Назарбаев университетінде лекция өткізілді
А.ж. 24 қарашасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қ. бойынша департамент басшысы Тлеген Қаскин Назарбаев университетінде болып, профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттер алдында дәріс оқыды. Өзінің сөйлеген сөзінде мемлекет пен халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін кәсіби,мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған реформалардың маңызды рөлін атап өтті және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне тоқталды. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін жалпы адамдық және ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа белсенділікпен қарсы тұруға дайын тұлғаны тәрбиелеу мәселесі және білім беру саласының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың мүлтікс…