Мазмұнға өту

Жаңа

Павлодарда «Қазақстан алюминийі» компаниясы саябақтың жерін иемденіп алмақ болған

Павлодар облысының прокуратурасы Павлодар қаласы саябағы аумағының бір бөлігін 2 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз беру дерегін анықтады.

undefined

Ауданы 1,2 га «Металлургтер» саябағының жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, жоғарыда аталған нысаналы мақсатта пайдалану үшін «Eurasian Resources Group» компанияларының бірі – «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға тікелей бөлінген.

Қадағалау актісі бойынша заңсыз рұқсат беру құжаттарының күші жойылды, жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, саябақ аумағы қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды түлғалар қызметінен босатылды.

Павлодар облысының прокуратурасы

0
0
488

Оқушы қыз сабақ үстінде талып құлап, қайтыс болды

Алматы облысында 4-сынып оқушысы мектептегі сабақ кезінде талып құлады. Қыз бала жолда ауруханаға апара жатқанда көз жұмған.

undefined

Фото: ult.kz

Ақпаратты облыстың білім беру басқармасындағылар растады.

Қарасай ауданының Қошмамбетов мектебіндегі бұл оқыс оқиға туралы бүгін айтылып жатқанымен, ол бір апта бұрын, яғни 23 сәуірде болыпты.

«Қыз бала сабақ үстінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 8 қазанындағы № 118 бұйрығына сай көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен, оқушы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», – делінген басқарманың хабарламасында.

Қазір құқық қорғау органдары осы оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.  

0
0
595

Елімізде 10 телеарнаның қатысуымен жалпыұлттық телемарафон өтеді

Бүгін 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтеді.

undefined

«Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия бірінші арнасы», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетілетін шара сағат 17:00-ден басталып түнгі 22:00-ге дейін жалғасады.

Телемарафонның басты кейіпкерлері –  табиғат апаты кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар. Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар.

0
0
308

Сингапурлықтардың Қазақстанға құйған инвестициясы 1,4 миллиард доллардан асқан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пен бастаған делегацияны қабылдады.Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуді көздейтін кездесу достық рәуіште әрі нәтижелі өтті."Біз – уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз", – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, халықаралық ынтымақтастықты арттыруда және мемлекеттер арасындағы диалогқа ықпал етуде парламенттік дипломатия аса маңызды рөл атқарады. Президент бүгінде Қазақстанда 140 сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,…

0
0
428

Ақтөбе облысында жаңа үйлердің жаппай құрылысы басталды

Ақтөбе облысының тасқын судан зардап шеккен аудандарында жаңа баспаналардың құрылысы басталды.Мысалы, Қобда ауданының орталығында 120 жаңа үй тұрғызылады. Қазір бекітілген мердігерлер жер өлшеу жұмыстарын жүргізіп, іргетасын қалауға кірісіп кеткен.Бұл ауданда қарғын су 292 ауланы басқан. 150 үй апатты деп танылып отыр. Бұл сан әлі де өзгеруі мүмкін. Себебі комиссия жұмысы аяқталған жоқ. Соған қарамастан жаңа үйлердің құрылысы ұзаққа созылмай басталып кеткен."Шаруа қожалықтардың, жеке қосалқы шаруашылықтардың өздерінің арыз-шағымындарына байланысты 1063 бас тіркелді. Оларға да қазір барлық қызметтер жұмыс жасап, ветеринарлық қызметі, ауылдық округ әкімдері жұмыстарын жүргізіп, төлемақылары төлене бастады", - дейді Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев. Жалпы Ақтөбе облысында 4,5 мыңға…

0
0
432

Ақмола облысында лаңкестіккке қатысты іс бойынша сегіз адам сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 7 Қазақстан азаматы және 1 шетелдікті діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдастырды және оған қатысып, лаңкестікті насихаттады деген күдікпен ұстап, кейін оларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған еді.

undefined

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштілік тудырған.

Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында мол көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Сотталушы адамдардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Ақмола гарнизондық әскери соты оларды 1 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

2024 жылғы 2 сәуірде үкім заңды күшіне енді.

0
0
379

ШҚО-дағы демалыс базасында алапат өрт болды

Шығыс Қазақстан облысында демалыс базасындағы үйлер жаппай отқа оранды.

undefined

"Демалыс базаларының бірінде 3 жазғы ағаш үйлер өртенді. Қазіргі уақытта өрт 269 шаршы метр алаңда оқшауланды. ТЖД қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізуде", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазір оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

0
0
355

Ерлан Тұрғымбаев ұсталды деген ақпаратқа қатысты Бас прокуратура түсініктеме берді

Еліміздің Бас прокуратурасы 2022 жылғы Қаңтардағы оқиғаларына байланысты қылмыстық істерді тергеу жалғастырылып жатқанын хабарлады.Коллаж: Orda.kz"Осы жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды.Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды", - делінген қадағалаушы органның хабарламасында.Біз бұрынырақ Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарағанын жазғанбыз. Ерлан Тұрғымбаев 2019-2022 жылдары Ішкі істер министрі болды. Ол 2022 жылдың ақпанында қызметінен кетіп, тамы…

0
0
388

Жамбыл облысында 105 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады. Бұл туралы облыс прокуратурасындағылар хабарлап отыр.

undefined

Аталған аймақтың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны анықталды.

30.03.2024 жылы аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді.

Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

0
0
318

Еліміздің бұрынғы ішкі істер министрі ұсталды ма?

Әлеуметтік желіде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.Бұл жайында бірінші болып Nege.kz телеграм-арнасы хабарлаған еді. Соны әлеуметтік желідегі басқа көптеген парақшалар мен ақпарат құралдары іліп әкетті.«Біздің ақпарат көздеріміздің хабарлауынша, бүгін бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Мұдай шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс негізінде қабылдаған», – деп жазды кеше Nege.kz.Әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.Ерлан Тұрғымбаев 2019-2022 жылдары Ішкі істер министрі болды. Ол 2022 жылдың ақпанында қызметінен кетіп, тамызда Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Ал қыркүйекте Қазақстанның ШЫҰ Аймақтық л…

0
0
363