Мазмұнға өту
Маңғыстау облысы
12 жазбалар3 тіркелуші

Маңғыстау облысы – Қазақстанның қиыр оңтүстік-батысында орналасқан аймақ. 1973 жылы Маңғышлақ облысы болып құрылған. 1988 жылы таратылып, 1990 жылы тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайтадан облыс болып құрылды.

Ақтау қалалық полиция басқармасы бір жылдық жұмысын қорытындылады

Ақтау қаласының полиция басқармасында есепті кезеңдегі жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Жиынға Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшысы Сағындық Аяғанов қатысып, өңір орталығындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік жағдайына талдау жасады. Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңес барысында департамент басшысы қаладағы жедел ахуалға баға беріп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы негізгі басымдықтарды айқындады. Сондай-ақ, полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамына нақты міндеттер жүктеді.

0
0
108

Маңғыстауда жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді

Маңғыстау облысында жылыту маусымында өрт қаупінің алдын алу бағытындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өрттің алдын алу мақсатында «Өрт қауіпсіздігінің бірыңғай күні», «Өрттен сақтан», «Қауіпсіз қазандық» тақырыптарында профилактикалық акциялар ұйымдастырылды.

Маңғыстаулық мұғалімдер республикалық байқауда жүлделі орын алды

Маңғыстаулық педагогтар Алматы қаласында өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауына қатысып, жүлделі орын алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

0
0
110

Ақтауда Сенат депутаттары өңір дамуына қатысты ұсыныстарды талқылады

Маңғыстауда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров өңірлік және қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

0
0
108

Сенат депутаттары Маңғыстаудағы су инфрақұрылымын дамыту жобаларымен танысты

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров Маңғыстауға іссапары аясында өңірдегі су инфрақұрылымын дамыту жобаларының жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Сапар барысында сенаторлар алдымен «МАЭК» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

0
0
103

Маңғыстауда «Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды

15 желтоқсан күні «Таза Маңғыстау» 45 күндік әлеуметтік-экологиялық челленджінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, қатысушыларды құттықтады. Челлендж Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылып, өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталды. Салтанатты шара барысында облыс әкімі экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталып, тұрғындардың белсенділігін ерекше атап өтті.

0
0
104

«Таза Қазақстан»: Облыс әкімі жаңа қоқыс шығару техникаларымен танысты

15 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданында «Zero Waste Aktau» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару үшін арналған жаңа арнайы техникаларының таныстырылымына қатысты. Іс-шара барысында Ақтау қаласының әкімдігі мен «Zero Waste Aktau» ЖШС арасында қалдықтарды жинау және шығару қызметін жаңғыртуға бағытталған келісімшарт жасалғаны айтылды. Келісім аясында қала аумағы заманауи еуро-стандартқа сай контейнерлермен және арнайы техникалармен кезең-кезеңімен жабдықталуда.

Ақтауда МАЭК кәсіпорнына 20 автобус табысталды

12 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «МАЭК» ЖШС-не 20 дана заманауи үлгіде жасақталған автобус кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Yutong маркалы көліктер заманауи жабдықтармен қамтылған: кондиционерлер, қуатты жылыту жүйелері, бейнебақылау камералары және жайлы орындықтар орнатылған. Әр автобустың сыйымдылығы – 39+1 орын.

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік жаза қолданылды

14 тамызда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қыхмет істері агенттігінің Маңғыстау өңірі бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.Жиынды Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасының міндетін атқарушы Дариға Кесікбаева жүргізді. Басқосу барысында күн тәртібіне сәйкес, 4  мәселе қаралды.-2023 және 2024 жылдың 6 айының қорытындылары бойынша Қарақия ауданы әкімі аппараты және оған қарасты дербес мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы туралы аудан әкімі аппараты басшысының есебі, мемлекеттік органдардыңтәртіптік комиссияларын…

0
0
309