Мазмұнға өту

Жаңа

Астана араласады деген әңгіме жоқ – СІМ Әзербайжан мен Армения келіссөзі жайында

Бүгін дәстүрлі брифинг барысында еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Алматыда Әзербайжан мен Армения арасында өткелі жатқан келіссөздегі Қазақстанның орны туралы мәселеге пікір білдірді.

undefined

Фото: apa.az

Смадияров бұл шараның тек екі тарап арасында болатынын атап өтті.

«Бұл жерде Астана ара ағайын болады деген әңгіме жоқ. Біз тек жанашырлығымызды танытып, good office қызметін көрсетеміз. Толығырақ ақпаратты кейін айтамыз», – деді СІМ ресми өкілі.

Айта кетейік, кеше Әзербайжан президенті Илхам Әлиев аталған екі елдің сыртқы істер министрлері бейбіт келісімге келу жайын Қазақстан аумағында талқылайтынын хабарлаған еді.

0
0
429

"Жемісі көп болсын!" Көпұлтты Оспановтар отбасы ауласына жеміс ағаштарын отырғызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде.Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл облысының Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр. Осы орайда бүгін «Жанашыр жан» қоғамдық қорының директоры Марат Оспановтың көпұлтты шаңырағында (барлығы 15 баланы (4-еуі грек, 2-еуі неміс, 5-еуі орыс) асырап алған) ауласын абаттандыру және жеміс талдарын отырғызу шарасы өтті.Айта кету керек, Марат Оспанов осы жылы «Қайырымдылық керуені» VI республикалық байқауының «Туған жер» аталымы бойынша қоғамдық мәселелерді шешуде ерен еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған. Түрлі ұлттың балаларын бауырына басып отырған отбасы көпке үлгі көрсетуде. "Бүгін ерекше қуаныштымын. Мен бауырыма қанша бала бассам, шаңырағыма сонша береке кірет…

0
0
446

"Туысқаның жол апатына ұшырады" деген алаяқтық схемамен жұмыс істеген курьер сотталды

Соңғы уақыттары телефон алаяқтарының азаматтардың ақшалай қаражарттарын иемденіп алу үшін курьерлерді пайдалануы жиілеп кетті.Телефон алаяқтары өздерінің нұсқауы бойынша әрекет ете отырып, оларға белгілі бір ақыға қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударып беруге тиіс курьер қызметін түрлі сайттар арқылы ұсынып отырған.Үкімде келтірілгеніндей, телефон алаяғы жәбірленушіге оның қызының адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасағанын және істі оң шешу үшін оған ақша аудару қажет екенін айтқан.Осындай схема бойынша 2 адамды алдап, 1 млн теңгеден астам қаражатты иемденіп алған.Курьер ретінде елорданың 27 жастағы тұрғыны жұмысты Telegram-арнасы арқылы  хабарландырудан тауып, қылмыстық топпен сыбайластық әрекетке барған.Келіншек ақшаны алып, өзіне соның10% қалдырып, қалған соманы бел…

0
0
377

Мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыр…

0
0
306

СҚО-да әпкесі мен інісі асылып өлді

Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Имантау ауылында болған қос бірдей суицид туралы ақпарат тарады.
undefined
Фото: baigenews.kz

«Жексенбі күні кішкентай баланың 22 жастағы анасы жер үйдің қорасында асылып өлді. Бұл сұмдық жағдай оның он жеті жасар інісіне қатты әсер еткен. Сөйтіп, жасөспірім орманға қарай жүгіріп кетіпті. Содан кейін ол да асылған күйінде табылған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.
Жарияланған мәліметтерге қарағанда, әпкесі мен інісі ата-әжесінің қолында өскен. Әкесі қайтыс болған, шешесі кетіп қалған. Қыз жақында тұрмысқа шығып, бала туыпты. Сол сәбиі қазір 1 жастан асқан.


https://t.me/kriminal_kazakhstan

0
0
451

Оралда өрт болған көпқабатты үйден 50-ден аса адам эвакуацяланды

БҚО орталығы - Оралда тұрғын үйдің 7 қабатындағы бір пәтерден өрт шықты.
undefined

Оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілер 53 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялаған.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмыстарының арқасында, өрт 18 ш.м алаңда сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Өрттің себебі анықталуда.

https://t.me/qr_tjm

0
0
315

Елімізде ең көп сұранысқа ие мамандықтар қандай?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі ең көп сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады.Сурет: gov.kz"Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (ЕРДО) сарапшылары кадрларға қажеттіліктің 2024-2030 жылдарға арналған орта мерзімді болжамын жасады, оның шеңберінде таяудағы жылдары неғұрлым талап етілетін мамандықтардың ТОП-25 тобы айқындалды. Сарапшылардың пікірінше, ең «қажеттілер»: есепшілер, күзетшілер мен инкассаторлар, жүргізушілер, мұғалімдер, орта медициналық қызметкерлер және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбиешілер", - делінген министрлік хабарламасында.Сонымен, ЕРДО сарапшылары Кәсіптердің ұлттық жіктеуішін негізге ала отырып, сұранысқа ие мамандықтардың ТОП-25 тізіміне мыналарды енгізіпті:1. Есепшілер – 93 мың адам;2. Күзетшілер, инкассаторлар және…

0
0
398

ИДБ елімізде су шаруашылығы жобаларын жүзеге асыруға гранттар мен қаржы бөлмек

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барды. Онда осы күндері Ислам даму банкінің (ИДБ) жыл сайынғы отырысы өтіп жатыр. Нұрлан Байбазаров Қазақстаннан басқарушы ретінде ИДБ тобының президенті Мұхаммед Әл-Джассермен, сондай-ақ инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі Ислам корпорациясының (ICIEC) бас атқарушы директоры Усама Каиссимен кездесулер өткізді.Ислам даму банкі – әлемдегі ең белсенді көпжақты даму банктерінің бірі және исламдық қаржы саласындағы көшбасшы. ААА деңгейіндегі рейтингтерімен ИДБ әлем бойынша қатысушы елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуын алға тартуда.Мұхаммед Әл-Джассермен өткен кездесудің басты тақырыбы Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жобалары…

0
0
347

АҚШ-та торнадо әлі тоқтамай тұр

АҚШ-та жойқын дауыл әлі жалғасып жатыр.

undefined

Фото: әлеуметтік желіден

Торнадо Небраска, Айова, Техас және Оклахома штаттарында жүріп өткен. Осының салдарынан өткен демалыста бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. Жүздеген үй қираған.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметі бойынша, Оклахомада бір түнде бірнеше торнадо тіркелген.

Жойқын дауыл шегіне осы аптада жетеді делініп отыр.

Биыл бүкіл әлем табиғаттың тосын мінезінен ерекше зардап шегіп жатқан тәрізді.

0
0
315