Мазмұнға өту
Жамбыл облысы
12 жазбалар3 тіркелуші

Жамбыл облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан аймақ. 1939 жылы құрылған.

"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жастармен кездесу өтті

Меркі ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде құқық қорғау қызметкерлерімен «Заң және тәртіп – ел тұрақтылығының негізі» тақырыбында оқушылармен  кездесу өттті. Іс-шара «Заң және тәртіп» құқықтық айлығы аясында ұйымдастырылды.

0
0
149

Жамбыл облысында идеология саласы бойынша алқа мәжілісі өтті

14 қаңтарда Тараз қаласындағы «Достық үйінде» Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен идеология саласы бойынша алқа мәжілісінің отырысы өтті. Келелі кездесуге аталған салаға жауапты өңірдің барлық атқарушы билік өкілдері мен мемлекеттік емес ұйым төрағалары, қоғамдық бірлестік жетекшілері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.

0
0
129

Алдахметовтер династиясы: адал еңбек – ұрпақ аманат

Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен еңбекке негізделеді. Осы үдерісте жұмысшы жастардың рөлі айрықша. Олар өз еңбегі арқылы өндірістің алғы шебінде жүріп, мемлекеттің экономикалық әлеуетін нығайтуға үлес қосуда. Осы тұрғыда жұмысшы мамандар сабақтастығын сақтап келе жатқан еңбек династияларының маңызы зор.

0
0
126

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында жастармен дөңгелек үстел отырысы өтті

Жуалы ауданының орталық Coworking залында аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция инспекторы Д.Байдалиевтің қатысуымен «Қылмыссыз өмір – әрбір азаматтың таңдауы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

0
0
141

Еңбек адамы – ел байлығы

Қазақ халқы үшін адал еңбек пен маңдай тер – ең үлкен құрмет. Осындай еңбегімен елге үлгі болып жүрген азаматтардың бірі – мал шаруашылығымен айналысып, ата кәсіпті дамытып отырған «Байелі болыс» шаруа қожалығының төрағасы Жұмасейіт Нұрбаев. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, екі жоғары оқу орнын тәмамдаған, білімі мен тәжірибесі тоғысқан азамат.

0
0
120

«Ақылды қала»: Жамбыл облысында цифрландыру бойынша қандай жұмыстар атқарылуда

Тәуелсіздік жылдары елімізді дамытудың жаңа бағыттарына, соның ішінде цифрландыру саласына жүйелі түрде бет бұруға итермеледі. Сол бағыттағы жұмыстардың бірі – «Ақылды қала» жобаларын іске асыру. «Ақылды қалалар» құру әдістемесіне сәйкес, 2024 жылғы 13 қыркүйекте облыс әкімінің №141-өкімімен жол картасы бекітілді. Жол картасы аясында 22 негізгі және 5 қосымша жоба қарастырылған.

0
0
188

Жамбылдық мұғалім «Ақылды үй» жобасын ұсынды

Энергия ресурстарын үнемдеп, ұтымды пайдалану күнделікті тұрмыста қолға алынса, жеке отбасылық бюджетті үнемдеу арқылы тұтас елдің әлеуетін жақсартуға болады. Әрі экологияға да ешқандай зияндылық келтірмей, ауаның ластануының алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазіргі уақытта энергия тиімділігі саясаты жиі қозғалып жүр. Осы бағытта зерттеушілер «Ақылды үй» жобасын әзірлеп, қолдануға ұсынуда.

0
0
174

Қордайда кафе өртенді

Жамбыл облысында кафеден өрт шықты.

undefined

Бүгін ерте таңда Қордай ауылында бір қабатты ғимараттың шатыры отқа оранды.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт оқшауланды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

t.me/qr_tjm

0
0
350

Жамбыл облысында оқушыны әжетханада ұрып өлтірген

Оқиға Байзақ ауданында болған.Сегізінші сынып оқушысы соққыдан сұлап түскен. Тоғызыншы сыныптың баласы ұрған екен. Ауылдағылар айтып отыр. "Дыхалкадан" дөп тиген удар бір баланың өмірін қиды. "Сегіздерді" "тоғыздар" тысқа тартып, әжетхана жақта әлімжеттік жасаған деген нұсқа бар. "Греб" (түрмеге деп тиын сауу) жинаған ба, бұ жағы бұлыңғыр. Бірақ осыған ұқсас.Байзақта сыртқа салынған әжетхана әлі бар екен. Оның үстіне "ақ үйдің" айналасында камерасы жоқ. Білім басқармасының басшысы сұхбат бермеймін деді. "Оқиға орнында орынбасарым жүр" деп соған сілтеді. Ол жақта жүрген Мұхит есімді орынбасары теңіздей тасыды. "Берсе басшының өзі берсін!" деп өкпесін қолына ұстап қашты, телефонның ар жағынан. Сосын екеуі де трубка көтермеді. Ал мектеп директоры мен бір топ адам мектептің есігіне қара құлып…

0
0
432