Темекі=шығын
Өз басым темекінің не үшін керектігін түсінбеймін. Жаман сасыған иіс, тістерінің сарылығы, денсаулықты құртқаннан, қоршаған ортаны ластаудан басқа дым бермейді ғой ол нәрсе. Бірақ та дәл осы темекімен айналысатын бизнесмендер байыды бірінші кезекте, әрине алкоголь де бар. Жарайды, ол деген басқа тақырып, оны қозғамай ақ қоялық! Менің не айтқым келіп отырғаным?) Осыдан 4 жыл бұрын түрік фирмасында жұмыс жасаған едім. Олар деген масқара көп темекіні шегетін адамдар екеніне көзім жетті. Сол кезде құрдас түрік жігіті тәулігіне "Парламент Акваблудың" 3-4 қорабын шегіп тастайтын. Сонда ерінбей есептедім: 250теңге/1қорап темекі.1тәулікте максимум 4 қорап делік, өйткені темекіні "стрелять" ететіндер де бар, олардың да қамын ойлауымыз керек). Сонымен 250тг*4қорап*31күн= айына 31000теңге. Менің көз…