Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Семейде жас полицейлер слеті өтті

Семей қаласы Ішкі істер басқармасында жас полицейлер мен олардың тәлімгерлерінің слеті болып өтті.

Шараның негізгі мақсаты қызметке жаңадан келген тәртіп сақшылары арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оларға патриоттық рухта жігер беру, кәсіби біліктіліктерін одан әрі нақтылау болып табылады.

Слетке Семей қ. ІІБ және Курчатов полиция бөлімінің жұмыс өтіліне әлі жыл толмаған отыздан аса жас тәртіп сақшылары мен олардың тәлімгерлері, ІІБ ардагерлер кеңесінің төрайымы отставкадағы милиция подполковнигі Райса Қосубаева, ІІО ардагерлері отставкадағы милиция полковнигі Геннадий Буханченко және отставкадағы милиция полковнигі Валерий Қосубаев қатысты.

Салтанатты шараны ашқан ШҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі Рамиль Ахмеров өз сөзінде ішкі істер органдарының жас қызметкерлерінің әлеуметтік бейімделуі, олардың біліктілігін арттыру және кәсіби өсуін қалыптастыруда аға буын тәлімгер-әріптестерінің көмегі және рөлі ерекше екенін атап өтті.

Кездесу барысында ІІД КЖБ бастығы Р. Ахмеров 14 жас қызметкерге алғашқы офицерлік «лейтенант» шенін салтанатты түрде табыс етті.

ІІБ ардагерлер кеңесінің төрайымы Райса Қосубаева жас буын өкілдерін патриоттыққа баулыйтын ақылдарын айтып, алға қойылған тапсырмаларды адал орындап, Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге шақырды.

Өз кезегінде жас полицейлер аға буын әріптестерінен алған ақыл-кеңестермен жағымды ақпараттарды алдағы уақытта қызмет барысында қолданатындарын айтып, алғыстарын білдірді.

Шара соңында жас полицейлер ІІБ мұражайын аралап, ішкі істер органдарының қалыптасу тарихымен танысты.

 

Семей қ. ІІБ баспасөз қызметі

   
0
0
973

Осы тақырып бойынша

Семейде жас полицейлер слеті өтті - Yvision.kz