Мазмұнға өту
Ақтөбе облысы
12 жазбалар3 тіркелуші

Ақтөбе облысы – Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан аймақ. 1932 жылы құрылған. Аумағы бойынша ең үлкен облыс.

Ақтөбеде студент жастармен құқықтық сауаттылыққа арналған кездесу өтті

Ақтөбе облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастарға арналған кезекті түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен Ақтөбе автожол колледжінің студенттерімен «Жастарға кеңес» жобасы шеңберінде арнайы кездесу өтті.

0
0
155

Ақтөбеде 120-дан астам оқушы облыстық экофорумға қатысты

Ақтөбе қаласындағы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясында «Экологиялық тәрбие: бүгінгі қадам, ертеңгі нәтиже» атты облыстық іс - шарасы өтті. Мақсаты – оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру, экологиялық сананы нығайту және күнделікті өмірде экологиялық сауатты әрекет етуге ынталандыру.

0
0
135

«Қолайсыз ауа райында барлық қызмет жедел, әрі үйлесімді жұмыс істеуі тиіс» - Асхат Шахаров

Ақтөбе облысында демалыс күндері қолайсыз ауа райы сақталып, республикалық және облыстық маңызға ие автожолдарда қозғалыс шектелген-ді. Сәйкесінше, жолаушылар мен көлік жүргізушілері жылыту пунктеріне орналастырылып, ыстық тамақ және жатын орынмен тегін қамтылды. Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде Төтенше жағдайлар және Полиция департаментінің басшылары, бірқатар аудан әкімдері, «Қазавтожол» мекемесінің басшысы өткен тәулікте атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

0
0
103

Су тасқынынан зардап шеккен ауылда 100 орындық жаңа балабақша салынды

Тәуелсіздік күніне орай, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында жаңа 100 орындық балабақша ашылды. Бұған дейін ауыл бүлдіршіндері тозығы жеткен 50 орындық ғимаратта тәрбиеленіп келген еді. Жергілікті тұрғындар бұл мәселені облыс әкімі Асхат Шахаровтың ауылға жұмыс сапары кезінде көтеріп, жаңа нысан салу жөнінде ұсыныс білдірген-ді.

Қайтарылған активтер: Шалқар ауданының екі ауылында медициналық пункт ашылды

Нысандар Мемлекет басшысының халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту туралы тапсырмалары аясында іске асты.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округіне қарасты Сарысай ауылында және Кішіқұм ауылдық округінің Шоқысу ауылында жаңа медициналық пункттер пайдалануға берілді.

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Оқиға Ақтөбе - Орск бағытындағы тас жолда болған.

undefined

Қарғалы ауданындағы Ащылысай кентінің маңында Toyota Alphard аударылып, соның салдарынан төрт адам қаза тапты. Бір адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Бұл көліктің жүргізушісі жолаушылар тасымалымен заңды түрде айналысып жүрген екен.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

0
0
442

Құм, қиыршақтарды заңсыз алған кәсіпорындардың әрекеті әшкере болды

Ақтөбе облысында табиғатты қорғау прокуратурасының бастамасымен құзырлы орган кең таралған пайдалы қазбаларды (құм, балшық, қиыршық тас сияқты негізінен құрылысқа қажет материалдар) өз бетімен алғаны үшін жер қойнауын пайдаланушылардан келтірілген залалды өндіру бойынша жұмыс жүргізді.Прокуратураның тапсырмасы бойынша Индустриалды-инновациялық даму басқармасы жерүсті маркшейдерлік зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде кәсіпорындардың өздеріне бөлінген аумақтардан тыс жерлерде пайдалы қазбаларды өндірудің 18 фактісін анықтады.Қабылданған шаралар бойынша 3 кәсіпорын жалпы сомасы 2 миллион теңгеге жуық шығынды өз еркімен өтеді.Қазіргі таңда 4 кәсіпорынға 10 миллион теңгеден астам шығынды өндіру туралы сот шешімдері қабылданды.11 компанияға жалпы сомасы…

0
0
414