Мазмұнға өту

Жаңа

Грузияда «шет ел тыңшыларына» қатысты заң жобасына жаппай наразылық болып жатыр

Тбилисиде Грузия парламентінің алдында «шет ел тыңшыларына» қатысты заң жобасына наразылық шарасы өтті. Ал полиция мен арнайы жасақ митингке жиналғандарды ол жерден қууға кірісті.

undefined

Фото: REUTERS

Депутаттар «Шет ел ықпалының ашықтығы туралы» заң жобасын кеше екінші оқылымда талқылай бастаған еді. Бірақ талқылауды аяқтай алмай, құжатты бүгін тағы қарайтын болды.

Елдің Ішкі істер министрлігі наразылық шарасына қатысушыларды ғимарат алдын босатуға шақырған. Содан кейін полиция оларды қуып, ұстауды бастады. Наразы топқа бұрышталған газ шашты.  

0
0
424

Дәрі-дәрмекті таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындық жүргізіліп жатыр

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, Фармацевтикалық және медициналық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақов, сондай-ақ, Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың басшылығының қатысуымен дәрілік заттарды таңбалауды және қадағалауды енгізуге дайындық деңгейімен танысу мақсатында Алматыда фармацевтикалық нарық өкілдерімен жұмыс кездесулері өтті.Ең алдымен кездесу Қазақстандағы ірі дистрибьюторлардың бірі «Med Service Plus» компаниясының қоймаларында болды. Кәсіпорын басшылығы таңбалауды енгізуге арналған қоймалардың дайындық деңгейін көрсетті, онда таңбаланған дәрі-дәрмектер қабылданып жөнелтіледі. Кәсіпорын қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, оны қолдануға дайындалуда. «Med Service Plus» компаниясының өкілдері министрлікке бірқатар ұсыныстарын білдір…

0
0
536

Елімізде 130-ға жуық заңсыз қоқыс орны анықталған

15 сәуірден бастап республика аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қоқысқа белгіленбеген жерлерде қалдырып кету, сұйық қалдықтарды заңсыз төгуге жол бермеу бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр.

undefined

Акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Олардың 32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан.

Жалпы, 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 5 488 дерек ортақ пайдалану орындарын ластауға, 13 786 дерек абаттандыру ережелерін бұзуға байланысты.

Polisia.kz

0
0
333

Президент Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді осы мейраммен құттықтады.Сурет: t.me/aqorda_resmiҚұттықтаудың толық нұсқасын төменде жариялап отырмыз: Қадірлі отандастар!Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке.Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы.Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады.…

0
0
425

Бағдат Мусин қызметінен кеткеніне байланысты мәлімдеме жасады

Мусин әлеуметтік желіге жариялаған жазбасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен өзі кеткенін мәлімдепті.«Менің отставкаға кеткенім туралы соңғы жаңалықты бәріңіз естіген шығарсыздар.Ең алдымен Мемлекет басшысына маған көрсеткен сенімі және еліміздегі цифрландыруды негізгі блоктардың бірі ретінде басқаруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді.2020 жылдан бері көп нәрсе жасалды. Атқаратын шаруа әлі де көп. Қазір Қазақстанды әлемдегі цифрлық дамыған елдердің бірі деп айтуға хақымыз бар.Бұл – бірге жетілген, қиындықтарды да, ірі жеңістерді де бірге бөліскен үлкен кәсіпқой ұжымның еңбегі.Цифрлық қызметтерді енгізу мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін дамытуға атсалысып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін әрқайсыңызға алғыс…

0
0
387

Бағдат Мусин қызметінен кетті

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі орнынан алынды.

undefined

Фото: gov.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

0
0
473

Рыбакина мен Путинцева матчы: кім жеңеді?

Ертең Мадридтегі (Испания) WTA-1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық екі теннисші бір-бірімен ойнайтыны белгілі. Олар – әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина мен 50-ракеткасы Юлия Путинцева.Sportskeeda.com сайты олардың арасындағы матчтың нәтижесі қалай болуы мүмкін екеніне қатысты болжам жасады.«Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бір-бірімен жекпе-жекке керемет қарқынмен келейін деп тұр. Мадридте Рыбакина тамаша ойын көрсетумен болды. Ол әлі бірде-бір сетте жеңілген жоқ. Лена теннис добын әдемі соға білді. Ойын барысын артқы линиядан сәтті бақылай алды. Ол доп қабылдауды да жақсы игеріп, өз бетінше брейктер жасады.  Путинцева да жоғары деңгейде еді. Ол төртінші раундта турнирдің алғашқы сетінде жеңіліп қалды. Ал үш сетте қайсарлық танытып, басымдықпен жеңіске жетті.Бұл енді екі м…

0
0
488

Әскерге кетіп бара жатқандар Петропавл станциясында пойыздан түсіп, қашып кеткен

Қазір олар іздестіріліп жатыр.

undefined

Петропавлда екі жігіт жоғалып кетті. Олар Қарағанды облысындағы әскери бөлімшеге кетіп бара жатқан пойыздан станцияда түсіп қалып, қашып кеткен. Жігіттердің суреттері бүкіл өңірге жіберілді.

Бұл жағдай 27 сәуірде болыпты. Бір күннен кейін қашқындарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.   

Олар енді бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

t.me/CentralMediaNews

0
0
426

Тәжікстан Президенті Қазақстанның Премьер-министрін қабылдады

Еліміз Үкіметінің басшысы Олжас Бектеновті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады.Олжас Бектенов Душанбеге ресми сапармен барған еді. Күн тәртібінде сауда және инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік байланысы, сондай-ақ су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы қазақ-тәжік өзара іс-қимылы мәселелері тұр.Қазақстан – Тәжікстанның төртінші ірі сауда серіктесі. Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арасындағы қарқынды саяси диалог пен қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Қолда бар зор әлеуетті ескере отырып, үкіметтер алдына тауар айналымын 2 есеге – $2 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылды.Ал Тәжікстан…

0
0
432

Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.

undefined

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.

Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
459