Жамбыл облысында 105 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды
Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады. Бұл туралы облыс прокуратурасындағылар хабарлап отыр.

Аталған аймақтың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны анықталды.
30.03.2024 жылы аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді.
Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
