Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде 10 телеарнаның қатысуымен жалпыұлттық телемарафон өтеді

Бүгін 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтеді.

undefined

«Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия бірінші арнасы», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетілетін шара сағат 17:00-ден басталып түнгі 22:00-ге дейін жалғасады.

Телемарафонның басты кейіпкерлері –  табиғат апаты кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар. Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар.

0
0
266

Осы тақырып бойынша