Мазмұнға өту

Жаңа

Путин XXI ғасырдың аяғына дейін өмір сүре ме?

Кеше Ресей президентінің инаугурациясы өтті. Ал президент сайлауы бұл елде биыл 15-17 наурыз аралығында (үш күн бойы!) болған еді.

undefined

Сол кешегі инаугурациядан кейін Путинге діни жоралғы жасаған Орыс православ шіркеуінің басшысы, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл оған ғасыр соңына дейін президент болып қалуды тіледі.

«Біз «ғасыр аяқталғанша» дейміз ғой. Батыл түрде айтайын, Құдай қалап, ғасыр соңы сіздің билікте болуыңыздың соңын білдірсін. Сізде отанға деген ұлы қызметті ұзақ және жемісті атқаруға керек нәрсенің бәрі бар», – деді патриарх.

Қазір дүние жүзі осы сөзді түсінбей дал болып отыр. Біз де ұқпай қалдық. Сонда Путин ғасыр соңына дейін өмір сүретін болғаны ма?  

0
0
477

2 жылдан аса уақыт бұрын жарақат алған Зарина содан бергі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымына өтті.
undefined
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 388-ракеткасы, үндістандық Рутуя Бхосалемен өткізді.
Зарина Дияс сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Зарина 2022 жылдың 18 қаңтарынан бері кортқа шықпаған еді. Сол күні Дияс Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында Елена Рыбакинадан 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6 есебімен ұтылған еді. Содан кейі жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Осылайша, 2 жыл 3 айдан кейін Зарина алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ракеткасы, оңтүстіккореялық Су Джон Чан немесе рейтингіде 358-сатыдағы аустралиялық Лизетт Кабрераның қай жеңгенімен таласады.

t.me/RRaketkasi

0
0
481

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды.

undefined

Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. 

undefined

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.
undefined
t.me/aqorda_resmi

0
0
671

Шымкентте келіншек шала туған баласын перзентханаға тастап кеткен

Оқиға кеше кешкісін болған. Әйел шақалақтың денесін Шымкенттегі №2 принаталдық орталыққа қорапқа салып әкеп, ғимарат ішіне тастап кетіпті.

undefined

Қорапқа бір тілім қағазға жазылған хат та болған. Бірақ онда не айтылғаны белгісіз.

Дәрігерлердің айтуынша, іштегі шақалақ төрт айлық кезеңге сай келеді.

Олар келіншек оны ерте толғақ келтіретін дәрі ішіп туған болуы мүмкін деп отыр.   

0
0
425

Ақтауды су басып қалды

Ақтауда нөсер жауын болып, шаһарды су алып кетті. Коммуналшылар су сору ісіне түннен бастап кіріскен.

undefined

Қала әкімі Ұлықбек Тінәлиевтың айтуынша, жұмыстар жеті жерде жүргізіліпті.

"20 мотопомпа, 7 вакуум және 40 шақты маман тартылды. Жүйелі жұмысты ұйымдастырып жатырмыз. Қалада қажетті техника жеткілікті", - дейді ол.

Шаһар тұрғындары болса, су басқан көшелердің бейнежазбаларын әлеуметтік желіде таратып, тіпті бұны қалжыңға айналдыруда.

"Еркектердің мерекесінде осындай жағдай болып қалғанына біз кінәлі емеспіз. Жігіттер, кешіріңдер", - деп күледі көлікте кетіп бара жатқан қыз.

Ескерту: видеода боғауыз сөздер бар

0
0
476

Атырау облысында құтқару, су сору және тасқынның алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр

undefined

Атырау облысы Жылыой ауданында авариялық құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.

Тәулігіне 204 444 текше метр су сорылды. Ал тасқын басталғалы 4 521 719 текше метр су сорылған.

undefined

Осы облыстың Махамбет ауданында пилотсыз ұшу аппаратымен визуалды шолу жүргізіліп жатыр. Мониторинг тұрақты негізде жүргізіліп, жағдай қатаң бақылауға алынған. Қосымша жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.

0
0
588

Арғы күні хоккейден Әлем чемпионаты басталады

Жұма күні Чехияда хоккейден Әлем чемпионаты басталады. Ол 10-26 мамыр аралығында өтпек.  Қазақстан құрамасы Прагаға 5 мамырда барып, 7 мамырда сол жерде  Ұлыбритания командасымен жолдастық матч өткізді . Бұл ойында біздің хоккейшілер 5:2 есебімен жеңіске жетті. Гол соққандар – Никита Михайлис, Аркадий Шестаков және Роман Старченко.  Енді Қазақстан командасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сайысқа түседі.Ұлттық құрама тізімі мынадай:Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»);Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы - «Барыс») Артём Королёв, Мәди Диханбек (екеуі - «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал», Ресей), Валерий Орехо…

0
0
517

Президент елді Отан қорғушылар және Жеңіс күндерімен құттықтады

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты.Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, осы екі мейрам жауынгерлік дәстүрдің сабақтастығын паш ететінін, батыр бабаларымыздың даңқты жолын қазір өскелең ұрпақ жалғастырып келе жатқанын атап өтті."Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де қастерлі Отанымызды қорғауға дайын. Ерлік майданда ғана жасалмайды. Ерлікке бейбіт заманда да орын бар. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қатер төнген…

0
0
611

Байжанов соңғы сөзінде не айтты?

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында "қылмысты жасырды" деп айыпталған Бақытжан Байжанов та соңғы сөзін айтты.

undefined

Ол қылмысты жасырса, өзін ешқашан кешірмейтінін жеткізді.

"Мен білген жоқпын, ант етемін. Егер білсем, осы әрекеттердің бірде бірін жасамайтын едім. Менің әрекеттерім қылмысты жасыру ретінде қабылданатынын түсінбек түгілі болжаған да жоқпын. Егер мен шынымен саналы түрде жантүршігерлік қылмыстың ізін жасыруға көмектессем, онда мен өзімді қорғамайтын едім, өз-өзімді кешірмейтін едім", - деді Байжанов.

0
0
520