Мазмұнға өту
Шығыс Қазақстан облысы
12 жазбалар3 тіркелуші

Шығыс Қазақстан облысы – Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан аймақ. 1932 жылы құрылған. 1997 жылы оған сол кездегі Семей облысы қосылып, ол 2022 жылы Абай облысы болып қайта бөлінді.

«Заң мен тәртіп» – ШҚО оқушылары арасындағы саналы әрі жауапты ұрпақтың таңдауын айқындайтын челлендж

2026 жылғы 12 қаңтарда Өскемен қаласында «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында 8–11 сынып оқушылары арасында құқықтық челлендждің қалалық кезеңі басталды.

Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы сенатормен өткен мазмұнды кездесуде талқыланды

ШҚО-да ҚР Парламенті Сенатының депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов пен облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен мазмұнды кездесу өтті. Басқосу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың басымдықтарын жергілікті деңгейде тиімді іске асыру мәселелері кеңінен сөз болды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті

Үлкен Нарын ауданының Малонарымка ауылында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарымен «Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам» тақырыбында кездесу өтті.

Экология – өмір салты: ШҚО-да жастармен диалог аясында жыл қорытындылары шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында экологиялық күн тәртібі күнделікті мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналып келеді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауданда жастармен мазмұнды әрі шабыттандыратын кездесу өтті. Іс-шара белсенді жастарды, волонтерлерді және жастар ұйымдарының өкілдерін туған өлкенің табиғатын сақтау жолындағы ортақ мақсатта біріктірді.

0
0
101

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтық десант өңірлік алдын алу акциясы Риддер қаласында басталды

Облыстық прокуратураның бастамасымен Риддер қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтық десант» өңірлік алдын алу акциясының басталуына орай ведомствоаралық арнайы жиын өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасарыЕ. Бұланбаев, полиция департаментінің өкілдері, ішкі саясат басқармасының басшысы А. Садырбаев қатысты.

0
0
100

Жастар және заң: ШҚО-да студенттердің құқықтық сауаттылығы арттырылуда

Өскемен экономика және техника колледжінде «Заң және жастар» атты диалогтық алаң «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтық ұстанымын нығайту және жауапты мінез-құлық қалыптастыру.

0
0
117

«QAZAQSTAN DAUIRI» халықаралық газетінің “Ауыл тағдыры — ұлт болашағы” экспедициясы Шығыс Қазақстан облысында жалғасуда

«QAZAQSTAN DAUIRI» халықаралық газетінің «Ауыл тағдыры — ұлт болашағы» экспедициясы өңірлерді аралап, ауылдағы өзекті мәселелерді, ұлттық құндылықтардың сақталуын және ақпараттық сауаттылықты арттыру бағытында жұмыстар жүргізуде.

0
0
102

ШҚО-да бірнеше бала суға батып кете жаздады

Оқиға кеше болған.

ШҚО Самар ауданының Құлынжон ауылдық округіндегі Бұқтырма су қоймасында шомылу кезінде ересектердің қарауынсыз қалған 4 бала суға батып кете жаздады.

Көмекке келген ТЖМ құтқарушылары Нұржан Жолжақсынов, Әсет Тұрсынов, Саян Ерназ және куәгерлердің бірі 2008, 2012, 2011 және 2010 жылы туған балаларды судан құтқарды.

Нұржан Жолжақсынов құтқару шеңберінің көмегімен 2011 жылы туған баланы судан шығарып алды. Оның әріптестері Әсет Тұрсын, Саян Ерназ қайықпен басқа балаларға жағаға жетуге көмектесті.

Осы сәтте куәгер Асылан Нұрекенов құтқарушыларға көмектесіп, балаларға дейін жүзіп, оларға құтқару шеңберін лақтырды.

ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды.

https://t.me/qr_tjm

0
0
363

ШҚО-да бұрын сотталған адам бір тұрғыннан миллион теңге бопсалаған (видео)

ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады.

undefined

Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам өзіне және отбасына күш көрсетіп, одан 1 млн теңге бопсалағанын хабарлады.

Шығысқазақстандық жедел уәкілдер жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде облыс орталығының 37 жастағы бұрын сотталған тұрғынын 200 мың теңге алу кезінде ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындаған. Оның заңсыз ісін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қамауға алынған күдікті мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.


Polisia.kz

0
0
367