Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Путин XXI ғасырдың аяғына дейін өмір сүре ме?

Кеше Ресей президентінің инаугурациясы өтті. Ал президент сайлауы бұл елде биыл 15-17 наурыз аралығында (үш күн бойы!) болған еді.

undefined

Сол кешегі инаугурациядан кейін Путинге діни жоралғы жасаған Орыс православ шіркеуінің басшысы, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл оған ғасыр соңына дейін президент болып қалуды тіледі.

«Біз «ғасыр аяқталғанша» дейміз ғой. Батыл түрде айтайын, Құдай қалап, ғасыр соңы сіздің билікте болуыңыздың соңын білдірсін. Сізде отанға деген ұлы қызметті ұзақ және жемісті атқаруға керек нәрсенің бәрі бар», – деді патриарх.

Қазір дүние жүзі осы сөзді түсінбей дал болып отыр. Біз де ұқпай қалдық. Сонда Путин ғасыр соңына дейін өмір сүретін болғаны ма?  


0
0
427

Осы тақырып бойынша

Путин XXI ғасырдың аяғына дейін өмір сүре ме? - Yvision.kz