Мазмұнға өту
Шынықсаң, шымыр боларсың
28 жазбалар3 тіркелуші

Париж Олимпиадасында еліміздің намысын 25 спорт түрінен 80 адам қорғайтын болды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады.Фото: olympics.comМинистр Мемлекет басшысына Қазақстан спортшыларының Франция астанасында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиадаға дайындығы жайында есеп беріп, лицензиялық жарыстардың қорытындысы туралы баяндады.«Қазақстан 25 спорт түрінен 92 жолдама иеленді. Парижге 80 спортшы барады. Министрлік тарапынан спортшыларға жасалып жатқан жағдайлар, спортшылардың жеке жоспары, Олимпиада формасы туралы айтылды. Президентке ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары жайында ақпарат берілді», – деді Ермек Маржықпаев Президент қабылдауынан шыққаннан кейін.Фото: t.me/aqorda_resmiАйта кетейік, өткен аптада жазғы ойындарда Қазақстан туын кімдер алып шығатыны мәлім болған еді. Бұл мәртебелі істі Парижде…

0
0
552

Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогында 27 медальді ұтып алып, екінші орынды місе тұтты

Алматыда дзюдодан жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтті.

Фото: olympic.kz

Бұл жарысқа 9 командадан 355 спортшы қатысқан.

Онда еліміздің құрамасы 27 медальді жеңіп алды. Олардың ішінде 6 алтын, 7 күміс, 14 қола жүлде бар. Бірақ Қазақстанға өз жерінде өткен сайыста екінші орын бұйырды. Ал бірінші орынды бізден екі артық медальмен Өзбекстан алды. Олардың қанжығасында 6 алтын, 7 күміс, 16 қола кетті.

3 алтын, 2 күміс медаль алған Моңғолия үшінші орынға табан тіреді.

Дереккөз: meta-ratings.kz

0
0
404

Рыбакина Ролан Гарростың төртінші айналымында жеңіске жетті

Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты.

undefined

Фото: © AP Photo

Рыбакина төртінші айналымда украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық теннисші 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль үшін ойындағы кеткен есесін қайтарды.
Елена жартылай финалға шығу үшін ресейлік Элина Аванесян және италиялық Ясмине Паолини жұбының қай жеңгенімен кездеседі.
Елена биылғы Франция ашық чемпионатында қарсыластарына әлі бірде-бір сет бермеді.

t.me/RRaketkasi

0
0
422

«Қазақ, сен соғуың керек!» Орыстың «Зенитіне» шешуші голды қазақ салып берді

Футболдан Ресей кубогының ақтық сайысы кеше өткен еді. Онда калининградтық «Балтика» мен санкт-петербургтік «Зенит» ойнады.Фото: fc-zenit.ruЖалпы, Ресей кубогында осы елдің өз футболшыларының ешқайсысы гол соққан жоқ. «Балтика» үшін бразилиялық Алекс Насименто Фернандес, ал «Зенит» үшін тағы да бразилиялық Нино мен қазақстандық Нұралы Әліп соқты. Сөйтіп, 2:1 есебімен «Зенит» жеңіп, кубокқа ие болды.Бұл жерде, әсіресе, Нұралының салған голы біразға дейін жыр болатын сияқты. Олай деуге біраз себеп бар.Біріншіден, ол финалда допты қақпаға қосымша берілген уақыттың соңғы минутында баспен соғып кіргізді. Екіншіден, комментатор «Қазақстан гол соқты! Қазақстан гол соқты! 2:1!» деп айғайлады. Үшіншіден, бапкер Александр Анюков кеше оған: «Қазақ, бұл – маусымның соңғы матчы. Сен гол соғуың керек»…

0
0
434

ӘЧ-2024: Қазақстан өзінің соңғы матчында Польшаны жеңді

Чехияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Польша командасын тура алғашқы матчтағыдай есеппен жеңді.

undefined

Бұл Қазақстанның осы чемпионаттағы соңғы матчы еді. Есеп біздің хоккейшілердің пайдасына 3:1 болды.

Шайба салғандар - Никита Михайлис, Валерий Орехов және Роман Старченко.

Сонымен статистика мынадай:

0:1 - Валега (Лищарчик, Брык) - 09:11
1:1 - Михайлис (Шестаков) - 12:35
2:1 - Орехов (Михайлис, Данияр) - 50:20
3:1 - Старченко - 54:25
Бұған дейін еліміздің құрамасы АҚШ (1:10), Германия (2:8), Швеция (1:3), Латвия (0:2) және Словакиядан (2:6) ұтылса, бірінші матчта Францияны (3:1) жеңді.

