Ақмола облысында лаңкестіккке қатысты іс бойынша сегіз адам сотталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 7 Қазақстан азаматы және 1 шетелдікті діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдастырды және оған қатысып, лаңкестікті насихаттады деген күдікпен ұстап, кейін оларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған еді.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштілік тудырған.
Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында мол көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Сотталушы адамдардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.
Ақмола гарнизондық әскери соты оларды 1 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
2024 жылғы 2 сәуірде үкім заңды күшіне енді.
