Мазмұнға өту
DVDVKO

Полиция ВКО

@DVDVKO

Сайтта 2014 ж. 24 қыркүйекКазахстан, Усть-Каменогорск

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

78

пікір

1

тіркелуші

2

жазылымдар

6

Семейде жас полицейлер слеті өтті

Семей қаласы Ішкі істер басқармасында жас полицейлер мен олардың тәлімгерлерінің слеті болып өтті. Шараның негізгі мақсаты қызметке жаңадан келген тәртіп сақшылары арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оларға патриоттық рухта жігер беру, кәсіби біліктіліктерін одан әрі нақтылау болып табылады. Слетке Семей қ. ІІБ және Курчатов полиция бөлімінің жұмыс өтіліне әлі жыл толмаған отыздан аса жас тәртіп сақшылары мен олардың тәлімгерлері, ІІБ ардагерлер кеңесінің төрайымы отставкадағы милиция подполковнигі Райса Қосубаева, ІІО ардагерлері отставкадағы милиция полковнигі Геннадий Буханченко және отставкадағы милиция полковнигі Валерий Қосубаев қатысты. Салтанатты шараны ашқан ШҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі Рамиль Ахмеров өз сөзінде ішкі істер органдарының жас қызметк…

0
0
981

Риддер қаласының жергілікті полиция қызметінің полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды

1 наурыз күні түнгі сағат 11-де Риддер қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 5-шағын ауданда орналасқан құрылысы аяқталмаған тоғыс қабатты үйдің шатырына әйел адам шығып алып, секіріп түспекші делінген ақпарат түсті. Оқиға орнына дереу сол аумақта қызмет өткеріп жүрген жергілікті полиция қызметінің патрульдік экипажы жіберілді. Орынға келген полиция капитаны Сымбат Қарақұлов пен полиция сержанты Болат Нұрбеков қараңғыда басқышқа қалта шамымен жарық түсіріп тоғыз қабатты үйдің төбесіне шығады. Сымбат Қарақұловтың айтуынша әріптесімен оқиға орнына келген бойда, әйел адамның өмірін сақтап қалу үшін олар асыға көп қабатты үйдің шатырына шығады. Қалта шамадарын қосып оны іздей бастайды. Бірнеше минуттан кейін полицейлер жан түршігерлік көрініске куә болады – үй бұрышының шетінде аяқтарын ж…

0
0
767

Полиция қызметін таңдаған егіздер

Семей қаласындағы Ішкі істер министрлігіне қарасты Оқу орталығында бастапқы оқу курсынан өтіп жатқан егіз жігіттер Нұрсұлтан мен Ерсұлтан Әйіп Қазақстан Республикасының жас қызметкерлері. Егіздер Нұрсұлтан мен Ерсұлтан Жарма ауданы Былқылдақ ауылының түлектері. Жеке шаруашылықпен айналысатын ата-аналары қос қанаттарын ел қатарынан қалдырмай өсіріп, тәрбиеледі. «Ұяда не көрсең - ұшқанда соны ілесің» демекші, әке-шешеміз бала күнімізен екеуімізге дұрыс, адал жүруді үйретті. Әрқашан тату, бірлікте, бауырмал болу жайлы жиі айтып отырды. Әсіресе, әкеміздің "екеуің бірге болыңдар, сонда мықты боласыңдыр" деген өсиеті жадымызда жатталып қалды дейді, жас жігіттер. Орта мектепті аяқтағаннан кейін алғыр жігіттер жұптарын жазбастан Семей қаласындағы Р.Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжін…

1
0
1170

Ішкі істер министрлігінің Қазақстан Республикасы аумағында электрошокты қаруларды өткізу туралы жүгінуі

Интернет желісіндегі жарнамаларды талдау «Жекеленген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай - Заң) жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидентті емес тұлғалардың фонарь, оттық, ұялы телефон және т. б. заттарға ұқсастығы бар электрошокты қаруларды ерікті түрде өткізуі бөлігін бұзушылықтарды көрсетеді. Заңға сәйкес, электрошокты қару азаматтық және қызметтік қарулар санатына жатады, сондықтан ішкі істер органдарының рұқсаты бар арнайы қару сататын дүкендер арқылы сатылуы және сатып алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс. Қаруларды пошта арқылы (олардың негізгі (құрамды) бөлімдерін) және олардың патрондарын жіберу, сонымен қатар халықаралық поштамен жіберу…

0
0
450

Қазақстанда алғаш рет «Жас жүргізушілер» облыстық конкурсы өткізілді.

