшінші бағыты бойынша Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша 5 қадам бар (64, 76, 77, 78, 79 қадамдар). Барлық қадамдарды жүзеге асыру ұзақ мерзімді сипатқа ие. Жүргізу Сандық және сапалық көрсеткіштер анықталған Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылады. 64-қадам. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңды әзірлеу, өндірістегі инновацияларды енгізу бойынша жұмысты қаржыландыру тетіктерін қамтитын. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттіліктері үшін ғылыми гранттар мен бағдарламалардың құрылымын қайта құру ». «Өздеріңіз білетіндей, біздің ғылымымыздың дамуының басты проблемаларының бірі - төмен қолданбалы табиғат және біздің ғалымдар жасайтын нәтиже…

0
0
3230

Баспасөз баяндамасы

2017 жылғы 10 қараша күні сағат 10:00-де Алматы қаласы Наурызбай ауданы аумағының «Халыққа қызмет көрсету орталығында», «Мемлекеттік кызмет Жәрмекесі» өтеді. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «Шұғыла» ықшам ауданы. Шараның негізгі мақсаты халықтың мемлекеттік қызметтің көмегін алу кезінде әдістемелік - түсіндіру ауқымын кеңейту. Шараға білім, денсаулық сақтау, архитектура, жер мәселелері, тұрғын үйлер, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту салалары бойынша қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін Алматы қаласының жергілікті және құрылымдық органдарының білікті мамандары қатысады. Сондай-ақ, қала тұрғындарына білікті мамандардың көмегімен түрлі саладағы бағыттарда мемлекеттік кызметтер көрсетіледі және шара барысында қатысушыларға электронды сандық қолтаңба жасатулар…

0
0
598

Күн бұлтты және жауын-шашын күтілуде 2017 жылғы 9-11 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

Күн бұлтты және жауын-шашын күтілуде
2017 жылғы 9-11 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын тудырған суық фронттар Қазақстан аумағынан кетіп үлгермей, Орал аймақтарынан кезекті циклонмен суық арктикалық және жаңа арктикалық фронттар жақындауда.
Кішігірім үзілістен кейін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстік облыстарда қар және боран, қатты жел және көктайғақ, оңтүстікте – жаңбыр және сулы қар, кей жерлерде күшті. Температура болмашы өзгереді, бірақ климаттық нормадан 3...5 С жоғары болып қалады.

0
0
636

Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп....

Жоғарыда келтірілген Мақал жолдары әр заманда да өзекті мәселе болып келеді. Ағайын-туысқандардың қадірін күнделікті мына өмірде өте жиі ұмытамыз немесе мүлдем ескермейміз. Бірақ, шыныменде, қалайша солай елемей жүре береміз, міндет деп есептейміз. Бұл өте дұрыс емес түсінік. Отандастар, Сіздерден сұрайтыным, әрқайсымыз туысқандарымыздың барына Шүкіршілік етейік! Алыстан іздеп келетін, сағынып келетін, бір жағдайлар болып калса егер, қол ұшын беретін де туысқандар, қызық-қуанышыңа бірлесе қуанатын, қайғыңды бөлісе көтеретін де - Туған-Туысымыз! Өз басым туыстың қадірін өсе келе түсіндім. Оған дейін де кұдайға шүкір туыстарыммен жақсы қарым-қатынаста болдым. Қазір жиырма бестен асып, отызға қарай бет бұрған жасымда туысқанның қадірі көп екенін толық сеніммен айта аламын. Туыс көп болмайды.…

0
0
2554