Ақтауды су басып қалды
Ақтауда нөсер жауын болып, шаһарды су алып кетті. Коммуналшылар су сору ісіне түннен бастап кіріскен.

Қала әкімі Ұлықбек Тінәлиевтың айтуынша, жұмыстар жеті жерде жүргізіліпті.
"20 мотопомпа, 7 вакуум және 40 шақты маман тартылды. Жүйелі жұмысты ұйымдастырып жатырмыз. Қалада қажетті техника жеткілікті", - дейді ол.
Шаһар тұрғындары болса, су басқан көшелердің бейнежазбаларын әлеуметтік желіде таратып, тіпті бұны қалжыңға айналдыруда.
"Еркектердің мерекесінде осындай жағдай болып қалғанына біз кінәлі емеспіз. Жігіттер, кешіріңдер", - деп күледі көлікте кетіп бара жатқан қыз.
Ескерту: видеода боғауыз сөздер бар
