Жастар форумы: Қазақстанның болашағы жарқын!
Халықаралық жастар күні баршаңызға құтты болсын! Бұл – мән-мағынасы ерекше мереке. Бүгін осында нағыз отаншыл, дарынды және жанашыр жастар жиналды. Түрлі кәсіпті меңгерген азаматтар бас қосып отыр. Халқымыз қашанда талапты жастарды қолдаған. «Ақыл – жастан» деп, оларға зор сенім артқан. Сіздер барлық салада белсенді түрде еңбек етіп жатсыздар. Волонтер ретінде мұқтаж жандарға көмек беріп жүрсіздер. Маңызды бастамаларға, экологиялық іс-шараларға атсалысып, қолдау көрсетіп келесіздер. Спорт, білім сайыстарында топ жарып, елдің абыройын көтеріп жүрсіздер. Осылайша, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құруға нақты үлес қосып жатсыздар. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін! Жастар форумы Павлодар қаласында өтіп жатыр. Бұл аймақ – ұлт руханиятын байытуға өлшеусіз еңбек сіңірген көрн…





