Мазмұнға өту
Алматы облысы
13 жазбалар3 тіркелуші

Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан Алматы облысы — елдегі ең әртүрлі және экономикалық тұрғыдан дамыған өңірлердің бірі. Облыс орталығы — Қонаев қаласы (бұрынғы Қапшағай).

Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды

Райымбек ауданында шекара қызметі қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Салтанатты түрде пәтер кілттері Нарынқол шекара отрядында табысталды.

0
0
1251

Облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» жолы мерзімінен бұрын жөнделеді

Алматы облысында облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» автожолының жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуда. Жұмысшылар қар түспей тұрып үлгеруге тырысуда.

0
0
796

Мәскеу мен Алматы облыстарының кәсіпкерлері Красногорскіде бизнес-форум өткізді

Красногорскіде Мәскеу мен Алматы облыстарының кәсіпкерлері қатысқан бизнес-форум өтті. Іс-шараның ашылу салтанатында Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьёв, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев құттықтау сөз сөйледі.

0
0
426

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы белсенді түрде жалғасуда

Акцияның негізгі мақсаты-қоршаған ортаны өзгерту, таза және әдемі ету. Іс-шараға қатысушылардың мақсаты экологиялық мәселелерді шешуге және табиғатты қорғауға бағытталған, бұл өмір сүруге қолайлы жағдай жасау және болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтау үшін маңызды.Іле ауданы Ақсай ауылдық округінде «Рыбацкая усадьба» көлінің жағалауын тазарту бойынша «Таза жағалау» акциясы өтті. Іс-шараға 50-ден астам жергілікті тұрғындар белсенді түрде қатысып, көлді қоқыстан тазартуға көмектесті. Тазалық жұмыстарына 1 самосвал мен 1 трактор жұмылдырылды.Акцияға қатысушылар аумақтағы көл жағалауларын қоқыстан тазарту үшін жиналды. Мұндай белсенділік экологияны жақсартуға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.Көл жағалауларын тазарту…

0
0
304

Алматы облысында кезекті көне қоныс табылды

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ археологтары арнайы жоба аясында еліміздің аумағындағы ежелгі қоныстардың орнында қазба жұмыстарын жүргізу ісін жалғастыруда.Жобаға PhD доктор Ринат Жұматаев жетекшілік етеді. Ал америкалық археолог-ғалым Клаудиа Чангтың жетекшілігімен қазіргі Алматы облысының жерінде орналасқан Белбұлақ мекені зерттелген. Ғалымдар соның нәтижесінде осы көне қоныстан бірнеше үйдің орнын тапты.Бұл жер үйсін дәуіріне тиесілі делініп отыр. Өйткені одан сол замандарға телінетін керамика сынықтары мен түрлі жан-жануардың сүйектері табылыпты.Археологтардың жазғы далалық жұмыстары өткен айдың 24-і мен осы айдың 10-ы аралығында жүзеге асырылған. Бұл шаруа келесі далалық маусымда да жалғасады деп күтілуде.Жалпы, Қазақстан аумағында ежелгі қоныстар мен қорымдар көптеп табылып жатады. Мысалы…

0
0
448

Данияр Әлпиевке алданған салымшылар Президентке үндеу жасады

«Алтын Орда» базарында салынып жатқан 3 павильон салымшылары Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшысы Данияр Әлпиевке алдандық» деген саудагерлер «Әлпиевтің әйелі мен адвокаты әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық манипуляция жасап, тергеуге әсер ету үшін түрлі айла-шарғы жасауда» деп алаңдаулы, - деп хабарлайды Dalanews.kz.Әлпиевтің әйелі Алма Әлпиева бұған дейін «әлеуметтік желіде «Алтын Орда» базарында жұмыс істемейтін және жалған салымшылар сұхбат беруде» деген болатын. Алайда бүгін құрылыс басына жиналған үлескерлер Алмагүл Әлпиеваның сөзін жоққа шығарды.«Біз «Алтын Ордадағы» құрылысқа салымшымыз. Салымшы ретінде Тоқаевқа үндеу жасаймыз. Біріншіден, Данияр Әлпиевтің әйелі бізге жала жабуды тоқтатсын. Біз жалған адам емеспіз, бәріміз салымшымыз. Екінші…

0
0
377

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты

Қайғылы оқиға түнде Алматы-Өскемен тас жолының 55-ші шақырымында болған.

undefined

Жол апатынан 5 адам көз жұмды.

Nissan Primera жүргізушісі тізгінге ие бола алмай жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылыпты. "Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмелетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді", - деп жазды POLISIA.KZ.

Осы дерек бойынша тиісті сараптамалар белгіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

0
0
701

Алматы облысында "Таза Қазақстан" акциясы жалғасын тауып жатыр

Бүгін Алматы облысының 9 ауданы мен 2 қаласында абаттандыру, көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырылды.

undefined

Облыс көлеміндегі ауқымды сенбіліктердің бірі Талғар ауданының «Қотырбұлақ» көлінің және «Ой-Қарағай» таулы курортында 200-ге жуық адамның қатысуымен өтті.

Жалпы қазіргі таңда Алматы облысының әкімдігі жыл соңына дейін “Таза Қазақстан” акциясының кешенді жоспары жасақталып, бекітілетін болады.

Бұл бір айлық науқан емес, жүйелі жұмысқа, облыс тұрғындарының экогологиялық мәдениетін артыратын негізгі бастама айналатын болады.

Жалпы, бүгінгі акцияға облыс бойынша 2 мыңнан астам адам үлес қосты.

undefined

0
0
613

ҚазҰУ дінтану, исламтану мамандарын даярлаушы ғылыми орта

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның білім беру саласының көшбасшысы болып қана қоймай, дінтану және исламтану саласына мамандар даярлауда да ерекше орын алады. Әртүрлі діни және мәдени контексттерді түсіну жаһандық қоғам үшін маңызды бола түскен дәуірде ҚазҰУ діни құбылыстарды зерттеу және талдау үшін бірегей ғылыми орта. ҚазҰУ дінтану және исламтану саласында бакалавр, магистратура және докторантура сияқты білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсынады. Бағдарламалар діни мәтіндерді, діндер тарихын, ислам философиясы мен мәдениетін терең зерттеу мен талдауға негізделген. Студенттер сыни тұрғыдан ойлауға және діни дәстүрлердің күрделі аспектілерін түсінуге мүмкіндік беретін қатаң білім алады. Университет дінтану және исламтану саласында жетекші халықаралық универс…

0
0
794

Құлжа тас жолында бүгін болған сұмдық жол апатының мән-жайы айтылды

Қайғылы оқиға Алматы-Көкпек-Көктал жолының 41-шақырымында болды.  
Mitsubishi Lancer-дің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетеді. Сөйтіп, Nissan Cefiro-мен бетпе-бет соқтығысқан. Бұл көлік қатты соққының әсерімен барып жол жиегінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5-ті соғады.

Жол апаты салдарынан Nissan Cefiro-ның жүргізушісі, Mitsubishi Lancer-дің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар белгіленді.

Көптеген көлік жүргізушілері осы Құлжа тас жолының өте қауіпті екенін айтады. Ал полиция жұртты абайлап жүруге шақырып отыр.      

0
0
658