Өскемен қаласына 11 сынып оқушылары арасында алғаш рет «Жас жүргізушілер» атты облыстық конкурс өткізілді. 48 оқушы (16 команда) мектепте авто жүргізу ісі сабақтарында алған білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіншілік алды. Аталған конкурс ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Конкурс барысында оқушылар команда сәлемдесуі, жол жүру ережелерін білуге тестілер тапсыру, жол-көлік оқиғасынан жарақат алғандарға бірінші медициналық көмек көрсету сияқты түрлі тапсырмалар орындады. Аталған кезеңдерден сүрінбей өткен жарыс қатысушылары автодромда көлік жүргізу сынағынан өтуге мүмкіндік алды. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Өскемен қаласы әкімдігінің «Қашықтан және бейінді оқыту мектебі – ресурстік орталығы» оқушы…

0
0
1131

Полицейлер пәтер иелеріне күзет дабылын орнатуға кеңес береді

Пәтер ұрлықтарының алдын алу және жолын кесу мақсатында ШҚО ІІД Күзет қызметін бақылау бөлімі (КҚББ) объектілер мен азаматтардың пәтерлерінің сенімді қорғанысы үшін орталықтандырылған күзет пультіне қосылған күзет дабылы құрылғысын орнатуға кеңес береді. "Дабыл" белгісі бойынша күзет дабылы іске қосылған кезде қаруланған күзет қызметкерлерінің жасақтары мен полицейлері дереу келіп жетеді. ШҚО ІІД КҚББ бастығы, полиция полковнигі Ақтан Қожақановтың айтуынша 2014 жылы ШҚО-да күзет қондырғылары орнатылған пәтерлерден бірде бір ұрлық жасалған жоқ. - Шығыс Қазақстан облысында күзет қызметі субъектілері азаматтардың 1547 пәтерлерін күзетеді, оның ішінде 880 пәтер Өскемен қаласында. Біздің пайымдауымызша, орын алған криминогендік жағдайды ескерсек, бұл жеткіліксіз, - деп өз ойымен бөлісті Ақтан…

0
0
975

Психологиялық білім – практикада пайдалы!

Өткен аптада акті залында қызметтік дайындық жүйесінде ІІД қызметкерлерімен «Жәбірленушіден жауап алу психологиясы. Негізгі ұсыныстар» тақырыбында дәріс өткізілді. Қазіргі күні лекцияның тақырыбы маңызды, жауап алудың психологиясын практикада учаскелік полиция инспекторлары және қылмыстық іздестіру қызметкерлері және тергеушілер мен анықтаушылардың білуінің пайдасы зор. Полиция қызметкерлеріне жәбірленушіден жауап алуға дайындықтың психологиялық аспектілері мысалмен түсінікті етіп жеткізілді. Принципшіл, тура, әділ тергеуші жауап алушының құрметіне ие болады, олардың дұрыс түсініктеме беріуне ықыласын тудырады, тергеуге көмек көрсетеді. Дәріс соңында қырым қатынас жасау бойынша тренингтік жұмыс өткізілді және бейнеролик көрсетілді. Полицейлермен белсенді қарама,-қарсы байланыста егер терг…

0
0
1008

Қару сатып алу жалғасады

Қазақстан полициясы 2015 жылдың қаңтар айында халықтан травматикалық және газды қару-жарақты сатып алуды бастайды. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтарға травматикалық қару-жарақ ұстауға тыйым салатын заң 2014 жылдың сәуір айында қабылданған болатын. Осы өткізілгелі отырған акция жайлы Семей қалалық ІІБ баспасөз жиыны өтіп, БАҚ өкілдеріне кеңінен ақпарат берілді. Семей қалалық ІІБ лицензия және қару айналымын қадағалау тобының аға инспекторы, полиция майоры Талғат Дюсуповтың айтуынша, ішкі істер органдары жеке тұлғаларға тіркелген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды қабылдауды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жүргізетін болады. Ерікті түрде тапсырылған травматикалық қарулардың өтеуі осы мақсатқа көзделген респ…

0
0
1493

ШҚО полицейлерінің бастығы Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер органдарының қаза болған полицейлері балаларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап сыйлықтар табыстады

Тәуелсіздік жылдары ішінде Шығыс Қазақстанда қызметтік борышын атқару барысында ішкі істер органдарының 37 қызметкері қаза болды. Облыс полицейлері қаза болған әріптестерін үнемі еске түсіріп құрметтейді. Бірі әке, бірі бала, бірі серігі болған, құқықтық тәртіпті сақтап қалу үшін өмірін қиған қызметкерлердің отбасылары жәрдемсіз және назардан тыс қалмайды. Мүмкіндігінше қаза болған полицейлердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Жазғы демалыста қаза болған полицейлердің балалары Шығыс Қазақстан облысының көркем жерлерінде орналасқан жазғы сауықтыру лагерлерінде ШҚО ІІД қамтамасыз еткен тегін жолдама бойынша демалу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар Полицей күніне орай қызметтік борышын атқару барысында қаза болған полицейлердің балалары мен отбасыларын құрметтеу дәстүрге айналған…

0
0
625

Семей қаласында қоғамдық көліктер қатаң тексерілді

Қоғамдық көліктің қызметін күнделікті пайдаланып жатамыз. Қарапайым халықтың көпшілігінің тіршілігі тіпті осы автобустармен тікелей байланысты. Өйткені онсыз шаруамыз бітпейді. Жасырары жоқ, сол қоғамдық көліктердің сапасы сын көтермей жатады. Тазалық пен тәртіп, мәдениет, шамадан тыс жолаушылар отырғызу, бірімен-бірі жарысу сияқты сындардан көз ашпайды. Өткен аптада осындай олқылықтың бірін қалпына келтіру мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобы қоғамдық көліктерді, оның ішінде шағын «Газель» автокөліктеріне тексеріс жүргізді. Кезекті шараны семейлік полицейлер, жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы мен Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды. Тексеріс кезінде анықталғаны – жүргізушілердің бірінің құж…

0
0
749