Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп....
Жоғарыда келтірілген Мақал жолдары әр заманда да өзекті мәселе болып келеді.
Ағайын-туысқандардың қадірін күнделікті мына өмірде өте жиі ұмытамыз немесе мүлдем ескермейміз. Бірақ, шыныменде, қалайша солай елемей жүре береміз, міндет деп есептейміз. Бұл өте дұрыс емес түсінік.
Отандастар, Сіздерден сұрайтыным, әрқайсымыз туысқандарымыздың барына Шүкіршілік етейік! Алыстан іздеп келетін, сағынып келетін, бір жағдайлар болып калса егер, қол ұшын беретін де туысқандар, қызық-қуанышыңа бірлесе қуанатын, қайғыңды бөлісе көтеретін де - Туған-Туысымыз!
Өз басым туыстың қадірін өсе келе түсіндім. Оған дейін де кұдайға шүкір туыстарыммен жақсы қарым-қатынаста болдым. Қазір жиырма бестен асып, отызға қарай бет бұрған жасымда туысқанның қадірі көп екенін толық сеніммен айта аламын. Туыс көп болмайды.
Жуырда біздің әулетте қайғылы жағдай болып қалды. Әкемнің үлкен ағасы, өзім өмір бойы "ПАПА" деп келгем, қатты ауырып, дүниеден өтіп кетті. Сол кезде барша туысқандар бір күнде-ақ түгел жинала қалды. Әрине көбісі бір облыстан болды, бірақ та қашықтыққа қарамай басқа қалаларымыздан да түгел жиналды. Қазақстанымыздың жері Шүкір кең емес пе! (Қалалар бір-бірінен бірталай алыс орналасып).... "Қырық күн" асын да бергенде де түгел болды. Құдайға шүкір! Ең бастысы, туыс ол әр кез көмектесуге дайын тұрады. Содан бір мысал келтірейін (өзім куә болдым). Жексенбіге "қырық күн" асын белгілеген болатын Үлкендер. Туысқандар сенбі күні белсенді жинала бастадық. Сенбінің кешінде Қонақ асы берілді. Үй жинастырылды. Кешкі тоғызда түгеліміз (қарт-қариялардан басқасы әрине) Мешіттің асханасына дайындауға кеттік. Ертенге деген ас (жұқанан, тәтті шәйға әзірлік, т.б.) 3-4 сағатта дайын болды, еттен басқасы әрине. Етті Тәтелерім түні бойы енді пісірді, өз бабымен дегендей. Өзіме қатты ұнағаны 66 Жұқананды 10шақты кыз-келіншек болып 2-3 сағатта жайып тастадық. Өз басым таңқалдым енді, егер де сонын бәрін жалгыз болып жайып отырсам деген сюжет көзалдыма келді, масқара қиын болар еді. Қатты риза болдым туысшылдыққа!
Немесе тағы бір мысал, кеше кешке туған Інімді ойда жоқта әскерге алып кетті. (Қалай болғаны ол жеке бір әңгіме)) Поезға олар Павлодардан мінді. Ал Туған-туысқанымыз түгел Екібастұзда жиналып, сол станцияны шуылдатып (жақсы мағынада), Інімді шығарып салды, Інім де бір кереметтей көңілденіп қалды! Енді Алла жазса, бір жылдан соң оралады. Тілеуіміз осы!
Міне, соңғы аптада Біздің әулиетімізде осындай екі жағдай өтті. Бәрінің аман-есен аталып өтуіне, әрқайсымыздың қосқан үлесіміз бар. Әрине туыстар бір-бірімен ренжісіп те жүреді. Бірақ та, не үшін керек ол?! "Дүние-боқ"дегендей, дүние -малға бола араны суытқан дұрыс емес деп есептеймін. Жазғанымның бәрі, бұл әдетте болатын "элементарный" жағдайлар, бірақ бұл туралы айту керек деп ойлаймын, адамдарға еске салу керек. Ия, бұл тек менің ғана пікірім. Бұған келісетіндер де, келіспейтіндер де бар.
