Күн бұлтты және жауын-шашын күтілуде 2017 жылғы 9-11 қарашаға арналған ауа-райы болжамы
Күн бұлтты және жауын-шашын күтілуде
2017 жылғы 9-11 қарашаға арналған ауа-райы болжамы
Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын тудырған суық фронттар Қазақстан аумағынан кетіп үлгермей, Орал аймақтарынан кезекті циклонмен суық арктикалық және жаңа арктикалық фронттар жақындауда.
Кішігірім үзілістен кейін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстік облыстарда қар және боран, қатты жел және көктайғақ, оңтүстікте – жаңбыр және сулы қар, кей жерлерде күшті. Температура болмашы өзгереді, бірақ климаттық нормадан 3...5 С жоғары болып қалады.
