Жетім балаларды шетелге сатуды тоқтатсын!
60-тан астам баланы асырап алған елімізге танымал Әминә қажы, "Перзент" балалар үйінің төрайымы мен тәрбиеленушілері шетелдіктерге жетімдерді сатуға қарсы шықты. Балалар омбудсмені Аружан Саинның қазақстандық сәбилерді шетелдік азаматтардың асырап алуына арнайы заң қабылдануы керек деген ұсынысына жетім балалардың өз айтары бар деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. Бүгін "Перзент" балалар үйінің тәрбиеленушілері наразылық шараларын ұйымдастырып, қолдарына "Мені сатпа, біз өз еліміздің баласымыз, өз жерім - өз мекенім, жетімдер сатылмасын, шетелге бала сатылмасын, шет елге бала болмаймын" деген сөздерді плакатка жазып, видеоүндеу жасады. Балалардың бар талап-тілегі шетел азаматтарына бала сатылмасын дегенге саяды. Елімізге танымал Әминә қажының айтуынша, шетелдіктерге бала сату үлкен қате. Өйтке…