Баспасөз баяндамасы
2017 жылғы 10 қараша күні сағат 10:00-де Алматы қаласы Наурызбай ауданы аумағының «Халыққа қызмет көрсету орталығында», «Мемлекеттік кызмет Жәрмекесі» өтеді. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «Шұғыла» ықшам ауданы.
Шараның негізгі мақсаты халықтың мемлекеттік қызметтің көмегін алу кезінде әдістемелік - түсіндіру ауқымын кеңейту.
Шараға білім, денсаулық сақтау, архитектура, жер мәселелері, тұрғын үйлер, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту салалары бойынша қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін Алматы қаласының жергілікті және құрылымдық органдарының білікті мамандары қатысады.
Сондай-ақ, қала тұрғындарына білікті мамандардың көмегімен түрлі саладағы бағыттарда мемлекеттік кызметтер көрсетіледі және шара барысында қатысушыларға электронды сандық қолтаңба жасатуларына болады.
БАҚ өкілдерін аталмыш шараға белсенді түрде катысуға шақырамыз.
Байланыс телефондарымыз: 8 707 222 88 70.