0
0
464

«Мені секс-құлдыққа сатпақ». Қазақстандық UFC ойыншысы мәлімдеме жасады

Қазақстандық жекпе-жек шебері Мария Агапова АҚШ-та қиын жағдайда тап болыпты. Ол далада қалатын түрім бар деп отыр.  «Бір аптадан кейін үйсіз қалатын шығармын. Сіз таңғалдыңыз ба? Ал мен таңғалмадым. Бұл – менің Америкадағы классикалық өмірім. UFC жекпе-жегінің алдында үйсіз қалу. Бұл деген классика! Келесі аптада мен үйсіздерге арналған баспана іздеймін. Өйткені адамдарға сенуден қалдым. Пәтер жалдауға ақшам болмағандықтан, енді көрінген жерде тұра беремін. Адамдар мені пайдаланып отыр. Олар менің жеке шекарамды, жеке өмірімді елеп-ескеріп жатқан жоқ. Тіпті сыртымнан мені секс-құлдыққа сатуға тырысуда. Пайдалануды емес, қол ұшын созуды көздейтін паналау орындарын, қайырымдылық ұйымдарын кім біледі? Маған жазып жіберіңіздерші. Флорида штаты», – деп жазды Мария Instagram-дағы сторизін…

0
0
469

ӘЧ-2024: қазақстандық хоккейшілер АҚШ құрамасынан да ойсырай жеңілді

Мұның алдында біздің хоккейшілер Германиядан 2:8 есебімен ұтылған еді.

"Хоккейден ӘЧ-2024-те ең үлкен жеңіліс Германиядан болды деп ойладық-ау... Бірақ олай болмады. АҚШ-тан 1:10 есебімен ұтылдық. ӘЧ-2024-тегі соңғы матчымыз Польшамен өтеді. Ол 20 мамыр сағат 23:20-да басталады. Тіркеуімізді сақтап қалу үшін шайқасамыз. Қаламыз ба?" - деп жазған t.me/sportilinet.

Негізі, Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстан жеңіспен әдемі бастап еді...

0
0
518

ӘЧ-2024: Чемпионатты жеңіспен бастаған біздің хоккейшілер енді жеңілістен көз ашар емес

Қазақстан құрамасы бұл жолы Швеция командасынан ұтылып қалды.

undefined

Есепті «Миннесота» шабуылшысы Маркус Юханссон ашты. Швеция тарапынан екінші шайбаны Линус Юханссон еш қиындықсыз сала салды. Ал «Сан-Хосе» шабуылшысы Фабиан Зеттерлунд өз командасына үшінші голды сыйлады.

Қазақстан болса, қорғаушы Әділ Бекетаев салған бір шайбамен шектелді.

Сөйтіп, есеп Швецияның пайдасына 3:1 болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Францияны 3:1 есебімен жеңгенде, бөркімізді аспанға атып қуанып едік. Бірақ ол қуанышымыз ұзаққа бармады. Одан кейін Латвия (0:2) мен Словакиядан (2:6) ұтылып қалдық.
Қазақстанның алда үш матчы бар:
17 мамыр, 19:20
Германия - Қазақстан


19 мамыр, 19:20
АҚШ - Қазақстан


20 мамыр, 23:20
Қазақстан - Польша

0
0
443

Қазақ қызы тарихта тұңғыш рет әлемнің ең биік шыңы Эверестті бағындырды

undefined

Анар Бурашова теңіз деңгейінен 8 848 метр биіктікте орналасқан шыңға бес тәулік бойы өрмелеген. Оған атақты альпинист Мақсұт Жұмаев жолсерік болыпты.

undefined

«Kazakh Everest Team» командасы әлемнің ең биік нүктесінде еліміздің көк туын желбіретті. Енді қайтадан төмен түсу үшін альпинистер тынығып жатыр екен. Күш-қуатын жинап, әл-дәрменін қалпына келтіргесін ақырындап төмен ылдилайды. Эверестке шығу да түсу де қиын әрі қауіпті. Соған қарамастан Мақсұт Жұмаев осы шыңды үшінші рет бағындырып отыр.

Диас Нұрақынның жазбасы

0
0
781

ӘЧ-2024: Қазақстан Словакиядан жеңіліп қалды

Чехияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында бүгін Қазақстан Словакия құрамасымен ойнады.

undefined

Бұл жолы ойсырата жеңілдік. Есеп Словакияның пайдасына 6:2 болды.

Гол соққандар:
1:0 - Поспишил (Немец, Слафковски) - 11:54
2:0 - Фашко-Рудаш (Кох, Сукель) - 12:28
3:0 - Сукель (Фашко-Рудаш, Гайдош) - 17:56
3:1 - Әсетов (Данияр, Мұхаметов) - 23:02
4:1 - Гудачек - 28:28 Буллит
5:1 - Поспишил (Гудачек) - 41:18
6:1 - Цингель (Гудачек) - 45:06
6:2 - Өмірбеков (Михайлис, Данияр) - 51:05

Айта кетейік, кеше біздің хоккейшілер Франция құрамасын 3:1 есебімен жеңген болатын.
Қазақстан келесі ойынды 14 мамырда Латвия құрамасымен өткізеді. Матч сағат 19:20-да басталады.

0
0
530